Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кәсіпорынның жұмысшыларының еңбекақысына байланысты міндетті зейнетақының, жеке табыс салығының,әлеуметтік салықтың,әлеуметтік сақтандыру тө -

Кәсіпорынның жұмысшыларының еңбекақысына байланысты міндетті зейнетақының, жеке табыс салығының,әлеуметтік салықтың,әлеуметтік сақтандыру тө

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1436 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№ 46 орта жалпы білім беретін мектебінің
Информатика пәнінің мұғалімі
Бузаубакова Динара Кениспековна

Кәсіпорынның жұмысшыларының еңбекақысына байланысты міндетті зейнетақының, жеке табыс салығының,әлеуметтік салықтың,әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің есебін жүргізу жүйесін жасау
Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында шаруашылық субъекті қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес шаруашылық субъектісі басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастыруына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. “Бухгалтерлік есепке алу” заңының талаптарына сәйкес субъектінің басшысы өз қажеттеріне сай келетін есепке алу жүйесін бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есепке алу жұмысының көлеміне қарай:
1. Құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызметті құра алады.
2. Бухгалтерлік есепке алу ісін жүргізуде шарттық негізде мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға немесе маман бухгалтерге бере алады.
3. Бухгалтерлік есепке алуды тікелей өзі жүргізе алады. Сонымен қатар шаруашылық басшысы есеп жұмыстарын ұйымдастыруға толық жауапты. Сондықтан шаруашылық субъектісінің басшысы қаржылық басқару есебін ұйымдастыруды толық меңгере білулері тиіс.
1997 жылдың 1 қаңтарынан барлық субъектілер жаңа бухгалтерлік стандартқа көшті. Бұл стандарттың бұрынғы нұсқаулардан айырмашылығы ол есеп жұмысын түрлі нұсқаларда жүргізе алатындығында.
Кез келген субъект шаруашылық операцияларды бухгалтерлік шоттар көмегімен жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 18 қарашадағы №6 қаулысында бекіткен (1997 жылы 10 қаңтардағы №8 қаулысы бойынша өзгерістер енгізген) бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары қарастырылған. Бұл шоттар болған шаруашылық операцияларды көрсету тәртібін анықтайтын нормативтік шот болып табылады. Сондықтан нарықтық қатынастарға көшу арқылы қандай қызметпен шұғылданса да, олардың өз өндірісінің нәтижесінде жауапкершілігі күшейіп келеді. Осыған байланысты әр кәсіпкер өзінің қолында бар мүмкіншіліктерін ұтымды пайдалану арқылы табысты молайту жолдарын іздеуде. Бұл ізгі ниетке жету үшін тек мақсат қою немесе әдеттегі қара күш пен пысықтық аз. Ендігі жерде өндірістік кооперативтің қай мәселесі болса да экономикалық тұрғыдан болжап отыруды есептеуді және бағалауды керек етеді. Яғни әркімге экономикалық білім, оның ішінде есеп қажет.Қандай шаруашылық субъектісі болмасын, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбекақы болып саналады. Яғни барлық субъектілерде міндетті түрде еңбекақы есептелінеді. Менің жұмысыма «Кәсіпорынның жұмысшыларының еңбекақысына байланысты міндетті зейнетақының, жеке табыс салығының,әлеуметтік салықтың,әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің есебін жүргізу жүйесін жасау» тақырыбын таңдап алу себебім, өйткені бүгінгі таңда еңбекақы мәселесі тек экономикалық және әлеуметтік емес, сонымен қатар, жеке адамдардың да күрделі мәселелерінің бірі. Жалпы еңбекақы мөлшері жұмыскерлердің тек физиологиялық қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге оның кәсіптік білім алуына, жанұясын асырауына, адамның басқа да көптеген жалақының ең төменгі деңгейі жұмысшы қызметкерлердің жай ұдайы өндіруін қамтамасыз етуі, яғни жұмыс күшін қалпына келтіруге жететіндей маманда болуы керек.
Берілген жұмыстың объектісі болып шаруашылық субъектілерде қызмет жасайтын қызметкерлердің, жұмысшылардың еңбекақысы, ал субъектісі ретінде жұмыс күшін жалдайтын шаруашылық кәсіпорындар болып табылады.
Бұл жұмысымның мақсаты – зерттеу объектісі ретінде алынған еңбекақы төлеудегі салықтармен төлемдерді, атап айтқанда міндетті зейнетақы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік сақтандыру төлемдерін есептеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып, талдап, оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.
Бұл жұмыс келесі ұйымдық-құқықтық негіздерге сүйенеді: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, “Салықтар және бюджетке төленетін басқадай міндетті төлемдер туралы”, Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодекс), Қазақстан Республикасының 10.12.1999 жылғы “Қазақстан Республикасы еңбек туралы” Заңымен сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақпараттық жүйенің объектісі болып шаруашылық субъектілерде қызметжасайтын қызметкерлердің, жұмысшылардың еңбекақысы, ал субъектісі ретінде жұмыс күшін жалдайтын шаруашылық кәсіпорындар болып табылады. Бұл ақпараттық жүйе Microsoft Office Access, Delphi және Macromedia Flesh бағдарламаларымен «Кәсіпорынның жұмысшыларының еңбекақысына байланысты міндетті зейнетақының, жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, әлеуметтік сақтандыру төлемдерініңесебін жүргізу жүйесін жасау» деген атпен еңбекақы төлеуді ұйымдастыру бағдарламасын құрдым. Мұнда негізгі мәзір төрт бөлімнен тұрады.Олар:

1– сурет. Бағдарламаның негізгі мәзірі.
Ең алдымен бағдарламамен жұмыс жасау үшін Файл → Тіркелу мәзірін орындап, Тіркелу формасына Құпия сөздіенгіземіз.

