Меню
Назад » » »
Климат құрушы факторлар. Жергілікті жер климатының қалыптасу себептері
загрузка...

загрузка...
6-сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы
Шұбарсу жалпы орта
мектебінің география пәнінің мүғалімі
Смайлова Гулнур Торегелдиевна
Сертификат
Сабақтың тақырыбы: «Климат құрушы факторлар. Жергілікті жер климатының қалыптасу себептері» (көшіріп алу)

Сабақтың тақырыбы: Климат құрушы факторлар. Жергілікті жер климатының қалыптасу себептері.
Сабақтың мақсаты: Жергілікті жердің климатымен таныстыру. Алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру. Ауа райын бақылай білу.Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту
Сабақтың міндеті: Климат қалыптастырушы факторлармен танысу.Жергілікті жер климатын білу, ауа райын бақылауды меңгеру,шартты белгілермен танысу.
Күтілетін нәтиже: Климат қалыптастырушы факторлар мен жергілікті жер климатын меңгереді. Шартты белгілерді біледі.Ауа температурасын анықтайды.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Ой шақыру», Венн диаграммасы, топпен жұмыс, Ауа температурасын анықтау, Білгенге маржан, эссе жазу, ТВ шоу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, Д.ж картасы, слайд, шартты белгілер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар шеңбер болып тұрып, климатқа байланысты термин сөздер айтады. Шарты белгілер арқылы топқа бөлу.Ашық аспан, шық, бұршақ, болып 3 топқа бөлінеді. Шартты белгілермен таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау «Ой шақыру»
1.Ауа райы дегеніміз не?
2.Климат деген не? Климаттың географиялық ендікпен қандай байланысы бар? 3.Климатқа мұхиттар мен теңіздердің әсері неден байқалады? 5. Ауа массасы деген не? Ауа массаларының қандай түрлері бар?
6. Континенттік климат пен теңіздік климаттың айырмасы неде?
7. Ауа мен тіршілік иесі арасындағы байланыс туралы не айтасың?
8. Ауа райын қалай болжайды? 9. Ауа райын зерттеу не үшін қажет? 10.Алдағы ашық, жазда ыстық, қыста аязды, ауа райының белгілері 11.Ауа райы бұзылар алдындағы белгілер
«Венн диаграммасы»

Жаңа сабақты меңгеру
Климаттың қалыптасу себептері: Географиялық ендікке байланысты, географиялық орнына байланысты, жер бедеріне байланысты, ауа массаларының әсері.
Ордабасы ауданы климаты. Республика аумағына негізінен ауа массаларының үш типі әсер етеді. Олар арктикалық, қоңыржай, тропиктік ауа массалары. Арктикалық ау массалары солтүстік мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарында қалыптасады. Атлант мұхитынан қоңыржай ауа массссы, материктің орта ендіктерінде қалыптасады. Тропиктік ауа массасы Қазақстанға Орта Азия мен Ираннан келеді. Қысы қысқа, жазы ұзақ,ыстық және аңызақты болып келеді.Қаңтарда жылдық орташа температура -30, -50 с, шілдеде 260-280с болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-350мм. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады, орташа жылдамдығы 3-5 м/с. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп, ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады. Шұбарсу ауылының географиялық координатасы с.е 420 360, ш.б 690 210.Теңіз деңгейіне 315м биіктікте орналасқан.Ауаны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз.Ауа райы ғылымы өз атауын гректің «метеоро» деген яғни «аспандағы әлдене» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан. Ал климат –бұл ауа қысымының құбылысы. Қазіргі кезде Жер шарына 10 мыңнан астам метеорологиялық станция бар.Д.ж метеоролог мамандар бірыңғай Гренвич уақытымен бақылау жүргізеді.
Ауа райын алдын ала болжау барлық жүргіншілер үшін (ұшақ, теңізші,көлік түрлері) және ауыл шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды.
Жергілікті жердің тәуліктік,айлық, жылдық орташа ауа температурасын анықтау. 1-де +20, 6-да -10, 13-те 100, 18-де +150. Тәуліктік орташа температураны есептеу.Қаңтар айының тәуліктік орташа температуралар жиынтығы -180градус болды делік.Сонда айлық орташа температура қанша?
I II III VI V VI VII VIII IX X XI XII
-6 -5 -4 8 12 19 26 20 8 6 -5 -5

Мына кесте бойынша орташа жылдық температураны есепте.

«Білгенге маржан»Дәптермен жұмыс.(жазып алады)
Тіпті ертеректе ғылым мен техника дамымай тұрғанда ауа райын қалай болжайтын болған?
 Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.
 Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғарырақ салса, қыс cуық болды.
 Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, күн суытады.
 Түтін жер бауырлап ұшса, қар жауады.
 Ай қораланса, алда жылы болатынды білдіреді деген екен.
Топтық тапсырма
1.топ Эссе жазу «Ауа тіршілік көзі»
2. топ Бір шумақ өлең
3. топ Ассосация құру «Климат»
Апталық ауа райы болжамы. «ТВ шоу»

Сабақты қорытындылау.
- Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан, климаты қандай?
- Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді?
- Ауа температурасын немен өлшейді?
- Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал?
-Жауын-шашынды қандай құралмен өлшейді? Желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейтін құрал?
Үйге тапсырма Оңтүстік Қазақстан климаты тақырыбында шығарма жазу.Жергілікті жерді зерттеу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Климат құрушы факторлар. Жергілікті жер климатының қалыптасу себептері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 434 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar