Меню
Назад » » »
Күз
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы
«Бөбек» балалар бақшасы

Көркем әдебиет

«Қарлығаш» ересектер тобы
Тәрбиеші: Жусипова Г.Ж

Шәмші ауылы - 2013
Ұ.О ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Білім беру саласы: Қатынас; Әлеумент; Шығармашылық.
Білім беру бөлімі: Көркем әдебиет. қоршаған ортамен таныстыру,сурет, жапсыру
Тақырыбы: "Күз" Н.Әлімқұловтың өлеңін жаттау
Мақсаты:
1. Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. "Ерте" және "кеш" түсетін күз туралы түсінік беру.
2. Күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкөністер жинар мезгіл екенін күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп оны қорғай білуге тәрбиелеу.
3. "Күз" Н.Әлімқұловтың өлеңін жатқа айтуға үйрету. Сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуге машықтандыру, ой-өрісін дамыту.
Меңгерілетін сөздер: Алтын күз, күздің сыйы, береке, байлық.
Әдіс - тәсілдер:Сахналау, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: "Күз" бейнесінің суреттері, жемістер мен көкөністердің суреттері, муляждары, жапырақтары. Дәнді дақылдар: бидай, жүгері, күріш.

Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Армысың алтын күн,
Армысың асыл же,
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым,
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым бос.
- Балалар әрбір арайлап атқан таңымызға, келген жаңа күнімізге қуанайық. Онда барлығымыз келген қонақтарға қуанышымызды білдірейік.
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша
Балалар шеңберде тұрып, жылы лебіздерін айтады.

Балалар бәрі бірге өлең жолдарын қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік - Балалар бүгін аптаның нешінші күні.
- Жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Айларын атаңдар.
- Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
- Дұрыс айттыңдар. Балалар біз күз мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?
- Қанекей кім айтады?
Қуаныш: Түсіп жатыр аулада
Ағаштардан жапырақ
Алтын күзім келді ме
Сарғайыпты жапырақ
- Тағы қандай тақпақ білесіңдер?
Күзгі жапырақтар
Алтын сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Қ.Шаңғытбаев
- Жарайсыңдар, балалар енді маған айтыңдаршы "Күз байлықтары" дегенді қалай түсінесіңдер?
- Дәнді дақылдардеген не?
"Қай ағаштың жапырағы?" ойыны
Ойын шарты: Стол үстінде әр түрлі ағаштардың жапырағын қойып балалардан қай ағаштың жапырағы екенін сұрау.
- Балалар, біз неге "Алтын күз" деп атаймыз?
Сергіту сәті:
Жел улейді у-у-у.
Құйын келіп билейді зу-зу-зу.
Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду
-Жарайсыңдар, балалар енді мен сендерге Н.Әлімқұловтың "Күз" өлеңін оқып берейін,содан соң өлеңді жатқа айтып үйренеміз.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Өлең оқылып, мазмұны ашылады, жаттатылады.
Тосын сәт "Бағбан ата"
-Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Балалар, мен бау-бақшаларды аралап жүріп,мына алтын жапырақтарды көріп қалдым. Қарасам, жәй жапырақ емес екен. Сендер осы жапырақтардағы тапсырманы орындай аласыңдар ма?
- Балалар атайға көмектесеміз бе?
- Олай болса алтын жапырақтардағы тапсырмаларды орындайық.( балаларды 3 топқа бөліп, тапсырмаларды оқу)
1- топ:"Күз" бейнесін жапсыру. Түсті қағаздардан күз мезгіліне байланысты бейнелерді қиып жапсыру (күн,ағаш,жапырақ,бұлт,құстар)
2-топ:Дәнді дақылдардан алқа дайындау.
Балалардың алдындағы столдың үстіне алдын ала дайындалған ыдысқа салынған күріш, үгері, бидай сияқты дәнді дақылдарды қоямыз. Ақ қағаздың бетіне желімнің көмегімен алқа дайындау.
3-топ "Көкөністер мен жемістерді жинау" Суретте берілген жемістерді жеміс салатын ыдысқа, көкөністерді себетке бағыттама сызығы арқылы жинастыру.
- Балалар тапсырманы орындап болдыңдар ма?
- Сен неше жапсырдың?
- Күзде ағаштар қандай болады? т.с.с сұрақтар қоямын.
- Жарайсыңдар, балалар.Бағбан ата сізге балалардың жұмысы ұнады ма?
- Иә.
- Олай болса алтын жапырақтағы соңғы тапсырманы орындайық. Мұнда былай депті.
4-тапсырма:"Көкөністер айтысы" ертегісін білесіңдер ме?
Балалар ертегіні сахналайды.
1-Бағбан ата: тәрбиеші Жадыра
2-Қызанақ: Ардақ
3-Қияр: Бейбарыс
4-Қызылша: Даяна
5-Сәбіз: Жадыра
6-Қырыққабат: Асқар
7-Картоп: Дамир
8-Пияз: Нұрасыл
Бағбан ата:
- Балаларым, жарайсыңдар. Мен сендерге өте риза болдым.Барлығың өнерлі, білімді, ақылды балалар екенсіңдер. Мен сендерге өз бау-бақшамнан әкелген жемістерімнен ауыз тиіңдер. Ал мен енді бауға қайтайын. Сау болыңдар, балалар! -Бүгін аптаның төртінші күні.Бейсенбі.
-Күз.
-Үш ай бар.Олар: қыркүйек, қазан, қараша.
-Ағаштардан сары,қызыл, қоңыр жапырақтар ұшып жерге түседі.Ауа-райы суық болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Жылы киінеміз. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, дәнді дақылдар пісіп жинау басталады.

