Меню
Назад » » »
Кенесары және Тәуелсіздік
загрузка...

загрузка...
Бекітемін: Келісемін: Уақыты: 2.10.14 Сыныбы:11а
Сабақтың тақырыбы: Кенесары және Тәуелсіздік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ресей империясының алғашқы жартысындағы отарлық саясатына қарсы Кенесары бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын кесте арқылы түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту
Тәрбиелілік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: СТО ,интерактивті түрде.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстырмалы сараптау, талдау.
Көрнекілігі: Кенесары хан туралы слайд, тест сұрақтары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеп сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: тест арқылы тексеру
Жоспар:
І. Мотивация (Ой қозғау).
Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады: Көтерілісті «шоқтығы биік көтеріліс» деп атауға болама?
( оқушылардың ауызша жауаптары тыңдалады және сабақтың соңында бұл сұраққа қайтып келетініміз ескертіледі.)
ІІ. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Көтерілістің басталу себептері ХІХғ-дың 20жыл-а Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңт. өңірі Қоқан бектерінің билігінде болды. Хиуа хан-ы шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетті. Сыр бойына бекініс тұрғызып, қазақ халқының тыныштығын бұзды. 1822 ж. жарғыдан соң, патша үкіметінің қысым, жазалау саясаты күшейді. Қазақ халқын ежелгі мекенінен айырып, тонау саясатын жүргізді. Осыған қарсы көтеріліс бастаған Саржан Қасымұлын 1836ж. Қоқан ханы өлтірді жүргізді.
1822 жылдан бастап, Кенесарының әкесі Қасым өзінің балаларымен бірге Ресейге қарсы күрес жүргізді. Қасым да, Есенгелді де азаттық үшін күрес жолында Ташкент билеушілерінің қолынан қаза тапты. Көтерілістің басты себебі: қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.
Көтерілістің мақсаты Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу.
Көтерілістің басты қозғаушы күші
Қазақ шаруалары. Сонымен қатар егіншілер, старшындар, сұлтандар да ат салысты.
Көтеріліс қамтылған аймақ
Барлық үш жүзді қамтыды:
Кіші жүзден - шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас.Ұлы ж-н – үйсін, дулат және т.б. рулар қатысты.
Көтерілістің тарихы маңызы
Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.
Халықтың ұлттық сана - сезімінің өскендігін дәлелдеді.
Кенесары Қасымұлы – саясатшы, мәмілегер, батыр, ұлт – азаттық қозғалысының қолбасшысы, Абылай ханның ісін жалғастырушы, ең соңғы хан. Ол патша үкіметінің озбыр саясатын бейбіт жолмен шешуге тырысып, патша үкіметінің Қазақстандағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.
ІҮ.Көтерілістің барысы: хронологиялық кесте жасау:
Даталар Оқиғалар
1837ж, қараша;

1838ж, 26 мамырда;

1838ж, күзінен;

1841ж, тамыз; Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарына алғаш рет шабуыл жасады.
Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
ҚозғалысКіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.
Кенесары қолының Ташкентке шабуылы жұқпалы аурудың таратылуынан тоқтатылды.
Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізген шаралары.
Даталар Оқиғалар
1842ж

1842ж
1843 жылғы 27 маусымда
1843 ж тамызда

1844ж. шілденің 20-21;
1844ж. аяғы;
1845жжазында Орынбор генерал – губернаторы Обручев әскері жіберілді.
Сібірден Сотников тобы аттанды.
І Николай Старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді.
Сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Герн, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.
Көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.
Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін войсковолық старшина Леведев Орынборға шақырылып, сотқа берілді.
Ырғыз, Торғай өзендері бойында бекіністер салынды.

Кенесарының Сарыарқадан ұлы жүзге қарай бет алуы.
- Қоқан езгісіндегі қазақтарға дербестік алуға көмектесіп, өзіне тірек жасауды ойластырды
Даталар Оқиғалар
1845ж.қазан, қарашада
1847ж, сәуірде

1847ж, Көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қорған бекіністерін алды.
Кенесары 10мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.
Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты
Көтерілістің жеңілу себебі:
- Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.
- Руаралық қайшылықтар.
- Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық көрсетуі.
ҮІ.Сабақты бекіту
1. К.Қасымұлы бастаған көтерілістің ұлт – азаттық сипатта болғанын немен дәлелдейсіңдер?
2. К.Қасымұлы туралы ғалымдар әртүрлі айтып келеді. Біреулері оны ханның тұқымы, өзімшіл, баққұмар десе , екіншілері – мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат дейді сендердің пікірлерің өз ойларыңды дәлелдеңдер.
3. Егер Кенесары жеңілмесе, өлмесе, өз іс - әрекетін қалай жалғастырушы еді?
Қорытынды: М.Жұмабаевтың өлеңін талдау.
Арқада Көкшетауға жер жетпейді
Басқа жер көңілді ондай тербетпейді,
Ту тіккен Абылай ата кең даламда,
Қазақта Хан Кенеме ер жетпейді.
Қазақ халқының ұлы батыры және соңғы ханы Кенесары туралы атақты тарихшы Е.Бекмаханов тарихи шындықты жазғаны үшін,25 жылға сотталды. Аяусыз азап тартты. Бекмахановты қолдағаны үшін М.Әуезов, Қ.Сатпаевтар қуғынға түсті.
Ел үшін ерлік күресте Хан Кене өлімді де асқан ерлікпен қарсы алады. Кенесары өлім алдында туған елімен, жерімен қоштасып ән салады. Кенесарының соңғы сәтін қырғыздар былай суреттейді. «Кенесары жиналған жұртқа қарап, алыстағы талдарға, күн шуағы төгілген аспанға қарап әнін аяқтады. Кенесары үні, ерлігі тауды жаңғыртып қара жерді тебіренткендей болды»,- дейді
Сабақ соңында проблемалық сұраққа қайта келіп, оқушылардың жауабын салыстыруға болады.
Көтерілісті «шоқтығы биік көтеріліс» деп атауға болама?
Қорыта айтқанда, жасындай жарқылдап өткен Кене хан бастаған 1837-47 жылдар аралығындағы жалпыұлттық қарсылық – бүгінгі мемлекеттілік тәуелсіздігімізбен ұлттық жаңғыруымызға жетер жолдағы еш уақытта өз маңызын жоғалтпайтын тарихи кезең. Ал Кене хан әрқашанда Отанға қызмет етудің биік үлгісі болып қала бермек.
ҮІІ.Бағалау.
Үйге тапсырма: Кенесары Қасымұлының өмірімен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Кенесары және Тәуелсіздік можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 320 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar