Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Калашников автоматы және пулеметі -

Калашников автоматы және пулеметі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2360 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы Мереке ауылы
Жалпы орта білім беретін Мереке
мектеп-балабақшасы
Курмашев Жолдасбай Сәлімгерейұлы
АӘД пәнінің оқытушысы

«Калашников автоматы және пулеметі»

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
 Оқушыларды автоматтың шығу тарихымен таныстыру.
 Оқушылардың бойына жеке қаруына деген сенім қалыптастыру.
 Оқушыларды қызықтырып, қаруды пайдалана білуге дағдаландыру.
Дамытушылығы:
Автоматтың шығу тарихы мен қаруды пайдалана білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі:
Өз Отанын сүюге, әскери қызметке қызығушылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сынып: 10 сынып
Орны: АӘД кабинеті.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекті құралдар: Калашников автоматы плакаты, автомат макеттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлім. 5 минут
1. Сапқа тұру.
2. Взвод командирінің сабаққа дайындығы туралы баяндау.
3. Сәлемдесу.
4. Оқушылардың сырт-келбетін тексеру.
5. Үй тапсырмасын тексеру.
6. Өткен материалдар бойынша білімін тексеру.
1. ҚР Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы кім?
2. Сап элементтерін ата ?
3. Елтаңбаның авторы кім?
4. ҚР Қарулы күштері қашан құрылды?
5. Взвод командирі кім?
6. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы кім?
7. Сап дегеніміз не?
7. Жаңа сабақ, оның мақсатымен таныстыру.

Негізгі бөлім. 35 минут

Автоматтты, атыс қаруын ойлап, тауып жасауда Кеңес конструкторларының үлесі зор.
Әлемде автоматтық қару пистолет-автоматты алғаш рет қару жасағышы В.Г.Федоров 1916 жылы құрап шығарды.
Автоматтық қарудың дамуына үлес қосқан Кеңестік конструкторлар:
1. Дегтярев В.А. бірінші пулемет және пистолет-пулемет үлгілерін, оның ішінде ППД-1940;
2. Шпагин Г.С. – пистолет-пулемет ППШ 1940ж;
3. Токарев Ф.В. автоматты-винтовка СВТ-1938ж., пистолет-ТТ -1930ж;
4. Драгунов М. – мергендік витовка СВД;
5. Калашников М.Т. – АКМ және АК, пулеметтер РПК,ПК,ПКТ;
6. Симонов А.Г. – өздігінен оқталатын карабин;
1941 жылдары Кеңес жауынгерлерінің негізгі қаруы карабин болды. Автоматпен қаруланған неміс әскерінің бір бөлімшесінің өзі Кеңес жауынгерлерін көп шығынға ұшыратты, оның негізгі себебі карабинді көздеп атқаннан кейін, қайта оқ салып атқанша көп уақыттарын жоғалтты.
Кеңес жауынгерлерінің қаруларының нашар екендігіне көзі жеткен көптеген кеңестік өнер тапқыштар осы тақырыппен айналысты. Осылардың ішінде едәуір табыстарға М.Т. Калашников жетеді. Ол өзінің алдына екі түрлі талап қояды қарапайымдылық және тоқтаусыз жұмыс істеуін басшылыққа алады.
М.Т.Калашников 1919 жылы Алтай аймағында туылды. 1937 жылы Алматы обылысы Матай станциясына келіп депода жұмыс істейді. 1938 жылы әскер қатарына шақырылады. Соғыс басталғанда Калашников танк командирі болады, Ленинград майданында соғыста жүріп тапанша-пулеметтің жобасын жасауды ойластырады.
1941 жылы жараланып, госпитальде (АК-47) автоматтың сызбасын жасайды. Алты айлық демалысында Матайға келіп депоға жұмысқа орналасады. Сонда локомотив депосының дайындау цехында (АК) автоматының тұңғыш жобасын жасайды. Кравченко, Милащус, Құсайын, Медведев секілді азаматтармен бірге жүріп, қажырлы еңбектері өзінің жемісін әкеледі. Автоматты алғашқы үлгісін жан-жақты тексеруден өткізеді. Автоматты батпаққа батырады, құмға көмеді, жоғарыдағы үшінші қабаттан бетон плитаға тастайды.
«АК-47-нің» шығарылуына Қазақ ССР ІІ секретары А.Қойшығұлов қолдау жасайды. Осыдан кейін әр түрлі қашықтықтарда нысаналарға жекелей, автоматты түрде қысқа және үздіксіз тізбектермен атыс жүргізе береді. Алғашқы сынақта автомат оғы 500 метрге, кейінгі сынақтарда 1-1,5 шақырымға жеткен. 1949 жылы «7,62 мм Калашников автоматы (АК-47жылғы үлгідегі) деген атпен Кеңес Армиясы қаруына қабылданды.

Автомат 1959 жылы АКМ, АКМС.
1974 жылы АК-74, АКС-74
1991 жылы АК-74М, АК-74Н одан әрі АК101, АК-103 т.б. түрлері шығарыла бастайды.
Қысқасы автоматтың 12, пулеметтің 10 түрі өндірілді. Бүгінде осы қарулар 16 мемлекетте шығатыны ресми түрде тіркелсе, 26 елдің армиясы Калашников автоматымен қаруланған. 6 мемлекеттің мемлекеттік туында Калашников автоматының суреті салынған.
1945 жылы жеңістен кейін де әлемде 60-тан аса соғыстар, ірі қақтығыстар болған. Олардың 40-да Калашников автоматы қолданылған.
Мысалы, 1977 жылы Сомали мен Эфиопияда,
1972 жылы Қытай мен Вьетнамда,
1979 жылы Ауған соғысында, т.б.
Калашников автоматы жауынгердің жеке қаруы, Калашников пулеметі атқыштар бөлімшесінің каруы болып табылады. Түнгі жағдайда ату және бақылау үшін әмбебап көздеуіш бекітіледі. (ночной стрелковый прицел унверсальный). Таулы жерде ұрыс жүргізу мақсатында АК-74Н 40 мм ұңғы асты гранататқыш ГП-25 жалғанады.
Қазақстан Қарулы Күштерінде Калашников автоматы мен пулеметі қолданыста.

Бекіту:
Калашников деген кім?
Автомат не үшін арналған?
Автомат қай жылы Кеңес Армиясы қаруына қабылданды?

Қорытынды бөлімі. 5 минут

1. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру
2. Оқушылардың білімін бағалау
3. Үйге тапсырма: қару-жарақтардың атауларынан сөзжұмбақ құрастыру.
4. Оқушылармен әскери қоштасу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.