Күз байлықтары дегенде күзде барлық нәрсе піседі.Жемістер мен көкөністер,дәнді дақылдар.
Дәнді дақылдарға: бидай, күріш, жүгері,
тары, бұршақ т,б жатады.
Ағаштардың жапырағын ажыратып атайды.
Себебі,айнала сап-сары, алтын түске боялады.

Қимыл қозғалыспен орындайды.

Тәрбиешімен бірге қайталап өлеңді жатқа айтға үйренеді.
Балалар көкөністер мен жемістерді жинайды.

- Сәлеметсіз бе ата?

- Иә

- Иә

1-топ балалары "Күз" бейнесін жапсырады.

2-топ балалары дәнді дақылдардан алқа жасайды

3-топ балалары жемістерді жеміс салатын ыдысқа, көкөністерді себетке жинастырады.

Күзге ағаштың бейнесін суреттеу(сөзбен)

Балалар ертегіні сахналап көрсетеді.

Сау болыңыз, ата!
Рефлексиялық түзету Сабақты қорыту.
- Ал,балалар бүгінгі сабағымызда біз не туралы әңгімелестік?
-Н.Әлімқұловтың қандай өлеңін жаттадық?
- Олай болса тағы бір қайталап өтейік. Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
- Жарайсыңдар балалар! Ал біздің сабағымызға кім келді?
- Бағбан атаның тапсырмаларында біз не жасадық?
- Жарайсыңдар, балалар! Енді балалар "Дәмін ажырат" ойынын ойнайық.
Ойынның шарты:Балалар көздерін жұмып, жемістердің бөліктерін жейді. Дәміне қарай қандай жеміс екенін ажыратып атайды.
Балалардың білімін б а ғ а л а у.
Сабақты аяқтау

- Күз мезгілі, күз байлықтары туралы әңгімелестік.
- "Күз" өлеңі

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

- Бағбан ата

-Күз мезгілін жапсырдық, дәнді дақылдан алқа жасадық т.б.
Балалар ойынды қызыға ойнады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар күздің ерекшеліктерін айта біледі.
Түсінеді: Күз мезгілінде барлық жеміс, көкөністер, дәнді дақылдар пісіп, жиын - терін болатынын түсіне біледі.
Меңгереді:
• Балалар Н.Әлімқұловтың "Күз" өлеңін жаттайды;
• Өз бетінше іс-әрекет жасап тапсырмаларды орындайды, ертегіні сахналайды;
• Ойын барысында жемістер мен көкөністерді ажырата білуді меңгереді; Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Күз можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 421 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar