Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кенесары  Қасымұлы бастаған  ұлт –азаттық көтеріліс -

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт –азаттық көтеріліс

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1478 | Размер: | Автор: гость
. Ташева Гульвира Төребекқызы
№27 «Аққала» жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
ОҚО, Сайрам ауданы
Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт –азаттық көтеріліс

Сабақта қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер: Топқа бөлу, ой қозғау, консепциялық карта, екі бөлімді күнделік, топтастыру.
Сабақтың түрі: Топтастыру, түсіндіру, ой туғызу, сұрақ-жауап.
Сабақтың модулі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер.
Сабақтың көрнекілігі: Презентация, кесте, карта.

Сабақтың өту барысы:
а) Ой қозғау бөлімі
1. Түрлі –түсті стикерлер арқылы оқушыларды төрт топқа бөлу.
2. Оқушылардың мотивациясын ояту. (АКТ презентация: «Кенесары –Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға», Кенесары-«Қазақ Шәмілі» атанған ұлттық батыр.)
- Нысанбай ақынның «Кенесары --Наурызбай» дастанынан үзінді.
Кенесары Наурызбай –
Абылай ханды бабасы,
Әуелгі мекен тұрағы –
Көкшетаудың даласы.
Жазғы жайлау қонысы –
Ұлытаудың саласы.
Өте залым болмаңыз,
Мұсылманның баласы.
Ақырында олардың,
Қырғыздан болды қазасы.

3. Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру.
-- Тақырыптың мазмұнын аша білуі, түсінуі
-- Топтың белсенділігі, ынтасы, зейіні, тапсырманы қорғай білуі.
-- Жауаптың дәлдігі, нақтылығы.
-- Сөйлеу мәдениеті, тақырыпқа талдау жасай алуы.
-- Тақырыпты жинақтауы, нәтиже шығара алуы.

ә) Мағынаны тану бөлімі
1-тапсырма.
Төмендегі тақырыпшалар бойынша постер дайындау (сыни тұрғыдан ойлау)
1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің алғышарттары.
2. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуінің негізгі себебі.
3. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихи маңызы.
4. Кенесары Қасымұлы құрған феодалдық мемлекеттің құрылымы.

2-тапсырма. Презентация (АКТ). Консепциялық картаны толтыру

Сұрақтар (білуге тиісті) Жауаптар (мәліметтер)
Көтеріліс аумағы
Көтерілістің басты мақсаты
Көтерілістің басты қозғаушы күші
Кенесарыны қолдаған рулар
Көтеріліске қатысқан ұлт өкілдері
Кенесары қолын бастаған атақты қазақ батырлары
Кенесарының патша өкіметіне қойған талаптары
Кенесары хандығының өзіндік ерекшеліктері

Сергіту сәті: Оқушылар шеңбер құрып, жаттығу жасайды.
Егерде сіз мектепке көтерінкі көңілмен келсеңіз—оң қолыңызды сілкіңіз.
Егерде сіз адамның шыншылдығын бағаласаңыз—алға адымдаңыз.
Егерде сіз өз күшіңізге сенсеңіз—аяғыңызды қозғаңыз.
Егерде сіз адамдарды , олардың ұлтыны қарамай құрметтеу керек деп санасаңыз—артқа шегініңіз.
Егерде сіз мемлекет қамын ойласаңыз – шапалақтаңыз.
Егерде сіз өзіңізді патриот деп санасаңыз—қолыңызды жоғары көтеріңіз.
Егерде сіз мемлекетіміз басты орында болады деп сенсеңіз—екі қолыңызды алға созыңыз.
Егерде сіз мемлекет болашағы біздің қолымызда деп сенсеңіз—қол ұстасыңыз.

3 тапсырма: Сандар сөйлейді (оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау)
3
1 3

4

7 4 4



2 5 5

1

4 - тапсырма . Екі бөлімді күнделік (АКТ)

Уақыты Тарихи оқиғалар
1837 жыл
1838 жыл
1841 жыл
1842 жыл
1843 жыл
1844 жыл
1845 жыл
1847 жыл

б) Толғаныс бөлімі.

5 - тапсырма. Топтастыру.

Хан
Талантты қолбасшы
Тәжірибелі саясатшы



Мемлекет қайраткері
Қазақ Шәмілі

Қайтпас, қайсар, қаhарман
Абылай ханның ісін
жалғастырушы тұлға

Жүрек жұтқан
батыр Құралайды көзге атқан мерген

Оқушыларды бағалау. (Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша)

№ Оқушылардың аты-жөні Тапсырмалар Жиынтық баға
І ІІ ІІІ ІV V
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21

--Рефлекция жаздыру.
--Үйге тапсырма: «Кенесары –Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға» тақырыбында ой толғау жазып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.