Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Химиялық реакция теңдеулері -

Химиялық реакция теңдеулері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3290 | Размер: | Автор: гость
. БҚО, Шыңғырлау ауданы, А.Тихоненко ат ОЖББМ-нің химия пәнінің мұғалімі Каукиева Аягуль Гиззатуллиновна.
Сабақтың тақырыбы Химиялық реакция теңдеулері
Сабақтың мақсаты 1. Өткен тақырыптарды еске ала отырып, химиялық реакция теңдеулерінің жүру механизмін түсіндіру. Теңдеулерді теңестіруге үйрету.
2. Пәнге қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Химиялық реакция теңдеулерін құра білуге, оларды теңестіре білуге дағдыландыру. Жылдам ойланып, жылдам жауап беруге дағдыландыру.
3. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын еркін жеткізе алуға тәрбиелеу. әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту.
Сабақтың типі Тренинг – сабақ (білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)
Сабақтың әдісі Жазбаша, ауызша, СКТ технологиясының тапсырмалары, есептер шығару, дәріс, сынақ
Сабақтың көрнекіліктері Үлестірме қағаздар, жеке тапсырмалар,кеспе қағаздардағы формулалар, плакат
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Н.Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина Химия – 8сынып Оқулық;
2. Г. Е. Рудзитис, Ф. Г. Фельдман, Химия – 8 сынып Оқулық;
3. Ә. Е. Темірболатова, Есептер мен жаттығулар жинағы – 8 сынып
4. Н. Б. Мұхаметжанова, Қ. Қ. Сәдуақасова, Сатылай кешенді талдау технологиясы
Сабақтың жүру барысы
Уақыт Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекетінен күтілетін нәтиже Ұпай
Кіріспе бөлім
3 мин Психологиялық ахуал
«Ыстық алақан» тренинг.
Мақсаты:тұлғааралық байланысты орнату. 1. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
2. «Ыстық алақан» тренингін жүргізу.
3. Оқушыларға бүгінгі сабақтың кезеңдерімен таныстыру.
4. Оқушыларға бағалау парағын тарату.
5. Оқушылар бір-бірінің алақандарын ұстап тұрып, сәттілік тілейді.
6. Сабаққа қызығушылықтары артады.


Үй тапсырмасын сұрау

3 мин
Мақсаты:
Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру.

Ашық тест

Заттарға жазбаша сипаттау/есептер шығару. 2мин













Синтездеу (есептер шығару
2 мин





«Ия», «жоқ»
(стикер арқылы бағалау) Оқушылардың білімдерін тексеру үшін түрлі тапсырмалар таратылады.
1. 12 сұрақ қойып оқушыларды 3 топқа бөлу. (жауаптары: молекула, атом, қоспа) 2мин

1.Атомдар дегеніміз.......
А) көзге көрінбейтін, бөлінбейтін, мәңгі қозғалыста болатын бөлшектер.
Б) барлық заттар осы бөлшектерден тұрады.
В)заттың химиялық бөлінбейтін ұсақ бөлшегі.
Г)қатты заттарды ұсақтағанда жойылып кетеді.
2. молекулалар дегеніміз.........
А) барлық заттардың ең ұсақ бөлшегі
Б) химиялық реакция кезінде ыдырайтын заттар
В) химиялық реакциялар кезінде тұз түзетіндер
Г) құрамы мен химиялық қасиеттері заттың өзімен бірдей болып келетін көптеген заттардың ең ұсақ бөлшектері
3. Жай заттар дегеніміз..........
А) айналаны қоршаған барлық денелер
Б) бір ғана химиялық элемент атомдарынан түзілген заттар
В) газ күйінде болатын барлық заттар
Г) атомдардың бір түрінен түзілген заттар
4. Күрделі заттар дегеніміз.......
А) атомдардың әр түрінен түзілген заттар
Б) темір үгіндісі мен күкірт ұнтағының араластырылған қоспасы
В) түрлі химиялық элементтер атомдарынан түзілген заттар
Г) инертті газдар
5. валенттілік дегеніміз............
А) қосылыстардағы түрлі атомдардың саны
Б) заттардағы бір элементтердің саны
В) күрделі қосылыстардағы түрлі атомдардың қатынастары
Г) бір химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомының белгілі санын қосып алу қасиеті


Заттардың салыстырмалы молекулалық массасын табу. Әр топқа бір-бірден формулалар беріледі.
1 топ : NaCl
2 топ: CaO
3 топ: KCl
2. Заттардың құрамындағы әр элементтің массалық үлестерін табу:
1. FeO
2. NaCl
3. CuSO4
3. Элементтердің химиялық таңбалары берілген және валенттіктері көрсетілген. Мыналарға сәйкес формулалар құрыңдар:
1. LiO, BaO
2. PO, KO
3. SnO, PH

Есептер шығару.

1 топ. 4 г сутегінің мөлшерін есептеңіз
2 топ. 2 моль оттегінің массасын есепте.
3 топ. 2 моль темірдегі атом санын есепте


Тапсырма. Дұрыс- ия, дұрыс емес - жоқ.

1. Химиялық элемент – бегілі бір атом түрі (ия)
2. Ағаштың жануы – бұл химиялық құбылыс.(ия)
3. Сутек – бұл жай зат.(ия)
4. Валенттілік –өзіне белгілі бір атом санын тартып алу қабілеті. (ия)
5. Су+қант – әртекті қоспа.(жоқ)
6.Жай заттар - әр түрлі атом түрінен құрылады. (жоқ)
7. Индекс –моекула ішіндегі атом санын көрсетеді. (ия)
8. Молекула атомдарға ыдырайды. (ия)
9. Судың ( Н2О) Мг- 18. (ия)
10. Атмосферадағы оттегінің үлесі -21%. (ия)
Осы жұмыста әр топтағы өте белсенді оқушыға «жарайсың» деп айтайық.

Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар біледі:

1. Өткен тақырыптарды;

5 балл





























Заттардың құрамындағы массалық үлестерін, валенттіктерін, салыстырмалы молекулалық массасын есептеуді;
3 балл




1 балл







Неше стикер, сонша балл



Жаңа сабақ



5 мин






10 мин 1. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру.
Жад жазуы/кесте
толтыру/
2 мин




Фронтальды сұрақтар

2. Химиялық теңдеу.


«Стоп кадр»




3.Химиялық теңдеуді жазудың ережесі.

Негізгі ұғымдар:
• Химиялық теңдеу.
• Реагент
• Өнім

Тақтада берілген заттарды есте сақтап, берілген кестеге АВ, АВ2, АВ3, А2В3, АВ4 бөліп жазу.
HCl, CaF2, NH3, Al2O3, CH4
NaCl, CO2, AlCl3, Fe2O3, SiH4
АВ АВ2 АВ3 А2В3 АВ4



1. Бастапқы сөз.
Бір секунд ішінде, әлемде түрлі химиялық реакциялар жүріп жатады. Оны санау мүмкін емес. Біз сөйлейміз, ойлаймыз, қуанамыз, жылаймыз – ал бұның астарында миллиондаған химиялық реакциялар жатыр.

1. Химиялық құбылыс дегеніміз не??

2. Физикалық құбылыс пен химиялық құбылыстың қандай айырмашылығы бар?

3. Қандай да бір реакцияның жүргенін қайдан білеміз?

Жалпы теңдеу дегеніміз не? Қандай сабақта қолданасыз?
Демонстрациялық тәжірибе
1. Темір мен күкірттің әрекеттесуі (бейне ролик)
2.Мыс сымды қыздыру.

1. Химиялық теңдеу дегеніміз – химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.
Белгілер көрсетіледі. (есте сақтап қалу керек)
Әрекеттесуші заттар – реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар не қысқаша реагенттер деп аталады.

Жаңадан түзілген заттар реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады.


2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі:

1. Реагенттердің формуласын жазу:

2. Өнімнің формуласы:
3. Химиялық теңдеуді теңестіру:
Оқушылардан мұндай химиялық реакцияның толық теңдеуін қалай оқылуын сұрау:
«екі – аш – екі плюс – о - екі» тең «екі – аш – екі - о».
Енді алюминий мен оттек қосылып, алюминий оксидін Al2O3 түзетін реакцияның теңдеуін жазып жаттығайық. Бірден реагенттер мен өнімдердің формулаларын бағдаршамен бөліп жазайық:
Al + O2 → Al2O3
Оттектің коэффициентін табу үшін, олардың ең кіші ортақ еселігін пайдаланайық. Теңдеудің сол және оң жағындағы оттек атомдарына ортақ ең кіші еселік 2*3꞊6 екенін біле отырып, реагенттің және өнімнің құрамындағы оттек атомдарының санын теңестіру үшін біріншісіне 6:2꞊3, екіншісіне 6:3꞊2 коэффициенттерін қоямыз:
Al + 3O2 → 2Al2O3
Алюминий атомдарының саны 4 болатынын өнімнің алдындағы коэффициентінен көрініп тұр, олай болса толық химиялық реакция теңдеуі төмендегідей болады:
4АІ + 3О2 ꞊ 2АІ2О3 Заттың құрам тұрақтылық заңын біледі.


Сабақты бекіту
5 мин «Кім жылдам» аукционы /теңдеу құрып, теңестіру/

Тарсия. (қиылған тлемент, белгілерден формула құрастыру) Әр топқа тапсырма беріледі. Химиялық реакция теңдеуін құрып, теңестіру қажет.
1.Ca + O2 →
2.Na + Cl2 →
3.Al + S →

1. ВаО;
2. Н2S
3. NaCL бұл тапсырмада оқушылардың жылдам ойлау, жылдам жауап беру, жылдам әрекет ету қабілеттері артады

Құрған формуланың теңдеуін тақтаға жазады, теңестіреді 3 балл
2 мин

3 мин Ойлан, тап! /тақтамен жұмыс/

«Қар үйіндісі» арқылы қорытындылау Төмендегі химиялық реакция теңдеулеріндегі қажетті заттардың формуласын тауып, коэффициенттерін қойыңдар:
1) ............ + О2 → Р2О5
2) ............ + О2 → N2O3
3) .............. + О2 → СО2

Оқу үрдісінің барлық аспектілерінде оқушыларды белсене қатысуға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері артады. Теңестіре білу дағдылары қалыптасады.

Өз білімдеріне баға беріп, білімдерінің мөлшерін анықтайды. 2 балл
Үйге тапсырма
1 мин 1. §15 оқу. 40-41 беттер;
2. 5,6,8 тапсырмалар, 42 бет.

Бағалау парағы 4мин
(балдық жүйе бойынша) Топтағы оқушылардың аты-жөні:

Ашық тест
5 балл
Заттарға жазбаша сипаттау
3 балл
Синтездеу.
1 балл «ия», «жоқ» тапсырма-сы. (Неше стикер сонша балл) Жад жазуы
5 балл «Кім жылдам» аукционы
3 балл Ойлан, тап!
2 балл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.