Меню
Назад » » »
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Тест Сабақтың мақсаты:
загрузка...

загрузка...
Атырау қаласы
Н.К.Крупская атындағы
№18орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Сейткалиева Меруерт Муратовна

Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Тест
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру, алған білімдерін тиянақтау .
Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: топтың ережесі, сабақтың ұраны, бағалау парағы, сызба – нұсқалар, пайдалы қазбалар картасы, постер, фломастер
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, семантикалық карта, түсіндірмелі, көрнекілік, ой қозғау, тест
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі сабақта қолданатын ұранымыз:
Дүниетану сөзі
Жер - Ана, кен - байлық, табиғатты сүйетін
Әрбір сабақ
Үйрену, ұғу, іздену, көп ғибрат алатын
Әрбір ісім
Тірлік, бірлік, адалдық пен шыншылдық
Әрбір күнім
Білімге зейін салатын,- дей отырып, сабақта үнемі есте боларлық ережені еске салып өтейін
1. Бір - бірімізді тыңдау, қатысу
2. Уақытты үнемдеу
3. Ойымызды еркін айту
4. Тақырыптан ауытқымау
5. Анық, нақты сөйлеу
Біз осы ережелерді сақтай отырып, бүгінгі сабақта өз білімімізді жан - жақты көрсете білейік. Алдымен -Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалар тарауынан алған білімдерімізді қайталаймыз. Әр топтың өз басшылары бағалау парағы арқылы оқушылардың тиісті бағаларын қойып отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (адамға пайдасын тигізеді, қазып алынады)
Пайдалы қазбалар өндірілетін жерді қалай атайды? (кен орны)
Пайдалы қазбалардың қолдануына қарай неше топқа бөледі және оларды ата?
( 3 ке 1. Жанғыш пайдалы қазбалар, 2. Кен пайдалы қазбалар, 3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар)
Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады? (тас көмір, мұнай және газ)
Түсті металл кендерін ата? (мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс)
Мыс пен мырыштың қоспасынан қандай металл алады? (жез түсі сарғыш, қатты, тот баспайды)
Картада газ қандай түсті мұнара белгісімен белгіленеді? (ақ мұнара)
Ең ірі Соколов –Сарыбай кен орнын ашқан кім? (ұшқыш Сургутанов 1948ж)
Қазақстанда қаншаға жуық көмір кендері бар? (400-ден астам)
Майлы, қоймалжың сұйық зат. Ол жақсы жанады, көп жылу бөледі және күлін қалдырмайды. Бұл не? (мұнай)
Ашық әдіспен өндірілетін көмір кен орны еліміздің қай қаласында? (Екібастұз)
- Ең алғаш көмірдің табылуына өз үлесін қосқан, оны жылыну үшін жағып көрген кім еді? (Аппақ Байжанов)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту, жаңа сабаққа дайындық кезеңі
2- тапсырма: «Семантикалық карта» беру
Пайдалы қазба түрлері Мұнай Темір Тас көмір Мыс Әктас Алюминий Ұлутас Алтын Мырыш Ас тұзы
Кенді пайдалы қазбалар
Жанғыш пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
ҮІ. Жаңа сабақ
Барлық топқа бірдей: «Ой қозғау»
-Сонымен балалар кенге жатпайтын қандай пайдалы қазбалар бар?
3- тапсырма: «Жоспар бойынша сипаттама»

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар Өндірілетін кен орындары Қандай қасиеттері бар Маңызы,
пайдасы Шартты белгісі


Фосфорит - Әктас - Ас тұзы -

V. БекітуКартамен жұмыс. Сабағымызды қорытындылай келе, пайдалы қазбалар тарау бойынша тест тапсырмасын орындаймыз.

«Тест»
1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә)3
Б) 4
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тас көмір, мұнай, газ
Ә) мұнай, гранит, мыс
Б) газ, тас көмір, қорғасын
3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
А)газ
Ә)құм
Б)металл
4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
А)Өскемен, Семей
Ә)Қарағанды, Екібастұз
Б)Маңғыстау, Атырау
5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
А)тас көмір, мұнай
Ә)қорғасын, алюминий
Б) мұнай, газ
6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?
А) Шығыс Қазақстанда
Ә)Орталық Қазақстанда
Б)Солтүстік Қазақстанда
7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
А)тұз, фосфорит,әктас
Ә) мұнай, гранит, тұз
Б) фосфорит, газ, металл
8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:
А)Кентау
Ә)Соколов-Сарыбай
Б)Өскемен
9. Кен орны деп нені айтады?
А)пайдалы қазбалардың шоғырланған жері
Ә)пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер
10. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?
А) фосфорит, мәрмәр
Ә) бензин, газ, жанармай
Б)жанғыш газ,әктас

Дұрыс жауабымен салыстыр және бағала.

1.Ә
2.А
3.Б

4.Ә
5.Б
6.Ә
7.А
8.Ә
9.А
10.Ә
VI. Бағалау
VII Рефлексия
-Не білдік?
-Не қызықтырды?
-Алған әсерлерің?
VIII. Үйге тапсырма: оқу, қосымша материалдар жинақтау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Тест Сабақтың мақсаты: можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 344 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar