Меню
Назад » » »
Үкілі Камшат
загрузка...

загрузка...
А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Байысбаева Толқын
«Қыз сыны» байқауы
Тақырыбы: Үкілі Камшат

А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде өтілетін 8-наурыз аналар мерекесіне орай «Қыз сыны» байқауының бағдарламасы

Тақырыбы: «Үкілі Камшат»
Мақсаты:
1. Қыз балалардың білімін, өнерлерін тамашалап, салт-дәстүрді жетік меңгеруге, өз өнердерін көрсетуге тәрбиелеу.
2. Халықтық педагогика негізінде қыз балалар тәрбиесін қалыптастыру.
3. аналар мерекесіне орай, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай, сыйлай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне сүйңспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Даналық сөздер, жазылған плакаттар, гүлдер мен шарлар.
Түрі: «Қыз сыны» сайысы
Барысы:
1-жүргізуші:
Қайырлы кеш, қонақтар! Бүгінгі кеште мектебіміздің «Үкілі Камшат» аруын анықтау мақсатында өткізгелі отырған «Қыз сыны» байқауы,а келдіңіздер!
Міне жыл құсындай көктеммен бірге келетін 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларың-ызға береке-бірлік тілейміз.
2-жүргізуші:
Гүл көктемнің алғашқы ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі – бүкіл мерекесінің бастауы аналар мерекесі құтты болсын! Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Ән: «Асыл ана» тұрдалы Аяжан
1-жүргізуші:
Барлық балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін не бір асыл сөз маржандары кездеседі. «Ананың алдында асқар тау да аласа», - дейді халық. Ана бәрінен биік.
2-жүргізуші:
8-наурыз жыл басы – Наурыз айының мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына қатысқалы отырған сүйкімді арулардың жолы ақ болсын, жүлделі ойынға ие болсын деген тілекпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын, сіздерді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік.

1 «Сәлем - сөздің анасы» Өзін таныстыру
2 «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнері (Ән немесе би)
3 «Білгенге маржан» Сұрақ-жауап салт-дәстүрге байланысты
4 «Анаға сый» 1. Өзі қолдан жасаған сыйлық
2. Қазақ халқының өю өрнектері (дер кезінде)
5 «Ас адамның арқауы» Салат
6 Сән үлгісі Түрлі бағыттағы үлгі
7 Қорытынды

1-жүргізуші:
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың көптеген ақындарымыз қыздарымызға «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» деген керемет суреттемелер берген. Біздің халық қыз баланы ародақтап төрге отырғызып, оған қатты сөз айтпай, аққудың көгілдіріндей етіп өсірген. Бұған тікелей ықпал ететін адам ол – Ана. «Ана көрген тон пішер» демекші ана тәрбиесін көрген қыз, инабатты, тәртіпті болған.
2-жүргізуші:
Анашым ортамызда жүрсең күліп,
Болады Алатаудай еңсем биік.
Мен сенің қарызыңды өтермін бе?
Әлемнің жақсылығын бересем жиып.
1-жүргізуші:
Той тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр міне балаларың.
2-жүргізуші:
Ендеше осы байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырайық.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана
Көркіне ақылы да сай келетін –
Келеді аруларым билеп қана. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
Болады қыздың аты затына сай,
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
2-жүргізуші:
Сұлу қыз келіп жетті алдыңызға,
Бойындағы бар дарынды танытуға.
Дараланып сахынаға келді бүгін,
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе, сайысымыздың алғашқы шарты «Таныстыруды» бастаймыз.
1-жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса бойында.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
2-жүргізуші:
Даусың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан.
Өнеріңді қане бүгін көрсетші,
Мына жұртқа қошеметпен қол соққан – дей отырып, аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
1-жүргізуші:
Арулар, бұл жол басы даналықта,
Келіңдер, оқып, ба йқап қаралық та.
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па!
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңіз іздеп тауып алалық та.
2-жүргізуші:
Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқан, - дей келе сұрақ-жауап бөліміне шақырамыз. Берілген кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап беру.
Сұрақ-жауап
1-ші сұрақ:
1) Бесік неше бөліктен тұрады?
(15 бөліктен тұрады: 1 белағаш, 2 бөген, 3 жақтау, 4 шабақ, 2 сабау,
2 жорға)
Жұмбақтың шешуін тап
2) Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді
Із-міз тастап кетеді. (Ине)
3) «Ұстараның жүзіндей» деген сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.
2-ші сұрақ:
1) Ұзатылған қызға берілетін жиһаз, мал-мүлік аты. (Жасау)
Жұмбақтың шешуін тап
2 ) Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Киіз үй)
3) «Үші түтін, сырты бүтін» деген сөздің мағынасын түсіндір.
3-ші сұрақ:
1) Киіз үйдің бөлшектерін ата?
(уық, шаңырақ, кереге, ши, басқұр, аяққұр, желбеу, желарқан, туырлық,
үздік, түндік)
Жұмбақтың шешуін тап
2 ) Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды. (Сандық)
3) «Төбесі көкке жету» деген сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.
4-ші сұрақ:
1) Сәндік бұйым жасайтын адамды кім дейді?
(Зергер)
Жұмбақтың шешуін тап
2 ) Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе (Айна)
3) «Бүйректен сирақ шығарған» деген сөздің мағынасын түсіндір.
5-ші сұрақ:
1) Бес дұшпанды ата?
(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ)
Жұмбақтың шешуін тап
2 ) күндіз де жүреді,
Түнде де жүреді.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүрген жолы жолы жоқ
Ол не кім біледі? (Сағат)
3) «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» деген сөздің мағынасын
түсіндір.
1-жүргізуші:
Шеберлермен өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан.
2-жүргізуші:
Енді кезек үй тапсырмасы «Анама сый» қыздардың үйден дайындап, жасап келген сыйлықтарын көруге шақырамыз.
1-жүргізуші:
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Аруларым тез арада майысып.
2-жүргізуші:
Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді жалғасты.
Арулардың байқайық,
Қандай екен дәм асы.
Аруларымызға өздерінің ас мәзірлерін қазылар алқасына ұсынуына
рұқсат!
1-жүргізуші:
Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жанйап,
Сән думанға барлығы аттанады.
2-жүргізуші:
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай күнмен таласатын.
Сымбат сәні келісіп ару қызға,
Әрдайым жұрт сүйсіне қарасады.
1-жүргізуші:
Кейдесінде даналықтың сөзі бар,
Маңдайында жарқылдаған көзі бар.
Қара көзді, қара шашты анашым,
Қызыңыздың ақ тілегін қабыл ал.
Күнсің маған биікте жарқыраған,
Шуақпын мен жаныңнан шашыраған.
Ана, атңы жаман сөз келтірмеймін.
Үлгілі тәрбие бетрген асыл анам.
2-жүргізуші:
Көркіңнен сенің айналдым еркем,
Қазақтың салтын сақтаған көркем, - деп ақын жырлағандай, бүгінгі ару да, әсем қыздарымызды «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді қазылар алқасына береміз.
Жүлделі орын алған аруларымызды құттықтаймыз! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Үкілі Камшат можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 304 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar