Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Күзгі көрініс -

Күзгі көрініс

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2498 | Размер: | Автор: гость
. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы» МКҚК
Тәрбиеші: Утебаева Алтынай Калдыбековна
Тобы: ІІ кіші топ
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Қоршаған ортамен танысу», «Экология», «Тіл дамыту», «Жапсыру»
Тақырыбы: «Күзгі көрініс»
Мақсаты:
1. Балаларға табиғи материалдардың түрлерін, дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып жапсыруға үйрету.
2. Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылын арттыру, шығармашылық іскерліктерін дамыту, сұраққа жауап беруін эмоциональды сөлеуін қолданды.
3. Ұжымдық жұмыс кезінде бір-біріне кедергі жасамауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сергіту, сұрақ-жауап, қызықты сәт, мадақтау, қайталау.
Көрнекі құралдар: Ватман, губка, ағаш бұтақтары, жаңқалар, жапырақтар,желім, қайшы.
Билингвальды сыңары: ағаш-дерево, жапырақ-листья, күз-осень.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру бағдар беру.

Ұйымдасу, іздену

Кері байланыс

Тәрбиеші:
Күндей жаырап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
-Балалар бүгін бізде ерекше күн!
Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, қане амандасайық.
Енді бәрімізге нұрын шашып тұрған күнмен амандасайық.
Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн қонақтар
Қайырлы күн достарым!
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем, сәлем, сәлем

-Балалар бойымызды тік ұстап әдемі болып тұрамыз.
-Жарайсыңдар Балалар! Тамаша!
-Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме?
-Ендеше мен сендерді орманға табиғат аясына саяхатқа апарғым келеді.
Балалар, қарайықшы ормандағы табиғат қандай тамаша! Ауасы қандай таза! Бәріміз осы таза ауамен терең демалып алайықшы. Керемет!
- Балалар мұнда нені көріп тұрмыз?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінен кейін қай мезгіл басталады?
-Дұрыс –ақ
-Қыс мезгілінде балалар неше ай бар?
-Жарайсыңдар балалар!
-Қыс мезгілі несімен қызық?
-Тамаша
-Қыс мезгілінде қандай мереке болады?
Дұрыс айтасыңдар балалар! Бәрін жақсы біледі екенсіңдер!
Тосын сәт: Жылаған дыбыс естіледіү Балалар мұнда бір дыбыс естілетін сияқты мынау ненің дыбысы?
-Балалар жүріңдер қарайық, мына жылаған дыбыс қардың астынан шығатын сияқты
-Қанекей балалар көмектесіп қарды ашайық.
Қардың, жапырақтың астынан жылап жатқан
«Күз ханшайымы» шығады:
-Мен күз ханшайымы!
-Саламатсыз ба Күз ханшайымы!
-Балалар қыс мезгілі де келіп қалды, мен қардың астында қалдым. Менің сендермен қоштасқым келмейді.
Тәрбиеші:
-Күз ханшайымы сен мұңайма.
-Балалар күз ханшайымының көңіл –күйін көтеру үшін күз туралы тақпақтар айтып берейікші.

Күз ханшайымы:
-Рахмет балалар (көңілсіз болып тұрады)

-Күз ханшайымы сен мұңайып тұрсын ғой.
Бұл табиғаттың заңы. Қыс келіп, одан кейін көктем келеді, содан жаз келіп кеткен соң қайтадан ортамызға оралып келесің.
-Балалар күз ханшайымы көңілін қалай көтеріміз.
-Жапырақ биін билеп көтерейік.

Күз ханшайымы
-Рахмет балалар, өнерлі екенсіңдер. Сонда менің қоштасқым келмей тұр. Мына әсем табиғатты сары түске боялған жапырақтарымды қимаймын. (күз көрінісінің суреті көрсетіледі)

Таңқалып: -Ой мына күздің көрінісі бейнеленген сурет қандай Тамаша! Керемет бейнеленген! Маған өте қатты ұнап қалды.
Тәрбиеші:
-Мен таптым балалар, күз ханшайымының көңіл-күйін көтеріп ренжітпей шығарып, салуды. Күз ханшайымына мына көздің көрінісі бейнеленген сурет өте қатты ұнап қалды.
-Мынау не балалар?
-Бұл қай мезгілінің көрінісі?
-Ал бізге күзгі мезгілінің көрінісін жасау не үшін қажет?
-Күзде жапырақтар сарғаяды. Барлығымыз бірігіп осы суретті табиғи және дәстүрден тыс әдісті пайдалана отырып жапсырып берейікші.
-Балалар ендеше біздер жұмысқа кіріспес бұрын мені мұхият тыңдап алыңдар. Бүгін біздер табиғи материалдарды,желімді, губканы, қайшыны пайдаланамыз.
Орнымызға барып, қолдарыңа қайшыны алып, губкадан жапырақтарды қиямыз.
Барлығымыз келіп жапырақтарды мұқият бұтақтарды оған жапсырамыз.
Балалар сендердің жапсырып жатқан суреттерің тамаша!
Ендеше дөңгеленіп бойларымызды сергітіп алайықшы.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз, Жапырақтар жайқалып
Шетімізден шеберміз
Әсем сурет жапсырып.
Біз тынығып аламыз.
-Тамаша балалар орынымзға отырып, әрі қарай жұмысты жалғастырамыз.
Күз ханшайымы қуанып алғысын білдіреді.
Ойын: «Күз ханшайымының сиқырлы жапырағын тап»
Күз ханшайымы:
-Балалар енді мен сендермен қоштасайын.
Сендердің сыйлықтарыңа, өнерлеріңе көп рахмет.
Барлықтарыңыз ұйымшыл, ұқыпты таза жұмыс жасайды екенсіңдер!
Өнерлі білімді балаларсыңдар! Енді мен сендерге өзімнің Күз байлығымнан жеміс-жидектерді сыйға тартамын.
Сау болыңдар балалар!

Қорытынды
Сұрақ –жауап
Мадақтау
-Ал балалар қоштасатын сәт келді. Келген қонақтарымызға алғысымызды білдірейік, қоштасайық.

-Сәлеметсіздер ме?

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Балалар бойларын тік ұстап тұрады.

Ия барғым келеді.

Балалар назарын суретке аударады. Тәрбиешінің нұсқауымен балалар терең тыныс алады.

-Қарды жапырақты, талдарды
-Күз мезгілі
-Қыс мезгілі

Қыс мезгілінде 3 ай бар
-Желтоқсан, ақпан, қаңтар
-Ойын ойнаймыз, қар лақтырамыз, аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз.
-Жаңа жыл мерекесі келеді.

-Жылаған дыбыс естіліп жатыр.

-Балалар: Сіз кімсіз?
Неге жылап отырсыз?

Тақпақтар
Түймехан
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілген
Қоңыр тартып,
Көкке құстар тізілді.

Еркебұлан
Кездескен соң күзіммен,
Бұтағынан үзілген.
Ай, жапырақ сары алтын
Айналаның бәрі алтын.

Ақнұр:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.

Алихан:
Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау келеді.
Осы ма, осы ма күз деген,
Мектепке баратын бізбенен.

Даулет:
Сәбіз:
Өсерімін бойыңды,
Дамытамын бойыңды.
Қоянға да азықпын,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Асемай:
Қарбыз
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалмағын.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын.

Сымбат:
Өрік
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Піспей тұрған кезімде
«Менен аулақ жур» -деймін.
Жансая
Шие
Шиемін, мен шиемін
Піскенше тон киемін
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.

Али:
Қияр
Көктеп, ерте өрмелеп,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым қияр, теріп ал,
Жиі, жиі суғарып.
Әділжан
Қызанақ
Тал шыбығым бұралып, Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Аяулым:
Пияз
Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып, Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Алимжан
Картоп:
Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.

Би: «Жапырақтар»
Алижан-Сымбат
Алихан-Аяулым
Арман-Ақнұр
Мұрат-Асемай

-Ағаш, ағаш бұталары
-Қыс мезгілінің көрінісі

-Жапырақтар

Балалар тәрбиеші нұсқауымен іске кіріседі. Губкадан жапырақтар қиып, желіммен бұтақтарға жапсырады.

Балалар бәрі бірге сергіту сәтінің іс-қимылдарын жасайды.

Балалар салған суреттерін «Күз ханшайымына» естелікке табыс етеді.

Сау болыңыз!

Барлығы бірге
Қол ұстасып тұрайық
Шеңбер жасап құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Күзгі көріністер мен күзгі құбылыстарды
Орындайды: дәстүрден тыс әдіспен күзгі табиғатты бейнелейді.
Қолданады: шығармашылық қабідеттерін шыңдайды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.