Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кестелер. Кестелерді құру. -

Кестелер. Кестелерді құру.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1878 | Размер: | Автор: Публикатор
. Набиханова Эльмира Сейлхановна,
№ 22 жалпы орта мектептің Информатика пән мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру.



Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға кестелермен және мәтіндік
процессор құралдары арқылы оларды құрудың ережелерімен
таныстыру;
ә) тәрбиелік: оқушыларды техника қауіпсіздік ережелерін
сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға,
жылдамдыққа, жүйелікке тәрбиелеу;
б) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін,
оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, жаңа сабақты түсіндіру, өткен тақырыпты
қайталау, практикалық жұмыс.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютерлер, тест сұрақтары, интерактивті тақта
слайдтар топтамасы, кеспе парақтар, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесу;
- оқушыларды түгелдеу;
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ - жауап)
1. Басып шығару үшін әдетте қағаздың қандай мөлшерін қолданамыз? (А4 форматта)
2. Құжаттың емле қателерін қалай тексереміз? (F7 пернесі басу арқылы)
3. Құжатты қағазға басып шығарудың дайындық кезеңдерін атаңдар
(принтердің атын, сол беттің нөмерін, қанша дана екенін және басқа да басп шығару параметрлерін көрсетуге болады)
4. Алдын ала қарау бұйрығы не үшін керек?
(басылып шығатын беттердің қағазда қандай түрде болатынын көрсету)
5. Алдын ала қарау терезесінен қалай шығамыз? (жабу батырмасының көмегімен)
6. Басып шығару параметрлерін баптау үшін? (Басып шығару бұйрығын қолданады)
7. Басып шығару құрылғыларының неше түрі бар? (3 түрі бар)
8. Тез басып шығару бұйрығының Басып шығару бұйрығынан айырмашылығы неде? (Құжатты бірден принтерге жөнелтеді)
3. Үй тапсырмасын пысықтау. (тест сұрақтары)
1.Беттің өлшемдерін қандай бұйрықтармен баптайды?
А) жолақтың Бетті белгілеу Беттің өлшемдері бұйрығымен
В) веб-құжаттың терезесінде
С) жолақтың Түр Масштаб өлшемдері бұйрығымен
Д) жолақтың Басты Беттің өлшемдері бұйрығымен
2. Құжатты Алдын ала қарау және басып шығару бұйрықтары қайда орналасқан?
А) Office батырмасының мәзірінде
В) жолақтың Басты тіркеме парағында
С) Office Басып шығару батырмасының мәзірінде
Д) жолақты Түр тіркеме парағында
3. Беттің альбомдық теру бағытында:
А) биіктігі енінен үлкен
В) мөлшері бойынша жиекжолақтар тең
С) ені биіктігінен үлкен
Д) ені мен биіктігі тең
4. Беттің кітаптық теру бағытында:
А) биіктігі енінен үлкен
В) мөлшері бойынша жиекжолақтар тең
С) ені биіктігінен үлкен
Д) ені мен биіктігі тең
5. Айналық жиекжолақтарды пайдалану керек болатын жағдайлар:
А) парақтың екі жақ бетіне басып шығару
В) парақтың бір жақ бетіне ғана басып шығару
С) құжатты тарауларға бөлу
Д) құжатты екі тең бөлікке бөлу
6. F7 пернетақтасының қызметі:
А) қаріптің кеглін өзгертеді
В) емле қателерін тексереді
С) жоларалық интервалды баптайды
Д) бетті жаңартады.
7. Басып шығару беттерінің диапазонын тағайындау үшін қолданылатын белгілер:
А) нүктелі үтір және дефис
В) үтір
С) дефис
Д) үтір және дефис
4. Білімдерін жан – жақты жетілдіру «Ребус шешу»

5. Жаңа сабақты меңгерту
Кесте құру. (Керекті командаларды дәптерге жаздырып отыру)
Кесте –бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай да бір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. WORD мәтіндік редакторында кесте құру үшін Таблица→Добавить таблицу немесе Вставка-Таблица-Вставить таблица командасын орындаймыз. Экранда Вставка таблицы диолгтік терезесі пайда болады. Оған қажетті қатар мен бағандарды енгіземіз. WORD үнсіз келісім бойынша 2 баған ұсынады, бірақ қашан болса да енгізуге болады.
Таблица→Добавить столбцы командасын орындап кестеге баған қосуға болады.
Число строк операциясының өрісінде кесте жолдарының саны еңгізіледі. Кейін Таблица→Добавить өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған AUTO параметрін қолдануға болады, не баған ить строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады. Ширина стол екенін мәнін енгізуге болады.
Егер AUTO параметрі қолданылса, онда барлық бағандардың ені бірдей болады.
Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер.
Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жүзінде қолданылмайды.
Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктір қажет ұяшықтарды белгілеп алып:
- Контекстік менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.
- Макет - Объединить ячейки
Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа маусты орналастырып:
- Контекстік менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз.
- Макет - Разбить ячейки
Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:
- Конт менюден-Удалить строки немесе Удалить столбцы
- Макет- Удалить строки немесе Удалить столбцы
6. Сергіту сәті
7. Практикалық жұмыс (дербес компьютермен жұмыс)
№1 тапсырма: 6 бағанадан 5 жолдан тұратын кесте сыз, бағаналардың енін өз
қалауларың бойынша өзгертіңдер
№2 тапсырма: Кестеге екі бағана және екі жол қосыңдар
№3 тапсырма: Кестеден бір бағана және бір жолды өшіріңдер
№4 тапсырма: Кестеде бірінші жолдың және соңғы екі бағанның ұяшықтарын
біріктіріңдер.
№5 тапсырма: 6 «ә» сынып оқушылары туралы қысқаша мәлімет жаз.
8. Жаңа сабақты түсіну үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.
1. Кестені даярлау үшін.... Кесте > Кесте қосу
2. Ұяшықтарды біріктіру үшін...... Кесте > Біріктіру
3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты
4. Ұяшық дегеніміз не?....... Баған мен қатардың қиылысуы
5. Кестеге жақтау орналастыру үшін........ Формат> Шекара және Құю > Шекара
6. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... tab
7. Ұяшықтарды бөлу командасы........... Бөлу
8. Жолдарды кірістіру............... Кесте > Кірістіру > Жол қосу
9. Жаңа сабақты бекіту. «Кім жүйрік?»
1. Кесте дегеніміз не? (бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат)
2. Ұяшық дегеніміз не? (қатар мен бағанның қиылысуы)
3. Кестелер неден тұрады? (қатарлар мен бағандардан)
4. Баған, жол сөздерінің орысша аудармасы? (столбцов, строк)
5. Кестенің соңына жаңа жолды қалай қосуға болады? (Таb)
6. Ұяшықтарды қалай біріктіреміз? (ерекшелеп Обеденит ячейки батырмасын басу)
7. Жолдарды қалай өшіреміз? (ерекшелеп алып удалить строк)
8. Кестенің бір ұяшығына кері жылжу үшін қандай пернелерді басу керек ? (Shift+Tab)
10.Бағалау:Оқушы білімін бағалау
11. Үйгетапсырма: Кесте құру .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.