Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ БІРІ -АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ -

ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ БІРІ -АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1195 | Размер: | Автор: гость
. 2015 жыл. Сентябрь.
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ БІРІ -АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ

Сайрам ауданы, №81 Мирза Улуғбек атындағы мектеп,
бастауыш сынып мұғалімі
Султанкулова Клара Абдумажитовна
Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу - отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi - келешек ұрпақтың рухани дамуы. Жаңарған бiлiм беру жүйесiнiң анықтаушы белгiлерiне мыналар жатады: басты мақсат - бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын беру емес, жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қатынасқа тәрбиелеу. Мұның өзi бүкiл оқудың мазмұнын қайта қарауды талап етедi. Бұған дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келдiк. Ендiгi мiндет қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау. Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бүгiнде мектептерде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi. Тәрбие адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн мақсатты iс- әрекет процесiнде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс-әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi. Жеке адамды бөлшектемейтiн, оның мүддесiн қоғам мүддесiмен ұштастыратын жоғары мотивтердiң жалпылану және тұрақтылық дәрежесi жарасымды дамуды тудырып, бiздiң қоғамның адамгершiлiк нормаларына сай келетiн жеке адамның қалыптасқандығын дәлелдейдi. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру - тәрбиенiң өзегi. Адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдық мiнез-құлық (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л.Кольберг «адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез-құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi»- деп түсiндiредi. Адамгершiлiк ұғымы iзгiлiк, гуманизмнiң синонимi ретiнде адамның игi мақсатына айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесi мен қоғамдық ахуал ретiнде неғұрлым кең мағынада қолданылады. В.Соловьев: «Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы» - деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. [2] Тәрбие мәдениетi - өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы. Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдық-этикалық дәстүр мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып, өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, бастауы бола алады. Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады. Бұған А.Д. Макаренконың «Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер»- дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеліп тiрейдi. Тәрбиенi дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгершiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып «Тәрбие көзi- халықтық педагогика» -деген тұжырымға келген. [5] ХХ ғасырдың бас кезінен бастап, қазақ зиялылары өз ұлтының тағдырына ой жіберіп, барлық күш – қайрат , ақыл – ойларымен халқын қалайда іргелі елдер қатарына қосуды арман етті. Бүгінде ортамызға қайта оралған А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М.Дулатов, Ш. Құдайбердиевтердің мәдени – рухани мұралары жас ұрпаққа тәрбие, білім беруде кеңінен пайдаланылуда. [1] Олар қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, өздерінің шығармаларында және арнайы жазған оқулықтарында гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздап, халықтың реалистік дәстүрін жалғастырған. Халық педагогикасы туралы ежелгі ойшылдардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі зерттеулерде жалғасып келеді. Бұл салада қазақ халқының тәлім – тәрбие мұрасына ерекше мән беріп зерттегендер А.Янушкевич, Ә.Диваев, В.Радлов, Г.Потанин, В.Затаевич. [4] Соңғы жылдары арнайы халықтық педагогиканың зерттеген Г.Н. Волков, Е.Н. Хонбиков, А.Э. Измайлов, С.Р. Раджабов, Н.С. Сафаров т.б. Қазақстан Республикасы бойынша халықтық педагогиканың жалпы педагогика, психология, философия ғылымдарындағы алатын огргы оның тарихи даму жолын ғылыми тұрғыдан мәнін , мақсатын, мазмұнын, методологиялық негізін ашуда елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Сейсенбаев, Х.Арғынбаев, Н.Сәрсенбаев, С.Ұзақбаева, А.Мұқанбаева т.б.[2] Бұл зерттеулерде “Халық педагогикасы“ ұғымын әртүрлі мазмұн мағынада түсіндірілген. Халықтық педагогика - көп арналы, қыр – сыры мол, күрделі ғылым. Ол ұлттық өмірге немқұрайлы қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген , тарихын, әдет – ғұрпы, салт – сана, дәстүр, тәлім – тәрбие, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етуге тиіс. Халықтық педагогика – тәрбиеніің бастауы және бұлағы, ол – тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі. Ал халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады. Бұл анықтамалардан тәрбие мен оқыту жұмысы халықпен бірге өскен, бірге дамығандығын сан ғасырлар бойы халықпен қатар жасап, оның озық үлгілерін келер ұрпаққа мирас етіп келе жатқанын білеміз. Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында ғасырлар бойы жинақталған бай тәжiрибесi, бала, ұрпақ, оқушылар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр. Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмiрде, отбасында, тұрмыс, тiршiлiкте батылдық пен батырлыққа, әдiлдiк пен адамдыққа, инабат пен iзгiлiкке, иба мен иманға үздiксiз тәрбиелеп отырған. Халықтық педагогиканың мұрасының бірі – дәстүр. Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын 57 қоғам өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрі қарай дамитын халықтың қоғамдық – тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс. Халық дәстүрінің танымдылық – тәрбиелік мәні - ұлан – ғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана , адам өмірінің рухани – адамгершілік қуатының қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, баланың жан дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ. Ол – халықтың кәсібімен, салт – ғұрпымен, тілімен, тарихымен, адамгершілік қасиет- сапаларымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғам тану сатыларына қарай жетіліп, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра. Халықтың ұлттық салт-дәстүрлерi қаншама уақыт өтсе де өмiрден өшiрiлмей, керiсiнше, қазiргi уақытта қайта жарқырай түскенін күнделiктi өмiр көрсетiп отыр. Қазақ баласы да қоршаған ортаның iшкi сырларын үлкендерден сұрап, елiктеп, байқап бiлгiсi келген. Адамгершiлiк қасиет, еңбекке, өнерге, тәрбиенiң басқа түрлерiне ойын, той, қонақ, сауық сияқты жерлерде тәрбиелеп, баулып отырған. Қазақ халқының ғасырлар бойғы жинақталған дәстүрлерінің ішінде адмгершіліктің жоғары сапаларының тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқаны оның өміршеңдігінде тәлім – тәрбие ісінде кең таратылғандығында. Адамның туған күнінен бастап барлық өмір жолын қамтитын әртүрлі рәсім, дәстүрлер бар. Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған. Әдептiлiк. Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. «Әдептiлiк - әдемiлiк»- дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз. Бауырмалдық. Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр- бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет. Қайырымдылық. «Қазақтардың» – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: «– басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет» . Жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беруде халықтың рухани дәстүрін, мәдениетін, адамгершілік қазынасын ғылыми жүйеге келтіруде халықтық педагогиканың бай мұрасының маңызы мол екенін көреміз. Халықтық педагогиканың бай мұрасында болашақ ұрпақтың ең шынайы абзал адамгершілік қасиет – сапалары, адамға деген сүйіспеншілік, қайырымдылық, шыншылдық, имандылық, кішіпейілділік, ұлағаттылық, қанағатшылдық, еңбек сүйгіштік, бауырмалдық ауыз әдебиетінің жан – жақты жанрлары арқылы берілген. Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі өмір таңу жолдары соларға беру әдістері ертеден қалыптасып, бүтіндей қол үзбеген. Сыртқы күш қанша ықпалды болса да халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендігі мақсат – ата – баба дәстүрлерінің озығын жаңғыртуды ұрпақ тәрбиесінде басты рөлге айналдыру, қазақтың ата салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану, жаңарту басты проблема. Дәстүр адамдардың рухани, мәдени тұрмысынан бөлінбейтін құбылыс. Дәстүр қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. Олар: саясатта, қоғамдық өмірдегі дәстүрде, халықтар арасындағы ынтымақтастықта, теңдікте, бостандықта, азаттықта, туысқандықта өзара көмек дәстүрінде, құқықтық қарым – қатынас дәстүрінде, ғылыми дәстүрде, оқу – білім ғылымындағы дәстүрде, отбасы жанұялық дәстүрінде, еңбек дәстүрінде. Сонымен, қай халықтың болса да ұлттық үрдісі, билікті қасиетті, өзіндік әуені, тағылым дәстүр мәртебесін биікке көтеріп тастайтыны сөзсіз. Киелі, керемет дәстүрлері арқылы ғана әрбір ұлт өзінің ұлттық бояуымен өзінің болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Табылдиев Ә. Халық тағылымы – А.: Мектеп, 1992
2. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие - А.: Білім, 1995
3. Подласый И.П. Педагогика– Питер.: Владос, 1999
4. Елікбаев Н. Ұлттық психология – А.: Білім.: 1992
5. Макаренко А.С. Педагогика индивидуального действия– М.: Книга, 1960
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.