Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кемеңгер көшбасшы -

Кемеңгер көшбасшы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1372 | Размер: | Автор: гость
. Макинск №5 орта мектебі

Тақырыбы:
«Біздің президент-ұлт көшбасшысы»
(Тәрбие сағаты)

Жүргізген: Жилгельдиева Л.Б.

2015-2016 оқужылы

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Кемеңгер көшбасшы»
Мақсаты: Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып ел жандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу. Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін ұлттық санасы, құқықтық мәдинеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд түрінде көрсету. Еліміздің рәміздері. Елбасының қанатты сөздері. Фотосуреттер. Астанамыздыңк көрікті жерлері. Астананың символы – «Бәйтерек» монументі суреттері.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңбер болып тұрады. Шаттық шеңбер: Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан бізден.
ІІ. Елбасының дүниеге келуі тарихынан мағлұмат беру.
Елбасының ата-аналары шынымен-ақ шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе деп жүргенде анасы Әлжан Райымбек бабаның басына барып зират етіп келген түнде түс көреді. Түсінде буырқанып, дөңбекшіп жатқан теңізді көреді. Теңізге түседі, су әуелі белінен, көкірегінен, сосын мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді, тұншығамын деп қорқады, бірақ ғажабы еркін тыныстап келе жатады, аяғы теңіздің түбіне бір тиіп, бір тимейді. Келе жатып су түбінен мылтық тауып алады. Иығына мылтықты асынып алып, аршындай басып теңізді кешіп өтеді. Осы түсін ағайындарына жорытқанда «Алла жар болсын, түсің жақсы екен, құдай ұл береді сендерге» - дейді. Шынында көп ұзамай анасы Әлжанның бойына бала біткенін сезе бастайды. Сөйтіп 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында еліміздің болашақ көшбасшысы өмірге келеді.
Бұл халқының бағына туған, бүгінде әлем таныған көшбасшысына айналған, қазақ деген қайсар халықтың Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.
Елбасы «Батыр болар балаңды бетінен қақпа, белін бу» деген қағидамен қағу көрмей, еркін өсіп, ер жеткен бала батыр бабалардың басқан іздерімен балалықтың балдәуренін өткізіп, көнелерден жеткен көсем сөзбен сусындады.
Біз білетін Нұрсұлтан Назарбаев кім?
ІІІ.Бүктемелер, суреттер көрсету.
Ұлағатты әке
Мейірімді ата Өнер иесі
Нұрсұлтан

Ұлтжанды Жазушы
азамат
Ақын (Сарыарқа, Үшқоңыр, Елім менің, т.б.)

ІV. Олай болса Президенттік қызмет туралы, ол қызметті кім атқара алады? Сұрағына жауап іздейік.
- Елдің, халықтың сенімін, үмітін, бабалар аманатын арқалаған – ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетті құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз патриоат қана атқара алады.
Балалар, елбасымызды тағы да қандай қырынан танимыз?

Қазақстан Әнұранның Жоғарғы сот
Республикасының авторы кеңесінің
Президенті төрағасы

Дүниежүзі қазақтары Қазақстан
Қауымдастығының Республикасының
төрағасы ЕҚЫҰ төрағасы Бас қолбасшысы

V. Слайд көрсету Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті. Ел рәміздері. Қанатты сөздері. Астана қаласындағы астананың символы – Бәйтерек, Астананың көрікті жерлері.
Нұрсұлтан Назарбаев – әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер. Туған халқының бәйтерегі, көсемі, кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.
VI. Өлең оқу «Есіл ер». Тұманбай Молдағалиев.
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,
Халықпен бірге ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарымен бірге айтып әндерін,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі, сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдар
Саған сенбесек кімге сенгенміз осынау жердің бетінде.
Ән:«Нұр аға»
- Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанның елдігіміз үшін мақтанғанымыз. Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Дені сау, ел-жұрты аман болсын. Халқының мерейі үстем болсын. Қазақстанның қарыштай берсін. Асқақтай берсін азаттықтың Астанасы. Бүкіл түркі дүниесінің, алты алаштың айбары мен қорғаны болып отырған Елбасына Алла ұзақ ғұмыр берсін! Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан қазақ елі күн сайын емес, сағат сайын өсіп, өмір атты дауылды теңізде Нұрсұлтан атты кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде жүзіп келеді.
VII. Қорытындылау
Тәрбие сағатын аяқтап, балаларды мақтап, мадақтап қорытындылау.
Балалар: Ал адамдар қостап бізді жатады,
Ендігі күн Нұрсұлтан деп атады.
Сен бар жерде мен де бармын, бар әлем де,
Менің, сенің және оның Отаны.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.