Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кіріктірілген сабақ -

Кіріктірілген сабақ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3284 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы
Шет ауданы
Көктіңкөлі орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Дошабекова Айгүл Мұхаммедиевна

Кіріктірілген сабақ
1 сынып
Дүниетану математика
Мақсаты:
Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты жайында түсінік беру;
Өткен тақырыптарды қорытындылау барысында оқушылардың білімдерін нығайту.
Міндеті:
-Оқушыларды өздерінің туған ауылымен, табиғаты, ауыл халқының тыныс-тіршілігімен таныстыру;
-Оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
-Ой-өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту;
-Есептеу дағдыларын қалыптастыру;
-Математикалық тілдерін дамыту;
-Шығармашылық ойларын дамыту.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ.
Көрнекліктер: Ауыл картасы, венн диаграммасы, суреттер, буклет, сөзжұмбақ, карточкалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сендерді не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізде жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сикыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарымызды созайық.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейрімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Балалар, өткен дүниетану сабағымызда біз мектепке саяхат жасаған болатынбыз. Қазір гүлдерді тере отырып өткен сабақты қорытындылаймыз.
1) Ұжым
2) «Айгөлек» шағын орталығы
3) Мультимедиялық кабинет
4) Кітапхана
5) Медпункт
6) Асхана
III. Жаңа сабақ:
-Біз «Мектебім- қуанышым!» тақырыбын толық меңгердік. Дүниетану сабағымыздың жаңа тақырыбын білу үшін біз сендермен сөзжұмбақ шешеміз.
1. Аюдың сүйікті тағамы.(бал)
2. Аңдардың үйі.(ін)
3. Қыс пен жаздың арасында келетін жыл мезгілі.(күз)
4. Біз қандай облыста тұрамыз?(Қарағанды)
5. Ең ұзын жануарды ата.(керік)
6. Біздің ауылымыз қалай аталады?(Көктіңкөлі)
7. Түйенің төлі.(бота)
8. Табиғат құбылысы.(жалын)
9. Тышқанның жауы.(мысық)
10. Өзі айлакер әрі қу аң.(түлкі)
- Ерекше торкөзде қандай сөз шықты?
Бірге: «Біздің ауыл»-Ендеше, дүниетану сабағымыздың тақырыбы «Біздің ауыл»
IY. «Ой шақыру» стратегиясы
-Біздің ауыл қалай аталады ?
-Көктіңкөлі.
-Неге олай аталу себебін білесіндер ме?
-Сурет бойынша мұғалімнің әңгімелеуі.
-Ауылда қандай мекемелер бар?
-Ауылда қандай көшелер бар ?
-Ауыл адамдары алыс жаққа қалай қатынайды ?
-(автобус. мұғалімнің әңгімелеуі)
-Ауыл тұрғындары немен айналысады ?
-Егін, мал шаруашылығы.
Y. Мәтінмен жұмыс.
а) Тізбектей оқыту.
ә) Мәтінді талдау.
YI. Венн диаграммасы:
Біздің ауыл Ортақ Мәтіндегі ауыл


YII. Математикалық тапсырмалар.
-Ауылымызда мал шаруашылығы бар, дүкендер, мәдениет үйі, алыс жақтарға автобуспен қатынаймыз.
-Ал енді ауылымыз келешекте дамып, көркейгенің қалайсыңдар ма?
-Елбасымыз кәзіргі уақытта ауылға көп көңіл бөлуде. Елбасымыздың «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» -деген үндеуі сендерге зор үміт артады. Болашақ елімізді басқаратын сендер боласындар. Ендеше, ауылымызды дамытуға сендерден терең білім қажет. Олай болса тақтақтаға назар аударайық.
- Тақтада шеңбер бейнеленген.
- Шеңбер 5 бөліктен тұрады.
- Осы бөлшектерді аша отырып математикалық тапсырмаларды орындауымыз қажет.
- Логикалық сұрақтар:
- Күздің бірінші айы (қыркүйек)
- Аптаның бесінші күнін ата (жұма)
-Мектептегі ең жақсы баға қандай? (бес)
-Құста-қанат, адамда- (қол)
-Машинада-мотор, адамда- (жүрек)
-Бұзауда –төрт аяқ, адамда- (екі)
- Сен және мен, біз екеуміз. Сонда біз нешеуміз? (екеуміз)
-Балмұздақ жылы ма ? (суық)
-Бағдаршамның қандай белгісі жанғанда көшеден өтесіңдер ? (жасыл)
1-тапсырма: (Сүт зауыты)
- Ондықтарды тура әрі кері санау.
2-тапсырма: ( Саябақ)
-Салыстыру>=<
VIII. Сергіту сәті:
Көбелек тұрып ертемен,
Күлімсіреп керілді.
Бір- шықпен бетін жуды,
Екі-шыр айналып бұрылды,
Үш-еңкейіп жерге жетті,
Төрт дегенде ұшып кетті.
3-тапсырма: (Балабақша)
Геометриялық фигураларды сызу.
4-тапсырма: (Наубайхана)
-Кесінділер сызу, олардың ұзындықтарын салыстыру және қосындысын табу.
5-тапсырма: ( Бақ)
-Сурет бойынша есеп құрастыру.
-«Барлығы неше жеміс?» деген сұраққа жауап беретін есеп құрастырып шығарамыз.
- «Гүлдер»- өрнектердің мәнін табу.
- Міне балалар, келешекте біздің ауылымыз осындай болады деген сенімдеміз. Сендер сияқты ауылымызды көркейтетін азаматтар көбейсін. Туған жерді аялау, оған қамқорлық көрсету әрбір адамның борышы.
IХ. Рефлексия.
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- Сендерге жаңалық болған не ?
-Қандай тапсырма ұнады ?
- Сабақта кім жақсы жауап берді деп ойлайсындар ?
- Олай болса ө/ө бағалайық.
IХ. Бағалау.

Х. Үйге тапсырма.
-Сендер бүгін сабақта өте жақсы жауап бердіңдер, сол үшін бәріне рақмет!
- Сабағымыз аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.