Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ХХІ ғасыр көшбасшысы. -

ХХІ ғасыр көшбасшысы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1034 | Размер: | Автор: гость
. Мақтарал ауданы, «Мақтажан» жом, математика пәні мұғалімі Датқаева Айсара Әбдіжаппарқызы.
Сайыс сабақ.
«Білімді азамат – ел ертеңі», «Білім мен даналық – адам көркі», «Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі – білім» т.с.с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен қазақтың нақыл сөздері бекерден бекерге айтылмаса керек.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдай-тын, білімге қызығушылығын арттыратын «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызды ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Математика пәніне деген қызығушылықтары мен белсен-діліктерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқыр-лығын, зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Математикалық сайыс.
Көрнекілігі: Плакаттар, үлестірмелі материалдар, қанатты сөздер, кеспе қағаздар.
Сайыстың бағдарламасы: Кіріспе сөз (мұғалім)
І. Математикалық диктант.
ІІ. Сыйлықтар аукционы.
ІІІ. «Эрудиттер» сайысы.
ІV. «Есте сақта»
V. «Кім жылдам»
VI. «Даталы күндер»
VII. «Жеңіс таяу, қозғалма баяу»

Мұғалім: Жас достарым, мұны жақсы ұғайық,
Математика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Тапқырлар тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық – деп ортаға сайысқа қатысатын 6 оқушыны шақырамыз.
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл – деп әділқазылар алқасымен таныстыру.
Ойла-ойла тереңнен
Жақсы емес көп бөгелген
Формуланы білмесең
Өте алмайсың көпірден – деп сайысымыздың

І бөлімі «Математикалық диктант» атты бөлімінен бастаймыз. Бұл бөлімде қысқаша көбейту формулалары ауызша айтылып, оқушылар оларды жазбаша жазулары керек.
1. Екі өрнектің квадрадттарының айырмасының формуласы:
Ж/бы: а2 – в2=(а-в)*(а+в)
2. Екі өрнектің қосындысының квадратының формуласы:
Ж/бы: (а+в)2=а2+2ав+в2
3. Екі өрнектің айырмасының квадратының формуласы:
Ж/бы: (а–в)2=а2–2ав– в2
4. Екі өрнектің қосындысының кубының формуласы:
Ж/бы: (а+в)3=а3+3а2в+3ав2+в3
5. Екі өрнектің айырмасының кубының формуласы:
Ж/бы: (а-в)3=а3-3а2в+3ав2-в3
6. Екі өрнектің кубтарының қосындысының формуласы:
Ж/бы: а3+в3=(а+в)*(а2-ав+в2)
7. Екі өрнектің кубтарының айырмасының формуласы:
8. Ж/бы: а3-в3=(а-в)*(а2+ав+в2)

ІІ бөлім «Сыйлықтар аукционы». Мұнда сыйлықтар қойылады.Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса-сыйлық сіздікі.
№1 лот №2 лот
Тілі бар, үні жоқ, Бірге барып класқа,
Өзін адам түсінген. Бірге үйге қайтады.
Жүрегі бар да, қаны жоқ, Оның бетін кім ашса,
Сөйлеп тұрған ішінен. Әр бағаңды айтады.
(кітап) (күнделік)
№3 лот №4 лот
Ол оқушы құралы, Күн-күн сайын жыртылдық
Қатеңді түзеп тұрады. Өзіміз бір жылдық.
(өшіргіш) (күнтізбе)
№5 лот №6 лот
Жоқ өзінде бас та, Он екі ақ парақ,
Қас та, мойын да, Он екі ақ қанат.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. Жауабы әсем-ақ
(сызғыш) Сызылған тақталап.
(дәптер)

ІІІ бөлім «Эрудиттер» сайысы. Мұнда ұпайы жазылған сұрақтар ілінеді. Тор көздерде 10, 20, 30 ұпайлық сұрақтар беріліп, дұрыс жауапқа осы ұпайлар қосылып отырады.

1. Сол жақтағы 10: Кесіндіні өлшейтін құрал (сызғыш)
2. Оң жақтағы 10: Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
3. Жоғарыдағы 20: Геометрия сөзінің аудармасы (жер өлшеу)
4. Ортадағы 20: Барлық қабырғасы тең төртбұрыш (шаршы)
5. Төмендегі 20: Бір нүктемен шектелген түзу (сәуле)
6. Сол жақтағы 30: Геометрияда кеңістікті зерттейтін бөлім
(стереометрия)
7. Оң жақтағы 30: Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома)

Біреу озса жарыста, біреу артта қалады.
Ренжімей олар тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену, жалықпау-деп ұпайы төмен 1 оқушыны ойыннан шығарып саламыз.

ІV бөлім «Есте сақта». Бұл бөлімде оқушыларға 10 сөз оқылады, сонан соң 1 минут ішінде олар естерінде қалған сөздерді тізіп жазып берулері керек.
1. Сан 6. Кесінді
2. Пропорция 7. Геометрия
3. Қосынды 8. Транспортир
4. Бұрыш 9. Үшбұрыш
5. Бөлшек 10. Дөңгелек

Бұл бөлімнен кейін де ұпайы төмен 1 оқушыны ойыннан шығарып саламыз.

V бөлім «Кім жылдам». Оқушыларға жеке парақтарда есептер беріледі. Олар 1 минут ішінде дұрыс жауабын табу керек.

1. 17+8:5+75-11*3-107=
2. 69:23+81*5-110:10+69=
3. 42-21*4:4+5*7-82=
4. 38*3+16:13-8+48*2=
Жауабы: барлығының жауабы 100

Бұл бөлімнен кейін де ұпайы төмен 1 оқушыны ойыннан шығарып саламыз.

VI бөлім «Даталы күндер» деп аталады. Мұнда қалған оқушыларға даталы сұрақтар қойылады.

1. Қазақстанның Республика күні (25 қазан)
2. Балаларды қорғау күні (1 маусым)
3. Білім күні (1 қырқүйек)
4. Адам құқығы күні (10 желтоқсан)
5. Халқаралық әйелдер күні (8 наурыз)
6. Әлемдік денсаулық күні (7 сәуір)
7. Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
8. Қазақстанның халқаралық ынтымақ күні (1 мамыр)
9. Қазақстан Республикасы қарулы күштер күні (7 мамыр)
10. Конституция күні (30 тамыз)
11. Наурыз мейрамы (22 наурыз)
12. Халқаралық ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні (1 желтоқсан)

Бұл бөлімнен кейін де ұпайы төмен 1 оқушыны ойыннан шығарып саламыз.

VII бөлім «Жеңіс таяу, қозғалма баяу» деп аталады. Мұнда қалған 2 оқушыға 10 сұрақ беріледі.
1. 0-ден үлкен сандар. (оң сандар)
2. Түзудің 2 нүктемен шектелген бөлігі. (кесінді)
3. Геометрияда жазықтықты зерттейтін бөлім. (планиметрия)
4. 23 нешеге тең? (8)
5. 2 жылда қанша ай бар? (24 ай)
6. Қиылыспайтын түзулер. (параллель)
7. Ең кіші екі таңбалы сан. (10)
8. 1 тоннада неше килограмм бар? (1000 кг)
9. Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең? (1800)
10. 10 деген санның орысшасы. (десять)

Ұпай саны көп оқушы жеңімпаз атанып, оқушылар марапатталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.