2– сурет. Тіркелу формасы.
Еңбек ақыны есептеу түсінікті болуы үшін біз осы бағдарлама бойынша «Анықтама» мәзірінің ішінен «Бөлімдер» мәзірін таңдаймыз 3- сурет).

3– сурет. Анықтама бөлімі.
«Бөлімдер» мәзіріне белгілі бір мекемелерді енгіземіз. Біздің жағдайда олар «Әкімшілік», «Банк» және «Университет». Кәсіпорын бөлімдерін енгізу.Бөлімдер мәзірінде әр мекеменің қызметтері көрсетілген.
Кезекті мәзір ол «Жеке тұлғалар». Мұнда кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлер туралы мәліметтер жезылған. Терезенің жоғары жағындағы құрал саймандар тақтасындағы батырмасы арқылы біз кәсіпорынға жаңадан жұмысқа алынған қызметкердің мәліметерін енгізе аламыз, яғни «Жеке тұлғаларды жаңадан енгіземіз». батырмасының көмегімен енгізілген мәліметтерді өзгерте аламыз. батырмасы жояды (4- сурет).

4– сурет. Жеке тұлғалар.

5– сурет. Жеке тұлғаларды енгізу.
Келесі мәзір «Жұмыс күндері». Мұнда әр айда қанша жұмыс күні бар екені енгізіледі. Қызметкерлердің айлық жалақысы, жұмыс істеген айдың жұмыс күніне байланысты есептелінеді.Келесі мәзір «Регламенттік көрсеткіштер». Мұнда қызметкерлерге белгіленген окладтан ай сайын алынып отыратын салықтар мен төлемдер енгізілген.Құжаттар бөліміндегі «Жұмысқа қабылдау» мәзірі белгілі бір кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде қолданылады. Ең алдымен Бөлімін таңдаймыз. - түймесін басу арқылы керекті бөлімге қызметкер қабылдаймыз. - батырмасын басу арқылы жұмысқа қабылданған қызметкердің қызметке алынған күнін, бұйрығын, қызметін, оған белгіленген окладын көре аламыз. Сондай ақ бұл жерде жазылған мәліметтерді өзгерте аламыз. Экологиялық проблемелары бар аймақтарда жұмыс істейтін қызметкерлердің айлықтарына белгілі мөлшерде үстеме ақша беріледі. Біздің жағдайда Түркістан қаласындағы экологиялық төлем 20%-ды құрайды. Мәліметтерді енгізіп болған соң жұмыстың соңында пернесін басамыз (6 - сурет).

6– сурет. Жұмысқа қабылдау.
Еңбекақыдан ұсталынатын салықтар мен төлемдер.
Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар.Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнетақы төлемдері, жеке табыс салығы,әлеуметтік сақтандыру немесе төлем, әлеуметтік салық ұсталымдары ұсталады.
Міндетті зейнетақы төлемдері – Қазақсатн Республикасының салық кодексінің ІІІ-ші тарауы 156 бабы. Міндетті зейнетақы төлемдері әрбір қызметкерлердің еңбек ақысынан әлеуметтік жеке коды бойынша аударылады. Еңбеккерлердің жалақысынан, сыйлығынан, қосымша төлемдерінен, үстемесінен және басқа да табысынан 10% мөлшерде ұсталынады және оны жұмыс беруші аталған қорға аударады (7- сурет).
1. Мысалы: жұмысшаға 90000тг еңбек ақы беріледі. Яғни төменгі жалақы =90000*0,1=9000тг.
Дт Кт Сумма
3350 3220 9000
2. Жеке табыс салығы = қызметкерлерге есептелген еңбек ақысы – зейнетақы суммасы – ең төменгі жалақы*10%
ЖТС=(90000-9000-14952)*(10%)=6604тг
14952 – ең төменгі жалақы (9- сурет).
Дт Кт Сумма
3350 3220 6604
Міндетті зейнетақы және жеке табыс салығын есептеу.
Қорытындылай келе, кәсіпорынның жұмысшыларының еңбекақысына байланысты міндетті зейнетақының, жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың,әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің есебін жүргізу жүйесі жасалды. Қазір де қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс жабдықтарына түрлі меншіктер мен қатар кооперативтер орын алуда және олардың дамуына Қазақстан Республикасының меншік туралы заңдары арқылы кең өріс ашылудабіздің міндетіміз – еңбек есебін үздіксіз жетілдіріп отыру және осы арқылы, шаруашылық субъектінің экономикасын күшейту, осы арқылы, халық әл-ауқатын арттыру. Сөйтіп осы күнгі экономикалық тығырықтан шығу. Ол үшін еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, есеп жұмыстарының ең алдындағы озық тәжірибелерін пайдалану болып табылды.
Пайдаланылғн әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995жылғы 24 сәуірдегі “Салық және бюджетке төлейтін міндетті төлемдер туралы” заң күші бар жарлығы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1 қаңтардағы ″Бухгалтерлік есеп туралы″ заң күші бар жарлығы.
3. Примеры программирования в Delphi. Изд.2 + CD.
4. Диго С.М. Проектирование баз данных. – М.: Финансы и статистика, 1998.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.