Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Келді, міне Жаңа жыл! -

Келді, міне Жаңа жыл!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1990 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Атырау қаласы
№35 мектеп-гимназиясының
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Жанбирбаева Нургул Жанбирбаевна
Тақырыбы: «Келді, міне Жаңа жыл!»
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесін тойлап, балаларды келер жылмен таныстыру. Өлең сөздерін жатқа мәнерлеп оқуға үйрету. Мерекелік көңіл -күй сыйлау.
Жүру барысы:
Зал іші қараңғы жарықсыз болып тұрады.
Тәрбиеші, Жақсылық, Іңкар үшеуі шығады.
Балалар: - Кешіміз неге көңілсіз,жарық неге жанбаған?
Тәрбиеші: - Ғажайып кешімізді қалай жарқыратамыз?
Балалар шырша түбінде тұрған сандықшаны көреді.
- Ғажайып сандықшаны қараңыз. Ішінде не бар екен?
- Кәне ашып көрейін,мынау ертегідегі сиқырлы шам ғой,бізге қалай көмектеседі екен. Мына қағазда сиқырлы сөз жазылыпты ғой.
Бірге айтады: Сиқырлы шам жарқыра!
Жарқыра!Жарқыра!Жарқыра!
Зал іші жарқырап кетеді.
Тәрбиеші: - Балалар,шамымыз жарқырады. Мерекені тойлағалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық. (Музыка әуенімен балалар ортаға кіреді).
Балалар залға кіріп,шеңбер болып тұрады.
Ән: "Балалықтың бал әні" - Іңкар
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар,апайлар! Жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер!
Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын
Көгімізде бақыт құсы самғасын
Қой жылы құтты болып халқыма
Отбасынан той думаны арылмасын!
Ән: «Шырша жыры»
Балалардың тақпақтары: Іңкар, АнельӨ,Есжан,Иманғали
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын,құтты болсын Жаңа жыл!
Анель:
А круг скорее к нам вставайте,
Дружно песню запевайте
Заведели мы хоровод,
Встретим праздник Новый год!
Есжан
Ертеңгісін байқадым
Жердің беті ақ қырау
Дәл маржан деп айтамын
Төгілуге шақ тұр -ау
Өзеніме,көліме
Әсем ою ойыпты
Ағаштардыңбәріне
Алқа тағып қойыпты
Иманғали
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Жылды қарсы алайық
Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
(Музыка әуенімен қасқыр кіріп келеді)
Тәрбиеші: -Сәлеметсіңбе, қасқыр!
Қасқыр: Мені жаңа жылдық мерекеге шақырмай, жаңа жыл мерекесін өздерің тойлайын деп жатырсыңдар ма? Мен қатты тоңып тұрмын, менің қарным ашты, орманда өте көңілсіз.Менде мерекеге қатысқым келеді. У,у,у. Мен енді бұл жерден кетпеймін. Мына жерден біреудің дауысы шығама?Кім мына жүрген? (Қасқыр шыршаның артына тығылып қалады.)
Қызыл телпек: (музыка әуенімен қызыл телпек келеді). Билеп келіп балалармен амандасады. –Сәлеметсіңдерме, балалар!
Тәрбиеші: -Сәлеметсіңбе, қызыл телпек! Жаңа жыл мерекесіне қош келдің!
Қасқыр: Сәлеметсіңбе, қызыл телпек! Қайда бара жатырсың?
(Қызыл телпек қорқып кетеді)
Қызыл телпек: Әжем үйіне бара жатыр едім. Мына жерден әдемі әуеннің дауысы естілгесін, осында келдім. Мында өте көңілді, жаңа жылдық мереке болып жатыр екен.
Қасқыр: Қызыл телпек, мен сені жеп қоямын! Менің қарным ашып тұр. Бір жағынан қатты тоңып та барамын.
Қызыл телпек: Жоқ, Қасқыр көке мені жеме! Мен саған оданда тоңбау үшін шәлімді берейін. Шәлімді жамылып жылын. (шәліні қызыл телпек қасқырдың үстіне жабады).
Қасқыр шәліні жамылып ұйықтап кетеді
Тәрбиеші: Қызыл телпек, біздің балалармен жаңа жыл мерекесін бірге тойла! Балалар саған ән айтып, тақпақ айтып береді.
