Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Күз» Тайыр Жароков -

«Күз» Тайыр Жароков

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2416 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Сабақтың тақырыбы: «Күз» Тайыр Жароков

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: күз мезгілінің ерекшелігі, істелінетін жұмыстар жайында, молшылық туралы түсініктерін кеңейту .
2) Дамытушылық: өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға, ізденуге дағдыландыру. Дүние танымын кеңейту
3) Тәрбиелік: еңбекшіл болуға , кәсіптік бағдар беру . Патриоттық тәрбие беру .
Көрнекілігі: күзге байланысты жасалған слайдтар .
Сабақ түрі: деңгейлеп оқыту

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Қазір қай мезгіл?
2. Топқа бөлу : «Шашылған әріптер» ойынын ойнату. ( Әр топ басшысы шашылған әріптерден өз тобының атын жинақтап шығады)
1- топ: «Береке күз» 2-топ : «Алтын күз» 3-топ : «Қара күз»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге не берілді ?
- «Күз» әңгімесін оқып , түсінік айту .
- Бұл әңгімені кім жазды ?
- Міржақып Дулатов

Шығармашылық жұмыс:
1- топ: Күз мезгілін салып келу
2- топ: « Күз» туралы өлеңдер жаттап келу
3- топ : «Киіз үйдің кереметі » тақырыпта эссе жазып келу

1. Деңгейлік тапсырма.
1-деңгей : 2-днңгей : 3-деңгей :
«Күз» әңгімесін Әңгімені оқып , «Күз» әңгімесінен
оқып беру сұрақтарға жауап беру түсінік айту

2. Шығармашылық тапсырмалардың орындалуын тексеру
1-топ : «Күз» тақырыбындағы суреттерін
көрсетеді .
2-топ : «Күз» атты тақырыпта жаттап келген өлеңдерін айтып береді .
3-топ : «Киіз үйдің кереметі » тақырыпта жазып келген эсселерін оқып
береді .

ІІІ. Жаңа сабақ . Ой қозғау стратегиясы
1. Жұмбақ шешу
Жиын терін болатын ,
Қамбаға астық толатын .
«Қызыл қырман » ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың ? «Күз мезгілі »

2. Топтастыру «Күз мезгілі қандай болады ?»

3 . Тайыр Жароковтың өмірі және шығармаларымен таныстыру .

Тайыр Жароков- ақын , аудармашы ,майдангер .
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы
Жетісай ауылында дүниеге келген .
Алғашқы өлең жинағы «Жұлдыз жарығы » ,
деген атпен басылып шықты . «Тасқын » ,
«Тастағы жазу » , «Құмдағы дауыл» деген
сияқты кітаптары жарық көрген . Көптеген
туындыларды аударды .

4. Үнтаспадан Т.Жароковтың «Күз» өлеңін тыңдау .

Бұл өлеңді кім жазды ? Қалай аталады ?
5. Поэзия минуты

Т.Жароковтың «Күз» өлеңін мәнерлеп оқу.

6. Өлеңнің әр шумағын оқытып , шумақтың мазмұнын ашу .
- 1- шумақта не туралы айтылған ? - Аспанда бұлт , жаңбыр жауды ,тамщы күміс
моншаққа ұқсайды
- 2- шумақта не туралы айтылған ? -Қайың ,терек тің жапырақтары сарғаып , жерге
түсіп, шашылып жатыр ,жел үрсе қалтырайды .
- 3- шумақта не туралы айтылған ? - Жемістер балбырап пісіп тұр . Піскен алма
албырап ,өзіне көз тартады
- 4- шумақта не туралы айтылыпты? - Беті күнге күйген балалар асыр салып ойнап
жүр. Анасындай болған мектебі қоңырауы
сылдырлап. балаларды оқуға шақыруда .
- Күзде неге жапырақтар түседі ?

7. Дарынды оқушылардың зерттеу жұмысы «Күзде жапырақ неге сарғаяды?»
Жапырақтың түсі неге жасыл? Себебі жапырақта оған жасыл түс беретін, «хлорофилл» деп аталатын заттар бар. Осы хлорофилл затында күн қуатының (жылуының) қатысуымен тамырдан келген су мен ауадан қант, крахмал сияқты аса маңызды қоректік зат түзіледі.
Салқын түскен кезде жапырақтағы хлорофилл жойылады. Оған себеп – күн көзі қызуының азаюы. Жапырақтар бозарады, қурап сарғаяды.

Жапырақта басқа да түстер шығаратын заттар бар. Жасыл бояу басым болған кезде олар көрінбей қалады. Жасыл бояу азайғанда олар айқын көрінеді. Сөйтіп, жапырақ сап-сары, қып-қызыл түске еніп, қурап түсе бастайды. Мұндай құбылыс күзде болады.

8. Оқулықпен жұмыс
1. Тізбектей оқыту .
2. Жалғасын тап : Мақалды аяқта
Еңбек етсең ................ (емерсің)
Еңбек етсең ерінбей ,
...................................(Тояды қарын тіленбей )
Еңбектің наны тәтті ,
......................................(Жалқаудың жаны тәтті )

9. Суретке мәтін құрату



10 . Дәптермен жұмыс . Мына сөздердің ішінде қай сөз артық ?
Қоңыр күз , алтын күз , берекелі күз , жемісті күз , бәйшешекті күз , салқын күз, қара күз .
11 Венн диаграммасы :
Жаз Күз

І Ү . Қорытынды :
- Балалар бүгін біз не өттік ?
- «Күз » өлеңін кім жазды ?
- Тайыр Жароков кім ?

Ү. Үйге тапсырма : 1-деңгей : Мәнерлеп оқып келу .
2деңгей : Өлеңнің екі тобын жаттап келу .
3-деңгей : Өлеңнің барлық тобын жаттап келу .

Шығармашылық тапсырма :1-топ : «Күз» туралы мақал-мәтелдер жинастыру
2-топ : «Қоңыр күз» атты тақырыпта әңгіме жазып келу
3-топ : «Алтын күз» атты тақырыпта өлең құрастырып келу

ІҮ . Бағалау . Мадақтау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.