Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Күз.Адамның күзгі еңбегі -

Күз.Адамның күзгі еңбегі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 8159 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО Шардара ауданы
"Алатау батыр"ауылы
№3 Қазақстан Бастауыш мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Мусаева Сандугаш Сайлауовна

Сабақтың тақырыбы: Күз.Адамның күзгі еңбегі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпы табиғат жайлы түсінік беру.Күзгі еңбек түрлерін атап,жаңа технологияларды пайдалана отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын аттыру.
Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Оқулық,көкөністер,жемістер және суреттер.
Күтілетін нәтиже: Адамдардың күзгі еңбегін біледі, еңбек түрлерін ажыратады, өздеріне керегін таба алады.
Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау.
Барысы:
р/с Сабақ
кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек
көздер
І Кіріс
пе бөлім 1.Ұйымдастыру


2.Психологиялық дайындық 1.Сынып тазалығын тексеру.
2.Оқушыларды түгелдеу.
3.Зейіндерін сабаққа аудару.

Біз балдырған баламыз.
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Ынталандыру.
ІІ Тұсау кесер бөлімі 1.Өткен сабақты пысықтап өту
Көкөніске не жатады?
Жеміске не жатады?
Балалар қазір қай мезгіл?

Онда назарларымызды тақтадағы суретке аударайық.
Күз мезгілінің суретін көрсету.
Не көріп отырсыңдар?
Осы уақыт,осы мезгіл қай уақыттан басталады?
Дұрыс,қыркүйектен маужырап қоңыр күз келеді.
Сендер алғаш рет мектепке келдіңдер.Ендеше күз мезгілі туралы тақырыпқа сүйене отырып тірек-сызба арқылы топтастырып көрейікші.
Ойын:
Жапырақты түсіру.
Ағашта ілінген жапырақтардағы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы жапырақтарды жерге түсіру.
Күз айларын ата.
Күзде ауа-райы қалай болады?
Жапырақтың түсі қандай болады?
2.Сергіту сәті: Еске түсіру
Картоп,пияз,сәбіз,қияр
Алма,алмұрт,шие,анар
Қазір күз мезгілі

Қыркүйек

Жаңбыр жауды тамшылап,
Жерге түсті жапырақ.
Құстар кетті алақай,
Күзде келді балақай! Сұрақ-жауап

Сергіту сәті
ІІІ
1.

2. Негізгі
бөлім
Жаңа сабақ.
Қазір қосу амалдарын орындау арқылы сабағымыздың негігзі тақырыбын ашып алайық.
Назарларымызды тақтаға аударайық.
Қосу амалын орындап,нәтижесінде шыққан сандарды ретімен оқыңдар.
Қандай сөз шықты?
Ендеше біз бүгін «Адамның күзгі еңбегі» тақырыбын өтеміз.Балалар,күз дегеніміз,біріншіден,байлық, молшылық,қаптаған астық,картоп,жүгері,қауын-қарбыз,алма,өрік,жүзім.Осының бәрі күзде пісіп жетіледі.Далада,тоғайда,егінде бәрі сап-сары.Екіншіден,күз ет пен май.Малда,аңда,құста күзге дейін семіріп болады.Күз қауырт жұмыстың кезі.Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды».Күзде аянбай еңбек етсең,қыстан қысылмайсың.Қысқа адамдарда,жан-жануарларда дайындалады.Құстар жылы жаққа қайтады.Күзде күн қысқарып,түн ұзарады,жауын-шашын көбейеді.Міне сондықтан да күздің осындай күнін пайдаланып,мол өнімді тез жиып алу керек.
Ментальді картамен жұмыс

Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.

Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.

Күз болғанда атырап,
Сарғаяды .......

Ойын: «Бақшада ма,бақта ма?»

Балалар сандарды рет-ретімен оқиды.
Еңбек

І топ: Көкөністі құрастыру.
ІІ топ:Жапырақтарды бояу.
ІІІ топ:Жемісті ермексазбен жасау

(жаңбыр)

(нан)

(қарбыз)

(қарбыз)

(жуа)

(Жапырақ)

Көрнекі құрал-
дармен жұмыс

Ментальді картамен жұмыс

ІV
1

2 Қорытынды бөлім
Рефлексия
-Бүгін сабақта не өттік?
-Нені білдік?
Бағалау
Күз.Адамның күзгі еңбегі
Күзгі өнімдер
Рефлексия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.