Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Химиялық  элемент  және  жай  зат.  Оттектің  қасиеттері,  алынуы  және  қолданылуы. -

Химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 7430 | Размер: | Автор: гость
. Бекітемін: / Г.Бектілеуова/
Келісемін: / Ф.Аманғалиева /
Пәні: Химия
Сыныбы: 8а,б в Сабақ саны: 33 Күні:
Мұғалімі: Г.Каримова
Сабақтың тақырыбы: £ 21-22-23. Оттегі: Химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы.
Сабақтың мақсаты: Оттектің периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы жөнінде түсінік беру.
Сабақтың құрылысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Ой қозғау.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV.Ой толғаныс.
V. Бекіту.
VІ.Үйге тапсырма.
І.Ой қозғау. «Ең басында не болды?»
Осыдан 3800 млн жылға жуық уақыт бұрын тіршіліктің аса ұсақ жай молекулалары жер бетінде пайда болды. Күн олар үшін энергияның көзі болып, сол арқылы қоректеніп отырды. Өсімдіктер де қазір сөйтеді. Осы үдеріс қалдығының өнімі ОТТЕГІ газы еді. Млн жылдар өткеннен кейін қазіргі біз өмір сүріп жатқан атмосфераны өзгерту үшін оттектің деңгейі біршама биіктікке көтерілді. Міне сондықтан енді жер бетінде тіршіліктің анағұрлым күрделі нысаны пайда болды. Өсімдіктер ауаға оттек бөліп шығарып, осы оттекпен тұрмыстағы, сондай ақ өзендерді, көлдерді теңіздермен мұхиттардағы жан жануарлар демалатын болды.
ІІ. Мағынаны тану.
"Оттек" латын тілінен аударғанда "oxygenium" (оксигениум) қышқыл тудырушы мағынасын білдіреді.
Д.И. Менделеев құрастырған химиялық элементтердің периодтык жүйесінде оттек элементі 8-орында тұр. Оттектің химиялық таңбасы 0 ("О" деп оқылады), Мr = 15,9994, = 16 деп алады.
Оттек молекуласы екі атомды О2 жай зат болып келеді. Газ күйіндегі біздің планетамыздағы атмосферада оттек бос күйінде 21 % (көлемі бойынша) шамасында болады. Жер қыртысында баска химиялық элементтермен қосылыс түріндегі оттек 49,13% шамасындай болады. Тірі организмдер, оның ішінде адам организміне әр түрлі химиялық элементтер кіреді. Адам организмінің 65%-і байланысқан оттектен түрады. Оттек биохимиялық процестерге қатысады, тірі организмнің тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оның қатысуымен авто- авиакөліктердегі қозғалтқыш от алып жанады. Көмірдің, табиғи газдың және домна пешіндегі кокстың жануы іске асады.
Кремниий 26%
Алюминий 7,4% \
Магний 2,35%
Сутек 1%
Темір 4,20%
Кальций 3,25% Натрий 2,40% Калий 2,35%
ІІ. Физикалық қасиеттері. Ол иіссіз, түссіз, дәмсіз газ. XVIII ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі Дж. Пристли мен швед ғалымы К. Шееле оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді. Оттек ауадан сәл ауыр. 0°С-та және 1 атм. қысымда (101,325 кПа) оның 1 литрінін массасы 1,43 г, ал ауанікі — 1,29 г тартады.
Оттек суда аз ериді. Қ.ж 20°С-та және 1 атм. қысымда судың 100 көлемінде не бары 3 көлем оттек газы ери алады. Осы қасиетіне орай газометрдегі суды ығыстыру арқылы оттек газын жинап сақтауға болады.
Оттек -183°С-та сұйылады, -218°С-та қатады.
Табиғатта күн сәулесі әсерінен жүретін әйгілі фотосинтез процесі кезінде жасыл өсімдіктер оттекті бөліп шыгарады.
Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады. Ол үшін алдымен ауаны шаң-тозаңнан, ылғалдан және көмір-кыищыл газдан тазартады. Одан соң ауаны қатты қысып, суытады. -200°С-та оттек пен азот сұйық күйге ауысады да, көкшіл сұйықтыққа айналады. Алдымен -196°С-та азот қайнап бөлініп шығады. Ал оттек сол сұйық күйінде қалады. Оны арнайы екі қабыргалы термостат — Дьюар ыдысына құйып сақтайды . Газ күйіндегі оттекті көкшіл түске боялран болат баллондарда 1-1,5 кПа (100-150 атм.) қысымда сақтайды.
Оттек газын сақтайтын болат баллон.Сұйык оттекті сақтауға арналған Дьюар ыдысы .
1. 2КMn04 → K2Mn04+ МnО2 +О2↑
2. КСІО3→ 2KCI+ зо2↑
Ауаны ығыстырып оттек газын жинау
Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін, бірақ реакция соңында жұмсалмай қалатын зат өршіткі (катализатор) деп аталады.
3. 2HgO→ 2Hg + О2↑ Н2О2 өршіткі қатысында , айыру арқылы оттек газын алуға болады:
І V. Ой толғаныс.
1.Оттектің ауа атмосферасындағы көлемдік және массалық үлестері қандай?
2.Оттектің жалпы сипаттамасын трек-сызба пайдалана отырып айтыңдар.
3.Жер қыртысында ең көп тараған элементті атаңдар. Солардьің ішіндегі оттектің үлесі қандай?
4."Оттек — элемент" және "оттек — жай зат" деген ұғымдардың арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.
5."Оттексіз тіршілік жоқ" дегенді қалай түсінесіңдер
V. Бекіту. Есептер мен жаттығулар. .
1. Мына заттардың: ә) сынап (II) оксидінің; б) калий хлоратының айырылу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Осы екі заттың айырылуы қайдай
жағдайда тез жүреді?
2. Калий перманганаты КМпО4; калий хлораты КСІО3; сынап (II) оксиді HgO құрамындағы оттектің массалық үлесін {%) табыңдар. Оларды оттектің
массалық үлесі арту ретімен орналастырыңдар.
3. Массасы 12,25 г бертолле тұзы КСІО3 айырылғанда бөлінетін оттектің массасын есептеңдер.
Үйге тапсырма: § 20 -21-22-23.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.