Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кәсіби желілік қоғамдастық мұғалімдердің кәсіби шындалуының ең кермет жолы. -

Кәсіби желілік қоғамдастық мұғалімдердің кәсіби шындалуының ең кермет жолы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1808 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО, Түркістан қаласы,
№ 20 жалпы орта мектеп,
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Азимова Дильфуза Нуритдиновна
Кәсіби желілік қоғамдастық мұғалімдердің кәсіби шындалуының ең кермет жолы.
Білім беру жоғары сапасына жеткен елдердің бағдарламалары мен жұмыс істеп, қалалық білім бөлімі мұғалімдерінің бір қатары деңгейлі курстарды бітіріп келгеніне екі жылдай уақыт болды. Заман өзгеруіне жаһандану үдерістері жетіліп, инновациялық үдерісте жоғары қарқын мен дамуы, білім беру жүйесінің алдына көптеген жаңа міндеттер жүктеді. Дамудың озық сипатына талпынып, оқыту барысында жақсы жетістіктерге қол жеткізу үшін, бір жыл бұрын Түркістан қаласындағы деңгейлі курстарды бітіріп келген мұғалімдер желілік кәсіби қоғамдастық құрған болатын. Желілік кәсіби қоғамдастық мүшелері өздерінің курстан алған білімдері мен бөлісіп, өз үйренгендерін көрсетіп 2014 жылда талай коучинг сессиялар, шеберлік сыныптар, семинарлар өткізіп, тәжірибелер, пікір алмасып бірталай жұмыстар атқарған. Ол жұмыстар баспа сөз бетінде үзбей басылып шыққан. Биылғы 2014- 2015 оқу жылынан бастап, осындай кәсіби қоғамдастық отырыстары, семинарлары тағы да жаңа қарқынмен іске кірісті. Түркістан қаласы мектептерінде осындай жиындар әр тоқсан сайын өтіп, мұғалімдердің кәсіби шыңдалуына септігін тигізуде. Атап айтар болсақ, №20 жалпы орта мектебінде 2-3 рет ұйымдастырылып, әсерлі жұмыстар атқарылды. Азимова Дильфуза Нуритдин қызының бастауымен көп жақсы пікірлер жинақталып, баспа сөзде жарық көрді. Азимова Дильфузаның жеке бағдарламасындағы мектепке өзгеріс еңгізу үдерісін тұрақтандыру, түрлі желілік қоғамдастықтар мен ынтымақтастық орнату, оқыту мен оқуда жаңа әдіс тәсілдерді қолдану, проблемаларды кәсіби қоғамдастық арқылы талқылау, жақсы нәтижеге жету жолдарын қарастыру, осы қоғамдас мұғалімдердің қолдауымен пікірлері шыңдалып, зерттеулері сарапталып, талданып, дамып, білімнің біліктілігінің маңызды құралына айналғанын аңғарды. Тілеубаева Алтын "Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер" тақырыбында шеберлік сынып өтіп, керемет әсер қалдырды. Одан басқа қазақ тілі мұғалімі Өсерова Тұрсынайдың мамандарға арнап өткен коучинг семинар сабақтары сындарлы оқыту теориясына негізделген Назарбаев зияткерлік мектебінің іс-тәжірибелерінің маңызын кәсіби қоғамдастық мүшелеріне жеткізу мақсатына жетті. Мектеп директорларының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарларына арналған қалалық семинар өтіліп, деңгейлік курсты бітірген мұғалімдер, коучинг және шеберлік сыныптар өтіп белсенділік танытты.
Жуырда №9 Некрасов атындағы мектеп гимназиясында Гулнара Тураханқызының қолдаумен кәсіби желілік қоғамдастығы ұйымдастырылып, өте маңызды мәселелер ортаға салынып, талқыланды. Желілік кәсіби қоғамдастық мүшелері өз тұжырымдарын ашық айтып, пікір алмасты. Порталға кіру бойынша біраз сұрақтарға жауап табылды.
№21 жалпы орта мектебінде кәсіби қоғамдастық отырысы болып, онда Исраилова Майра дарынды оқушылардың жеткен жетістіктерін көрсетті, ата-аналардың пікірлерін, идеялармен бөліскенін тыңдаудың сәті түсті. Болашақта жақсы білім беруде озық бағдарламалардан пайдалану қалай тиімді болатынын талқыладық. Әр бір дарынды оқушының ата-анасының тәлім тәрбиедегі тәжірибелерін барлық мұғалім ынтыға тыңдады. Кейбір пікірлерді қойын дәптерлеріне жазып алып оттырды. Осыған айтатын шығар: "Ғасыр өмір сүрсең -ғасыр оқып үйрен", деп. Түркістан қаласында желілік кәсіби қоғамдастықты қолдап, мектеп ұжымын қолдап, сабақ өткен алғашқы директор Сералиева Жанат апайдың сабағы қоғамдастық мүшелерінде ұмытылмас әсер қалдырды. Кәсіби оқыту қоғамдастығының жұмысы мұғалімдердің ынтымақтастығын және де арттырды. Кәсіби өсу құралына айналды деуге де болады. Желілік кәсіби қоғамдастық төмендегідей тұжырымға келген еді. Қоғамдастық мүшелерінің пікірін тыңдап, ішінен тиімдісін таңдап алу, озық идеяларды тиімді жұмыс істейтін кәсіби қоғамдастық мүшелері өз тәжірибелерінде қолданып, басқа мұғалімдерге коучинг сабақтарында жеткізу, педагогика дағдылары мен білікті үздіксіз жақсарту мақсатында өзгерістерді кәсіби қоғамдастық мүшелірі кеңінен жұртшылыққа жариялап, түсіндіруі қажет. Теңсіздікке жол бермеу үшін, әр бір оқушыны назардан тыс қалдырмай, топтық сабақтарда көп көңіл бөліп, құрбылары жетелей отырып, білім алуға жұмылдыруы қажет деп таптық. Ғаламтордан озық тәжірибелерді алып, оны да ендіру АКТдан өте тиімді пайдалануды мақсат етіп қойдық. Осы тәжірибелерді оқушылардың кері байланыстарынан алынған материалдар мен толықтыра отыруды және оқушылардың оқу үдерісіне жұмылдыруын күшейту , сабақ беруді жақсарту, оқу материалын нақты қажеттілік пен және қызығушылықпен өрнектеп өту анағұрылым жақсы нәтижелерге әкелетініне жұртшылықтың көзін жеткізуді мақсат етіп қойдық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.