Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кері есептер. Тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданы арасындығы тәуелділік. -

Кері есептер. Тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданы арасындығы тәуелділік.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 11812 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы Кері есептер. Тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданы арасындығы тәуелділік.
Сілтеме Математика Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, Ж.Т.Қайыңбаев, тб
Слайд ; Интернет желісі;yandex.kz.
Жалпы мақсаты Есептерді шығару барысында көбейтудің қасиеттерін қолдануды бекіту,шамалар арасындағы тәуелділікке негізделген өзара кері есептерді шығара алуға үйрету
Міндеттері - Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін,шығармашылығын дамыту.
- Ұқыптылыққа, тез есептей білуге, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі - Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін,шығармашылығын дамыту.
- Ұқыптылыққа, тез есептей білуге, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Уақыты Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушы іс - әрекеті
3мин Психологиялық дайындық.
Бір-бірімізге тірекпіз,
Бірге соққан жүрекпіз,
Аламыз білім жақсы ғып,
Тілейміз сізге сәттілік.
Ұйымдастыру. Сәлемдесу
Жарайды балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс. -Қыс мезгілінде желтоқсан айында қандай мереке бар?
16-желтоқсан –Тәуелсіздік күні
Ендеше,балалар біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 11 қараша күні жолдаған жолдауында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауында осы сыныптан ең үздік оқушыларды анықтау керек деп тапсырма беріпті.Ол үшін әрбір дұрыс орындалған басшымыздың жұлдызшаларымен марапатталып отырады,сабақ соңында ең үздік топ анықталады.
-Ендеше, бар күшімізді салып тапсырмаларды орындайық Мұғаліммен сәлемдесу

3мин Үй тапсырмасын сұрау. № 2,б № 7 114 - 115 бет Оқушылардың есептерін тексеру
5мин Жаңа сабақ:
-Оқушылар, барлығымыздың алдарыңда парақшалар берілген. Сол парақшалар арқылы менің бағытым бойынша қабырғалары 5см,3см – мен өлшеп сызық жүргіземіз.Қане, оқушылар сонымен қандай фигура пайда болды? Тік төртбұрыш.
-Ал, ендеше балалар маған кім айтады, тік төртбұрыш дегеніміз не? Оның неше қабырғасы, бұрышы болады?( оқушылардан сұрау)
Ойын: «Тауып көр»
Қандай заттар тік төртбұрышты түрінде болып табылады?
Бөлменің ауданын табу
Тік төртбұрыштың ауданы бірдей бірлікпен алынған оның ұзындығының еніне көбейтіндісіне тең.
«Кім шапшаң»ойыны
Мұғалімнің жетекшілігімен шығарылады.Оқушылар өздері тік төртбұрыштың ұзындығы,ені ,ауданы арасындағы тәуелділік жайлы қорытынды шығару керек.
Ендеше балалар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты да- тік төртбұрыштың ұзындығы,ені мен ауданы арасындағы тәуелділік Әр топ өз орталарында берілген есепті шешіп жауабын айтады.
5мин № 1. Фигураның ауданын тап:
А. Қабырғалары 10см және 3см тік төртбұрыштың;
Ә. Қабырғасы 4дм шаршының;
Б. Ұзындығы 3м, ені 2м кілемнің;
В. Ұзындығы 20м және ені 7м бөлменің.
3мин № 2. B C
AB= 3см
BC= 6см А D
Р = (AB + BC) ∙ 2 = (3 + 6) ∙ 2 =18см
S = AB∙ BC = 6 ∙ 3=18 см2
3мин № 3.
А. Шаршы тәріздес ауланың ауданы 64 м2 .Оның периметрін есептеп шыгар.
Ә. Ауданы 150 м2 тік төртбұрыш тәріздес алаңшаның ұзындығы 15м. Оның периметрі неге тең?
4мин № 4.
А. Есіктің ұзындығы 20дм, ал ені 8дм. Ауданын тап. 20 ∙ 8=160дм2
Ә. Есіктің ауданы 160дм2. Есіктің ұзындығы 20дм. Енін тап.160:20
Б. Есіктің ауданы 160дм2. Ені 8дм. Ұзындығын тап. 160:8
В. Тік төртбұрыш тәріздес жердің ұзындығы 18м, ені 10м. Осы жердің ауданы қандай? 18 ∙ 10 =180м2
Кері есептер құрастыр және шығар
2мин Сергіту сәті: «Көңілді күн» бейне ролигі Қимылмен жасайды.
6мин № 5.
556 + 269 = 825 753 – 144 = 609 854 – 165 = 689
918 - 199 = 719 980 – 573 = 407 179 + 678 = 857
167 + 265 = 432 212 – 136 = 76 670 – 312 = 358
5мин № 6. Салыстыр:
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1
2 12 12 8 5 9 4 5 3 6 4 8
2мин Рефлексия.
Балалар, біз бүгін сабақта не істедік? №6 есепті талдау
2мин Бағалау. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
2мин Үй тапсырмасын беру. № 7 120 бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.