Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Химбизнес» ойыны -

«Химбизнес» ойыны

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2015 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Тақырыбы: «Химбизнес» ойыны

Мақсаты: Оқудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалана отырып,
оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашу, білім қорларын толықтыру, саралау.

Ойынның жүрісі:
Оқушылар екі топқа бөлінеді, ойын VI турдан тұрады.

І тур: Сұрақтарға жауап беру.

ІІ тур: Элементтер туралы мағлұмат, элементтер таңбалары жазылады,
олардың аттарын атап, валенттілігін көрсету керек.

ІІІ тур: Кім білгір?
Бұл ойында бейорганикалық қосылыстарды айырып жазу керек.

ІV тур: Графикалық диктант.
Бұнда көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазу керек.

V тур: Есептер шығару.

VI тур: Тәжірибе көрсету.

Білім қоры бар оқушы банкир болып тағайындалады.
Екі топқа кеңесші сайланады.

Жүрісі:

Банкир клиенттерге сұрақтар береді. Осы арада қиындық туса клиенттер кеңесшіден көмек сұрайды. Клиенттер сұраққа дұрыс жауап беруге көмектескені үшін кеңесшіге 1 жетон береді.
Егер клиенттер кеңесшіден көмек сұрамай өздерінің берген жауабы дұрыс болмаса, кеңесші банкирге 1 жетонын береді. Банкир әр топтың жауабын мұқият тыңдайды. Ойын соңында клиенттер жетон санына байланысты бағаланады.

І тур.

І топ: ІІ топ:
1. Оттек атомының валенттілігі. 1. Атомдардың бір түрінен түзілген заттар.
2. Сутек элементінің латынша 2. Екідайлы элементті ата?
атауы.
3. Химиялық реакцияның 3.Сынап қандай металл?
белгілері.
ІІ тур.

Элементтердің таңбалары жазылған. Олардың аттарны атап, валенттіліктерін көрсет?

І топ: ІІ топ:
Cu, Ca, N, P Na, S, C, Zn

ІІІ тур.

Бұл ойында бейорганикалық қосылыстарды айырып жазу керек.

І топ: ІІ топ:
CuO, H2SO4, SO2, Al2O3,
H3PO4, Na2SO4 LiOH, CuCl2

IV тур.

І топ:

1. Қышқылдардың құрамына ... кіреді?
2. Қышқыл қалдығының валенттілігі құрамындағы ... атомның санына тең.
3. Тұздардың жіктелуі ... тұздар, ... тұздар, ... тұздар.
4. ZnO ... оксидке жатады.
5. Ca (OH)2 ... суда ... негіз.

ІІ топ:

1. Қышқылдар құрамы бойынша ... жіктеледі?
2. Қышқылдщар сутек атомының саны бойынша ... жіктеледі?
3. Al(OH)3 ... гидроксид.
4. NaOH ... суда ... негіз.
5. Суда жақсы еритін негіздер ... деп аталады?

V тур.

І топ:

Массасы 8 г күкірт (VI) оксидін сумен әрекеттестіргенде неше грамм күкірт қышқылы түзіледі?

ІІ топ:

Массасы 4 г кальций сумен әрекеттескенде неше грамм сутек газы бөлінетінін есептеңдер?

VI тур.

І топ:

А) Cl- ионға сапалық реакция жасап, реакция теңдеуін жаз?
Б) Қышқыл молекуласынан сутегінің ығысып шығуына тәжірибе жаса.

ІІ топ:

А) SO4 2- ионға сапалық реакция жасап, реакция теңдеуін жаз.
Б) Сілтінің түзілуін тәжірибе жасап көрсет.

VII. Қорытынды

Банкир - білім қоры бар оқушыға сөз кезегін беру. Белсенді оқушыларды марапаттау. Екі топтың кеңесшілеріне орын тағайындау. Мақтау қағаздарын тапсыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.