Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кім жылдам? -

Кім жылдам?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1424 | Размер: | Автор: гость
. Турсынбаева Умитай Тагаевна,
№37 Фуркат атындағы жалпы орта
мектебінің математика пән мұғалім
ОҚО,Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Кім жылдам?

Сабақтың жалпы мақсаты:
а) өтілген математикалық терминдерді өмірмен байланыстыру; өз талғамдарын таныту;
ә) дидактикалық материалдар арқылы ойлау қабілетін, өмірге көзқарасын дамыту;
б) жылдамдыққа үйрете отырып, уақытпен санасуды үйрету және бәсекелестікке тәрбиелеу.
Қолданылатын модульдер:
СТО, АКТ, көшбасшылық, бағалау.
Қажетті құрал жабықтар:
Тараптпа қағаздар, интерактивті тақта, маркерлер, билеттер.
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Мұғалімнің іс-әрекеті:
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйлеріне назар аудару;
ә) Оқушының іс-әрекеті:
Сәлемдесу, өз дайындықтарын көрсетеді.
Сабақтың барысы:
а) мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды топтарға бөлу (жалпы сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру)
ә) оқушының іс-әрекеті: әр топ өз тапсырмалыр бойынша жұмыс жасайды, өз жылдамдықтарын көрсете отырып, белсенділіктерін танытуы.
1. Топтарға бөлу (бағалау парағын тарату); (2мин)
2. Үй тапсырмасын тексеру; (3мин)
3. Терминдермен жұмыс; (5мин)
4. Есептер шығару; (6мин)
5. Логикалық тапсырма; (5мин)
6.Анықтамалармен жұмыс (сұрақ-жауап); (7мин)
7. Бейне ролик көру; (5мин)
8. Қағидамен жұмыс (өз ойларын жазу); (5мин)
9. Үйге тапсырма беру; (2мин)
10. Сабақты қорытындылау: нәтижесі. Бағалау парағының, оқушылар пікірін, рефлексиясын тыңдау. (5мин)
3. Терминдермен жұмыс.

1 топ: Мектепте:
1. Форма
2. Ручка
3. Дәптер
4. Қарындаш
5. Сызғыш
6. Тақта
7. Кітаптар
8. Орындық
9. Бор
10. Замазка

2 топ: Үйде:
1. Тамақтану
2. Ұйықтау
3. Қасық
4. Ыдыс
5. Шанышқы
6. Нан
7. Отыру
8. Жату
9. Сөйлесу
10. Тыңдау

3 топ: Көшеде:
1. Көлік
2. Бағдаршам
3. Тал
4. Ауа райы
5. Жүру
6. Жүгіру
7. Әңгімелесу
8. Сақ болу
9. Жол
10. Мұқияттық

4 топ: Өмірде:
1. Ойлану
2. Талдау
3. Зерттеу
4. Сену
5. Түсіну
6. Мән беру
7. Жылдамдық
8. Сағат
9. Пікір тыңдау
10. Тазалық


Оқушылар берілген терминдерді математика сабағында өтілген терминдермен салыстыра отырып, өз сыни тұрғыдан ойлауларын дәлелдейді.
4. Есептер шығару:
1-топ:
- 2,9 * (-1,3) – 40 + 1,64 * 3,5 = - 30,49
2-топ:
-25,8 : 6 20 * (2,96 – 3) + 8,3 = 4,8
3-топ:

4-топ:

әр топ өз есебін шығарғанда таңбаларға, бөлшектердің жазылуына мән беруі керек.
5. Логикалық тапсырма барлық топтарға бірдей. Оқушылар суреттер бойынша олардың түрлері және сандарын санап, салыстырулары қажет.
6. Анықтамалармен жұмыс.
Жыл басынан арналған «анықтама дәптер» бойынша жұмыс. Бұрыс айтылған анықтамаларды оқушылардың өздері толтырады.
7. Математика және жылдамдыққа арналған бейне ролик көру.
8. Қағидамен жұмыс.
Таратпа материалдарына өз ойларын жазу. Мысалы:
1 топқа: Мен кіммін?
2 топқа: Математиканың өмірмен байланысы
3 топқа: Өзін-өзі дамыту
4 топқа: Қай тақырыптар қиын?
9. Үйге тапсырма: №663
10. Қорытындылау
Бүгінгі сабақтың бағалау парағы:

№ Топтар Үй тапсырмасы
1-4 ұпай Терминдермен жұмыс
1-5 ұпай Есеп 1-5 ұпай Логикалық тапсырма
1-5 ұпай Анықтамамен жұмыс
1-5 ұпай Қағидамен жұмыс
1-3 ұпай Қосымша
1-3 ұпай Қоры-тынды
1
2
3
4

Бағалау парағының «қосымша» бөлімінде ұпайлары жеткіліксіз сәтте сұрақтар қою арқылы оқушы бағалануы мүмкін
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.