Балалардың тақпақтары: Мейрамгүл,Жаннұр,Сымбат,Абылай
Мейрамгүл
Жауа,жауа,қар жауып көп
Шұңқырларға толады
Иығына қонады кеп
Мойныңа да қонады
Жауып бітер қарды тосып
Үйіңе де сыймайсың
Табиғаттың ақ көрпесін
Басуға да қимайсың
Жаннұр
Жасыл шырша төрдегі
Дейді: "Бәрің көр мені"
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып
Түрлі-түсті шамдарды
Түнде ғажап жанғаны
Көргендерді елітеді
Керемет бір ертегі
Сымбат
Қандай суық қыс деген
Қалтырайды құс деген
Құлақшынды кимесең
Құлағыңды тістеген
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген
Бақша бауды ,тауды да
Бояған ақ түспенен
Абылай
Наша елка велика
Наша елка высока
Выше папы,выше мамы
Достает до поталка
Как блестит ее наряд
Как фонарики горят
Наша елка с Новым годом
Поздравляет всех ребят
Будем весело плясат
Будем песни распевать
Чтобы елка захотела
В гости к нам прийти опять
Ән: «Маленькой елочке»
Қызыл телпек: Балалар өнерлі екенсіңдер! Менің де сендерге көрсететін өнерім бар. Мына жерде кішкентай қызыл телпектер отыр екен. Қанеки, қызыл телпектер бірге билейік!
Би: «Қызыл телпектер"
Тәрбиеші: Қызыл телпек рахмет саған!
Қызыл телпек: Мен әжемнің үйіне асығып барамын. . Қасқыр көкем ұйқысынан оянып кетпестен бұрын мен кетейін! Сау болыңдар, балалар!
Гномдар шығып кетеді
Қасқыр: Мен жылындым. Мынау қызыл телпектің шәлісі жақсы екен.Қызыл телпек қайда кетті? Қарным ашты, көңіл-күйім де жоқ. У,у,у (қасқыр ұлиды)
Гномдар әуені естіледі .
Тәрбиеші: -Балалар,бізге қонаққа кішкентай гномдарда келіп қалған сияқты.
Гномдар би билейді (әуенмен гномдар ортаға би билейді).
Қасқыр: Рахмет, көңілді гномдар менің көңілім көтерілді.
Тәрбиеші: Қасқыр,біздің көңілді гномдарымыздың биі көңіліңді көтердіме? Біздің балаларымыздың тақпақтарын тамашалаңыз!
Балалардың тақпақтары: Анель А,Кәусар,Мадина,Мерует,Бекзат
Мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр Ақшақар
Көптен күткен сағынып
Кел билейік сенімен
Дедім тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен
Кәусар
Қыс келді,қыс келді
Ақтарып ақ қарды
Жол аппақ түске енді
Аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды
Шыңдарды ,құздарды
Шаңғымен сызалық
Елемей ызғарды
Жаңа жыл бәйгесін
Келейік біз алып
Мадина
Ню но дэй,хэппи дэй
Ви а глэд энд вэри гэй
Ви ол дэнс,энд сиң,энд гэй
Ви ол дэнс,энд сиң,энд сэй
Уелкем,уелкем,ню ио дэй
Меруерт
Мама елку украшала
Аня маме помагала
Подавало ей игрушки
Звезды,шарики,хлопушки
Кәусар
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып-жылтыр боп жатады
Ән: «Елочка» (жеке ән) Анел Ө
Тәрбиеші: Балалар бізге көптеген қонақтар келіп жатыр. Бірақ басты қонағымыз Аяз ата мен Ақшақар әлі жоқ. (Есік соғылады).Балалар мүмкін бұл Аяз ата мен Ақшақар болар. (сол кезде ортаға түлкі кіріп келеді).
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңбе апай! Уа, Қасеке сізде осында екенсіз ғой. Қасеке менсіз жаңа жылды балалармен бірге тойлап жатырсыз ба?
Қасқыр: Иә, балалармен жаңа жыл мерекесін өткізудемін. Осы жерге келіп, би биледім, жылындым, көңілім көтерілді. Енді менің қарным ашып тұр! Түлкі сен маған жейтін бір нәрсе алып кел!
Түлкі: Қасеке, сен балалармен жаңа жыл мерекесін тойлап жатырсың! Мен қәзір ғана келдім. Алдымен балалармен ойын ойнап алайық.
Ойын:"Жылдам ізіңмен жүр"
Шарты:Екі топқа бөлінеді.Қасқыр мен түлкінің ізін аяқтың ұшымен басып жүреді.Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді.
Түлкі: Жарайсыңдар балалар! Ойынды өте көңілді бірге ойнадыңдар! Жүр Қасеке, бірге мұзды ойып балық аулап келейік. (сол кезде қасқыр мен түлкі шығып кетеді)
Шырша түбінде тұрған үлкен сыйлық қорапты көреді.
Тәрбиеші: Балалар,мына жерде қорап тұр екен. Қандай үлкен қорап!
Балалар,сендерге сыйлық келген сияқты,ішінде не бар екен, кәне ашып көрейікші!
Қораптан сайқымазақ шығады.(әуенмен)
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме,балалар! Жаңа жыл құтты болсын.Мен сендердің көңілдеріңді көтерейін деп келдім,кәне бәріміз би билейік!
(шыршадан айналып би билейді.)
Би "Сайқымазақтар "
Сайқымазақ: Балалар,сендер жақсы биледіңдер,сендерге рахмет! Жаңа жылдарыңды әрі қарай жақсы өткізіңдер. Сау болыңдар!
Қардың дыбысы.
Тәрбиеші: Балалар,Аяз ата мен Ақшақар да жақындап келіп қалған шығар.Кәне, бәріміз бірге шақырайықшы!
-Ау,ау,Аяз ата!
Аяз Ата:-
Амансың ба ,ұлдарым,
Амансың ба,қыздарым!
Қандай көркем қырларың,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым,
Тойларыңа асығып,
Өздеріңмен табыстым.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Келер жыл 2015 қой жылын да бірге ала келдім. Былтырғы 2014 жыл жылқы жылыда сендерге жақсы табыстар мен жетістіктер әкелді ,жаңа жылымызда да жақсы жыл болсын деп тілеймін! .
Қой: -Сәлеметсіңдерме,балалар!Мен қой жылымын.Бір жыл бойы сендермен бірге боламын.Жаңа жыл құт,береке әкелсін,сабақтарыңды жақсы оқыңдар!
Ақшақар:
Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Жылда қарсы алайық!
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, Аяз Ата,Ақшақар,Жаңа жыл!Біз сіздерді асыға күттік. Қой жылы да бірге келіп қалыпты, қош келдің бізге жаңа жыл! Осы жылы бізге,балабақшамызға көптеген қуаныштар мен жетістіктер алып келесің деген ойдамыз.
Аяз Ата: Балалар, сендердің әсем әндеріңді,тақпақтарың мен билеріңді сағынып келемін,маған өнерлеріңді көрсетіңдерші.Мен демалып отырып,тамашалайын!
Би: «Шырша» Аяулым,Меруерт,Сымбат,Гүлназ,Гүлжанат
Аяз Ата: Балалар жарайсыңдар! Өнерлерің үстем болсын!
Балалардың тақпақтары: Айда,Мұрат,Ерали,Алтынбек,Гүлжанат
Кел,жаңа жыл! Төрле,-төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығыңа бөлегейсің мені де
Мұрат
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет,төрлет Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Ерали
Ортада әсем шыршамыз
Аяз Ата,Қарша қыз
Жаңа Жыл міне келді деп
Қуанудамыз баршамыз
Қане,бірге шырқайық
Жаңа жылдық той жырын
Шығарып сап жылқыны
Қарсы алайық қой жылын.
Алтынбек
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
"Жаңа жылмен құттықтаймын" деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды
Гүлжанат
Жасыл шырша төрдегі
Дейді бәрі көрмелі
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып
Ән: «Аяз Ата»
Ақшақар:
Кішкентай ақшақарлармен бірге би билеп жіберейін.
Би: «Ақшақар»
Тәрбиеші: Рахмет саған Ақшақар!
Ән: "Джингл бэлз"
Аяз Ата: Балалар сендерге арналған сыйлықтарым бар. Ақшақар қызым сыйлықтарды әкел. Балаларға берейік.
Ақшақар қапшықты шыршаны айналып іздейді
Ақшақар: Аяз Ата ,сыйлықтар салынған қапшығымыз жоқ.Шанадан түсіп қалған шығар. Енді не істейміз?
Қасқыр мен түлкі қуанып кіреді.Иықтарында қапшықтары бар.
Қасқыр: Аяз Ата сіздің балаларға алып келе жатқан сыйлық салынған қапшықты тауып алдық.Түлкі екеуміз балық аулап олжалы болдық.Сіздің сыйлықтарыңызды ала келдік.
Аяз Ата: Қасқыр,түлкі сендерге рахмет! Балалардың сыйлықтарын алып келгендеріңе рахмет!Бізбен бірге мерекені тойлаңдар.
Аяз Ата: Ата-анамен көңілді ойын өткізейін.
Ойын: « Кім қарды көп жинайды?»
Ойын шарты: Екі топқа 3 ата-анадан бөлінеді.Кішкентай шелекпен шашылған қарды жинап, үлкен шелекке тасу керек. Қай топ қарды көп жинаса сол топ жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Рахмет сендерге ата- аналар! Жақсы ойын көрсеттіңдер!
Балалар тақпақтары:Аяулым,Нұрбина,Эльдар
Аяулым
Как красиво в нашем зале
Мы гостей сюда позвали
Веселиться весь народ
Мы встречаем ,Новый год
Нұрбина
Ағаштардың жапырағын
Ашулы жел тонайды
Ақ жамылған атырабым
Қар борайды,борайды
Жел гулейді,тоқтамайды
Қар борайды, борайды
Асыл қария ақ самайлы
Алды,артымды орайды
Эльдар
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтары тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Кел билейік баршамыз
Ән: «В лесу родилась елочка»
Аяз Ата,Ақшақар,Түлкі мен Қасқыр қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші:
Жаңа жылда жақсылыққа кенеліп,
Бейбіт өмір берекесін көрейік
Тәуелсіздік туын бірге көтеріп
Ізгі ниет армандарға жетейік
Отбасында таусылмасын ырыс-құт!
Туған елде болсын нұрлы тыныштық-дей отыра бүгінгі бүлдіршіндеріміздің мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл жақсылықтар әкелсін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.