Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Хайуанаттар дүниесі -

Хайуанаттар дүниесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1880 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы
Қуағаш орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Аманшиева Элеонора Сериковна

Сыныбы 4 Пәні: әдебиеттік оқу
Тақырыбы
Хайуанаттар дүниесі

Мақсаты
«Хайуанаттар дүниесі» өлеңінін мағынасын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже А) «Хайуанаттар дүниесі» өлеңнің мағынасын түсінеді;

В)Хайуанаттар дүниесі туралы мысал келтіре алады;

С) Хайуанаттар дүниесі туралы білімін өмірде қолдана алады;
Дереккөздер, құрал-жабдықтар Видеоподкаст, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, стекер, телефон.
Сабақтың барысы Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

1 мин

7 мин 1.Оқушылармен амандасу.
Тұлғааралық байланысты орнату.
Психологиялық дайындық. Күндей жадырап,
Айдай арайланып
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау
«Қазақстан радиосына» қоңырау шалу. Бағдарламаға қонаққа бір оқушы келеді, қалғандары оған телефон арқылы сұрақ қояды. -Мұғаліммен амандасады

Барлығы бірге қосылып айтады.

Ортаға шыққан оқушы сұрақтарға жауап береді, қалғандары сұрақ қояды.
Тұсаукесер


7 мин

Балалардың қызығушылығын ояту үшін.
«Ойлан, тап» ойыны.
Видеопоткаст көрсету. Онда балалар үй жануарларын жасырын түрде атын айтпай суреттейді. Ортаға төрт оқушы шақырылып, оларға сұрақтар қойылады. 1.Ауылға ата әжеңе бара жатырсын, бірге кімді ерітіп әкетесің?
2.Қой бағуға кімді ерітіп кетесің?
3.Сиырларға су беруге кімді ерітесің?
4.Ойнауға кіммен барасын?
Таңдаған сыныптастарымен 4 топқа бөлу.
1-топ «Сиыр»
2-топ «Түйе»
3-топ «Жылқы»
4-топ «Қой мен ешкі».

-Балалар жаңағы көрген видеопоткасттарын не туралы?
- Бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін?
-Оларды неге үй жануарлары дейді?
-Үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар?
-Жарайсыңдар! Керемет!
Ендеше біздің оқулығымызда олар туралы не жазылғанын қарайық.

Балалар жасырылған заттың атын табады.

Сұрақтарға жауап береді.

Сынып төрт топқа бөлінеді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім

10 мин

7 мин

6 мин Олай болса қазір бізде жәрмеңке.
-Жәрмеңкеде не болады?
-Сатушылар сатып тұрған өнімдерін қалай өткізеді?
І.Жәрмеңке әдісі
1 – топ сиырды, 2 – топ түйені,
3 – топ жылқыны, 4 – топ қой мен ешкіні жәрмеңкелейді.
Ең алдымен балалар кітаптағы өз тобына байланысты өлең жолдарын оқып алады, кейін топта талқылайды. Топта талқыланып болған соң бір өкіл топта қалып, қалғандары сағат бойымен жылжып барлық топтардың жәрмеңкелерін тыңдап шығады. Қай топтың өз өнімдерін жәрмеңкелегендері ұнайды сол топтын өнімін сатып алады.

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.

ІІ.Сәйкестендіру
Қозыны шөре-шөре
Ботаны пұшайт-пұшайт
Құлынды құрау-құрау
Бұзауды көс-көс
Лақты аухау-аухау

Топтар бір – бірін тексереді, бағалайды.

Сергіту сәті «Көңілді жаттығу»

ІІІ.Ертегіні жалғастыр.
Әр топттарға шағын аяқталмаған ертегілер беріледі. Топтар бірігіп ертегіні аяқтап, басқа топтарға айтып береді.
1.Ерте –ерте ертеде бір ақымақ қасқыр болыпты. Ол өзіне жемтік іздеп келе жатып, бір құлынға жолығады. Қасқырдың көзі жайнап кетеді...
2.Баяғы заманда қасқыр, түлкі, жолбарыс және түйе дос болып, бір өрісте жайылыпты. Басшылары ретінде жолбарысты сайлапты.
- О, патшам! Біздің азығымыз бітті. Жаңа азық қорын жинауға мүмкіндік болмады. Сондықтан біздің біреуімізді жеуіңізді өтінеміз!...
3.Ертеде алты ешкі жолдас болыпты. Алтауының біреуінің мүйізі сынық болыпты. Мүйіздері сау бес ешкі оны мазақ қылып жүретін...
4.Ерте заманда сымбатты сиыр болыпты. Сиырға ешбірі ілесе алмапты. Келе – келе сиырда өркөкіректік пайда болады...

Бағдаршам әдісі арқылы бағалау.

ІҮ. 1-топ үй жануарлары туралы ән дайындайды.
2-топ үй жануарлары туралы өлең құрастырады.
3-топ үй жануарларының пайдасы мен зияны туралы постер дайындайды..
4-топ үй жануарларына байланысты ермексазбен жұмыс дайындайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Кітапта берілген «Хайуанаттар дүниесі» өлеңін оқиды. Топта талқыланады.

Өкілдер өз өнімдерін жәрмеңкелейді, ал қалған топ мүшелері сағат тілімен жылжып топтардың жәрмеңкелегендерін тыңдайды.

Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Топтар сәйкестендіруді бірігіп орындайды.

Топтар бір – бірін бағалайды.

Сергіту сәтінде көрсетілген қимылдарды қайталайды.

Топтар өздеріне берілген ертегілерді бірігіп топта талқылап, құрастырып келесі топтарға айтады.

«Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір – бірін бағалайды.

Әр топ өздеріне берлген тапсырмаларды орындайды. Болғаннан кейін топтар алдында қорғайды.
Қорытынды

5 мин

3 мин

Рефлексия
Маған не ұнады?
Мен не үйрендім?

Менің көңіл күйім

- Қалай ойлайсыздар балалар, бүгін сабаққа кім жақсы қатысты.
Үйге тапсырма өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттап, төрт түлікке байланысты ырым-тыйым сөздерді жаттап келу.
Бағалау.
Балалар өз ойларын айтады.

Әр бала өздерінің сабақтан аяқталғаннан кейінгі көңіл-күйлерін алдарындағы фличартқа салады.

Балалар ұсынған оқушыларға смайликтер беру.

Бағаланады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.