Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Күзгі бақта -

Күзгі бақта

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1981 | Размер: | Автор: гость
. Расымбекова Назгүл Мекенбекқызы, Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі. ОҚО Түлкібас ауданы
Сабақтың тақырыбы: Күзгі бақта

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту,олардың ойында сөз таптары туралы топтастырылған ұғым қалыптастыру. Ол туралы білімін кеңейту ұйымшылдыққа, достыққа адмгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыстар, ойын, топпен жұмыс, жұппен жұмыс.
Көрнекілігі: Жыл мезгілдері, Күзгі бақта плакат,жемістер көкеністердің суреттері, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын даярлап , сабаққа назарларын аудару.
2. Психологиялық дайындық. Далаға назар аударайық.
- Күзгі табиғат қандай?
- Күзгі баққа серуендеу.
- Күзгі бақтағы бақшадағы көріністер.
- Электронды оқулық.
ІІ. Өтілгенді пысықтау.
1. Жауын жаңбыр, жер сабап
Шөп жапырақ салады.
Бұл қай кезде болады?
(Ахмет Байтұрсынов) өлең шумағынан үзінді.
2. Күзгі бақта. Бақшадағы күзгі табиғат.
Күздің бас кезі шуақты әрі жылы болады. Бірақ Күн өте жоғарыға көтерілмейді, сондықтан жазға қарағанда жер бетін аз жылытады. Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түсе бастайды. Бақта жемістермен жидектер өседі.
Бақ тың достары мен зиянкестері: құстар, жұлдыз құрт және жәндіктер. Күздің соңына қарай жапырағынан айырылған ағаштар жалаңаштанады. Тек шырша мен қарағай жасыл қалпында қалады.
ІІІ. Сергіту сәті:
«Дақылдар әні»
Орнымыздан тұрайық
Алақанды соғайық
Қырманға дән үйілді
Алтын астық, алтын тау.
ІV. Сабақты қорыту
1) Сұрақ жауап алу
2) Диалог сөздер
3) Күз мезгілінің айларын атап беріңіздерші
Қыркүйек, қазан, қараша
Көкеністер мен жемістер туралы жұмбақтың шешуін табайық.
1) Бойын жерге жасырған
Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)
2) Ұзын мұртты сарылар
Қойынында дәні бар.(бидай)
3) Бақшадан келген ала доп (қарбыз)
4) Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.(пияз)
1. Жүзім,құлпынай, таңқурай -бұлар жидектер.
2. Алма, алмұрт, өрік, қара өрік , шие-бұлар жемістер.
3. Пияз, сәбіз,қияр,қызанақ- бұлар көкеністер.
Жемістер:
1. Алма. Жанерке
Күздік апорт алмамыз
Күннен қуат аламыз
Жұмыр жерден нәр алып,
Жұлдыздай боп жанамыз
2. Шие. Мерей
3. Құлпынай. Алина
Көкеністер:
1. Пияз. Бекасыл
2. Сәбіз. Дастан
V. Үйге тапсырма:

№ 1 бақылау күнделік. 15-16 беттерді бояу.
Дүниетану оқулығы 34-35 бет әңгіме құру.
VI. Мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.