Меню
Назад » » »
Кіріспе. Әдебиет - өнердің бір саласы
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы:
Кіріспе. Әдебиет - өнердің бір саласы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға өнердің бір саласы болған –
әдебиет туралы білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: «ББҮ» сызба әдісі, «Кластер» әдісі

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Сабақтың барысы:

Жаңа тақырып

Әдебиет – ол да көркемөнер. Көркем өнердің сәулет, мүсінші, сурет, музыка сияқты түрлері болады.
Көркем әдебиет адамның тілімен берілетіндіктен, өнердің барлық түрінің әсерін тудыра алады. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» деп Абай айтқандай, көркем әдебиет бізді адам өмірі, әлемнің сырлары, табиғат келбеті туралы көрінетін және көрінбейтін ұғымдармен сусындата алады, ішкі сезімді аңғарып, сезінуге үйретеді. Сонымен бірге көркем әдебиетте автордың өз көңіл – күй қалауы, өзіндік көзқарасы тұрғысынан жеткізетінін есте ұстаймыз.
Көркем әдебиеттің әр түрін жақсы танып – білген адамның көркем шығарманы дұрыс түсінуге дайындығы болады. Бесінші сыныпта біз оның өлең, дастан, роман повесть сияқты түрін білетін боламыз. Жанрдың еркшеліктерін аңғара отырып, шығарманы көркемөнер түрі ретінде қабылдауға үйренеміз, олардың авторлары туралы түсінік аламыз.
Сондай – ақ әдебиеттің үлкен бір түрі – ауыз әдебиетінің үлгілерімен де танысамыз. Сөйтіп әдебиеттің әр түрін біліп көркем әдебиет туралы тұтас ұғым аламыз. Көркем әдебиет үлгілерін оқу арқылы біз ішкі рухани дүниемізді байыта түсеміз, білімнің адамгершілік қасиеттердің жаңа биіктеріне шығамыз. Дұрыс оқып, сауатты жазуға одан әрі жаттығамыз. Кітап біздің ажырамас досымызға айналатын болады.

І. Қызығушылықты ояту.

«ББҮ» сызба әдісі

Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам:Сызбаны тақтаға және дәптерге сызып алу:

Білемін Білгім келеді Үйрендім


2-қадам:оқушылармен алғашқы екі бағанды толтырамыз:
Әдебиет туралы не білесіз?Не білгіңіз келеді?
3-қадам:оқушылармен мәтінді оқу,бұрыннан таныс және жаңадан танысқан түсінікті табу.
4-қадам:жаңадан алған білімдерімен сызбаның соңғы бағанын толтыру.
5-қадам:екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын топта талқылау.

ІІ. Түсінік тексеру:
1. Әдебиет не туралы ғылым?
2. Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?
3. Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?
4. Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?
5. 5- сыныпта біз көрке әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?
6. Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?

ІІІ.Рефлексия

«Кластер» әдісі
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам:көркем әдебиет тақырыбына тақтада кластер жасау
2-қадам:оқушыларға осы бағыттағы тақырып бойынша жеке өз дәптерлеріне не таныс,соны жазғызу.
3-қадам:жеке жазуды топта талқыға салу,жалпы топтың атынан жауап дайындау.
4-қадам:кластер бойынша топтың жауабын жалпы тақтаға жазу.


Роман
өлең повесть

дастан
поэма

әңгіме

ІV. Бағалау

V. Үйге тапсырма.
1 . Әдебиет - өнердің бір саласы туралы түсінік. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Кіріспе. Әдебиет - өнердің бір саласы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 274 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar