Хандықтың 550 жылдығына арнау

  • Загрузок: 0
  • Просмотров: 583
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 15/Апрель/2016
Хандықтың 550 жылдығына арнау
Шырайын сары даламның сәнмен керген,
Тізіліп қоңыр қаздай көшкен керуен.
Бұл менің қасиетті сайын далам,
Жолында талай батыр құрбан кеткен.
Уақыттың тереңіне тамыр салған,
Сыр толы тарихым бар, емес жалған.
Талас пен Шу бойына хандық құрып,
Керей мен Жәнібек хан елін жиған.
Үш жүздің басын қосқан билер-дана.
Әділдік айтқан ханға, қараға да.
Төле би, Қазыбек пен Әйтеке би
Тарихында елімнің шыққан дара.
Ел үшін хан, батырлар өтті өмірден,
Аманат еткен жерін ұрпағына.
Бабалар жатыр бүгін сырын бүгіп,
Киелі Түркістанның топырағында.
Нәубет - сынды өткеріп тағдырыңда,
Егеменді ел болдық, бақыт - бұл да!
Тойлап жатыр бүгінде халқым менің,
Хандықтың 550 жылдығында!
Бес ғасырдың ізі бар қойнауында,
Төрт түліктің ізі бар жайлауында.
Бейбітшілік орнасын мәңгілікке,
Қазағым, сарқылмасын тойларың да!
Жазықбаева Г.Ж. 28.10.2015ж.
загрузка...
Loading...

Комментарии к записи: 0

avatar