Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кенесары  көтерілісінің  жеңілу  себептері -

Кенесары көтерілісінің жеңілу себептері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1149 | Размер: | Автор: гость
. Курманбеков Айдархан Кенесбаевич,
Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Тақырыбы: Кенесары көтерілісінің жеңілу себептері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ресей империясының ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы отарлық саясатына қарсы Кенесары көтерілісінің мән-мағынасын жете түсіндіру.

Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту, дивергентті ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың Отанын, халқын сүюге, тілін, туған жерін,

Сабақтың типі: СТО технологиясына негізделген алған білімді толықтыру сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстырмалы сараптау, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, оқулықтар, бүктемелер.т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Кенесары хандығы.
А) Хан сайлануы.
Б) хандықтағы өзгерістер
Г) басқару жүйесі

3-4 оқушыдан үй тапсырмасы бойынша сөйлету.

Мотивация (Ой қозғау).
Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады.
А) ұлт-азаттық көтеріліс
Б) Кенесары кім?
Г) Көтерілісті «шоқтығы биік көтеріліс» деп атауға бола ма?

Көтерілістің мақсаты:
-Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.
-Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
-Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.

Көтерілістің себептері:
Азаттық үшін күрескен әкесі, ағалары, туыстарының ерлікпен қаза болуы, қоқандықтардан қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.
Көтерілістің қозғаушы күші:
Қазақ шаруалары, би, сұлтан, старшындар да қатысты.

Көтерілістің сипаты:
Ұлт-азаттық және отаршылдық езгіге қарсы.

Көтерілістің барысы қалай болды?
1837 ж. Қараша - Кенесары Перопавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді.
1838ж. 26 мамыр- Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1841.ж. тамыз – Кенесары хандық билікті иеленіп, феодалдық мемлекет құрды.
1841ж.- Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды.
Патша үкіметі кқтеріліске қарсы шаралар ұйымдастыра бастады.
- 1842 жыл- Орынбор генерал- губернаторы Обручев әскері жіберілді.
- 1842 жыл- Сібірден Сотников әскері жіберілді.
- 1843 жыл- І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді.
-1847 ж. Сәуір- Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кірді.
-1847 жыл- Майтөбе шайқасында Кенесары 32 сұлтанмен қаза тапты.

3.Жаңа сабақ.
Жеңілу себептері:
- Қазақ халқының рулық- патриархалдық жіктелуі.
- Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің көтерілісті қолдамауы.
- Руаралық қайшылықтар.
- Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі.
- Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып
- күшін сарқыған Кенесары тобының Ресейге қарсы біріге алмауы.
Тарихи маңызы:
- Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.
- ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресейге қарсы азаттық күрестердің құрамдас бөлігі.
- Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті.

Өткен сабақтармен байланыстыру мақсатында «Сандар сөйлейді»
тапсырмасы беріледі.

1773-1775. 1783-1797, 1836-1838, 1855-1858.
Көтерілістер ұқсастығы ерекшелігі
К.Қасымұлы көтерілісі


Исатай мен Махамбет көтерілісі
С.Датұлы көтерілісі

Хронологиялық кесте жасау. (дәптермен жұмыс)

1837 жыл қараша;
1838 жылдың көктемі,
1839 ж. мамыр;
1838 ж. жазы мен күзі;
1841ж. тамыз;
1842 ж.
1843 ж. маусым;
1843 ж. тамыз;
1843 ж. тамыз айының 17-сі;
1844 ж. шілденің 20-21 і;
1844 ж. аяғы;
1845 ж. сәуірі;
1845 ж. жазы;
1845 ж. қазан мен қараша;
1847 ж.
Кенесары хан көтерілісіне байланысты видио үзінді көру.
4.Сабақтың бекіту.
Оқушылардан Кенесары жайындағы жазылған әдебиеттерден қосымша мәліметтер сұрау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: М. Жұмабаевтың бір шумақ өлеңін талдау.
Арқада Көкшетауға жер жетпейді.
Басқа жер көңілді ондай етпейді,
Ту тіккен Абылай ата кең даламда,
Қазақта хан Кенеме ер жетпейді.
5. бағалау .
6.Үйге тапсырма. Кенесары хан жайлы қосымша мәліметтер жинап, эссе немесе реферат жазу.
Тел: +7 705 844 14 10
Эл.почта: [email protected]
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.