Меню
Назад » » »
Хром және оның қосылыстары
загрузка...

загрузка...
Жумадилова Раушан Жаксылыковна
Кентау қаласы, А.С.Пушкин атындағы № 6 жалпы орта мектебінің
химия және биология пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы Хром және оның қосылыстары
Сабақтың жалпы мақсаты Хромның химиялық және физикалық қасиеттері,табиғатта таралуы туралы білімін қалыптастыру. Оқушылардың салыстыру, қорытындылау және тұжырым жасау біліктіліктерін дамыту.
Оқытудағы мақсат 1. Хромның периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысына сипаттама беру.
2. Физикалық және химиялық қасиеттерімен таныстыру.
3. Хромның табиғатта таралуы мен қолданылуын түсіндіру.
Табыс критерийлері 1. Хромның периодтық жүйедегі орнын сипаттай отырып, атом құрылысын анықтай алады.
2. Химиялық реакция теңдеулерін жазып,теңестіре алады.
3. Табиғатта таралуы мен қолданылуын біледі.
Оқытудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер Сергіту сәті: «Атомдар мен молекулалар», Блум таксономиясы, тәттілер арқылы топқа бөлу, «Өзіңді тексер», «Миға шабуыл», «Джигсо», «Шыңға шығу», сәйкестендіру тесті
Модульдің қолданылуы Оқу мен оқытудағы жаңаша тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ пайдалану, талантты және дарынды баламен жұмыс, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Қолданылған бағалау түрі Оүб, бағалау парағы, критерийлер арқылы бағалау, мадақтау арқылы, күлегештер арқылы, өзін-өзі бағалау, өзара бірін-бірі бағалау,жиынтық бағалау, 3,4,5 таңбалар арқылы
Негізгі дерек көздер Оқулық, АКТ, танымдық тапсырмалар, сурет, PowerPoint презентация, бағалау парағы, тест.
Сабақ барысында мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Әдіс-тәсіл
Кіріспе бөлім Білім
1.Сергіту сәті (3 минут)
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
2.Топқа бөлу (2 минут)
Химиялық қосылыстар жазылған тәттілер арқылы 3 топқа бөлемін.
3. Блум таксономиясы бойынша сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру (5минут). Сәлемдеседі. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

«Қышқылдар», «Негіздер», «Тұздар».
Топқа бөлініп орындарына отырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді,формулалар жазып, есептер шығарады.

Критериалды бағалау «Атомдар мен молекулалар»

Сын тұрғыдан ойлау
«Өзіңді тексер»
Жаңа материалдың таныстырылымы Түсіну
1.«Миға шабуыл» әдісі бойынша жаңа сабақ тақырыбын ашу (3минут).
2. PowerPoint пен сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырамын (2минут). Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Хром туралы мәлімет алады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсінеді.
Мадақтау арқылы бағалау
«Миға шабуыл»

АКТ
Жаңа материалды қолдану Қолдану (8 минут)
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. «Джигсо» әдісі арқылы Хром және оның қосылыстары туралы мәтінді бөліп беремін.
Мәтінді оқиды, жеке, жұпта, топта талқылайды. Әр топтан екі оқушы екі топқа барып түсіндіреді. Қайтадан топқа келіп, постер жасап қорғайды. Күлегештер және мадақтау арқылы бағалау

«Джигсо»
Талдау (12 минут)
2-тапсырма.«Шыңға шығу» ойыны
А,В,С-деңгейлік тапсырмаларды орындатамын (Оқулықта 190б).
Дарынды баланы анықтау.
Жеке, жұптық және топтық жұмыс.
Ооқушылар тапсырманы орындайды, топ болып талқылайды.
Түрлі түсті жұлдзызша арқылы
«Шыңға шығу»
Қорытынды Жинақтау (5минут)
Сәйкестендіру тестін орындатамын Хром қосылыстарының химиялық таңбасы мен атауларын сәйкестендіреді Күлегеш арқылы АКТ
Үйге тапсырма №4 (б),№8 есеп
(1минут) Берілген тапсырмалар бойынша түсінбегендерін сұрайды. АКТ

Бағалау Оқушылардың жиған ұпайларын есептеуді тапсырамын.
(2 минут) Өз бағаларын өздері шығарады және қорытынды бағасының нәтижесін айтады. Жиынтық бағалау Бағалау парақшасы
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын білу.(2минут) Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, сенім ағашына жапсырады. Кері байланыс Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Хром және оның қосылыстары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 378 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar