Меню
Назад » » »
Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік жел.
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік жел.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютерлік желілердің негізгі, яғни хаттама, сервер, шина, браузер және жергілікті, ауқымды компьютерлік желілер жайлы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, көру және есту қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. «Шаттық шеңбері» көмегімен оқушылар бір - біріне өздерінің аттарының бас әрпінен келетін жақсы сөздерді айтады.
5. Оқушыларды қима қағаздарда жасырынған сөздері құрастыру көмегімен екі топқа бөлу. 1 - топ – Ауқымды желі, 2 - топ – Жергілікті желі деп аталады. Екі топқа бағалау парағы беріледі.
Топтар өздерінің сайыс барысында алған ұпайларын бағалау парағына түсіріп отырады.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Сайыстың 1 - бөлімі: «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар». Ойынның шарты бойынша бөшкеде жасырынған сұрақтарға кезек - кезек екі топ мүшелері жауап береді.
1. Microsoft Excel программасы деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?
2. Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.
3. Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар?
4. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған.
5. Бағандық диаграмманың басқаша атауы.
6. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді.
7. Excel - де формула қандай белгі арқылы басталады?
8. Формулаларда ұяшық мекенжайына арналған қандай сілтемелер қолданылады?
9. Функция шеберін қалай шақырамыз?
10. Диаграмма элементтерін атаңдар.

III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Сайыстың 2 - бөлімі: Тақырыпты қорғау. Тақырыпты қорғау бөлімі бойынша 2 топқа жаңа тақырыпты «Ауқымды желі» және «Жергілікті желі» деген бөлімдерге бөліп береді. Топтар өздеріне берген тақырыптарды талдап қорғайды.

ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру:
Сайыстың 3 - бөлімі: «Жалған мәтін». 2 топқа мәтін беріледі. Берілген мәтіндегі қателіктерді жөндеу керек.
1 - топқа:
Ауқымды желі жақын орналасқан компьютерлерді байланыстырады. Мысалы, бір кеңседе бір – біріне қосылған екі компьютер, немесе жоғары жылдамдықты кабельмен қосылған барлық ғимараттарды қамтитын желі. Бірнеше аралас ғимараттарды қамтитын корпоративті желі ауқымды деп есептелуі мүмкін.

2 - топқа:
Модем – бұл клиенттерге әр түрлі қызметтер мен мәліметтер ұсынатын компьютер. Желілік модемдер күрделіктің әр түрлі деңгейінде көптеген міндеттер орындай алады. Ірі желілерде мамандандырылған арнайы модемдер кең таралған, осының арқасында қолданушылардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыруға мүмкіндік туғызады.

V. Жаңа тақырыпты бекіту:
Сайыстың 4 - бөлімі: «Сәйкестікті тап!». Қазақ тілінде және ағылшын тілінде берілген терминдердің арасындағы сәйкестікті табу керек.
Браузер --------------------------------- e - mail
Домен ----------------------------------- browser
Хабарламалар тақтасы ------------- domain
Сеанс ------------------------------------- gateway
Желі -------------------------------------- BBS
Электронды пошта ------------------ session
Шлюз ------------------------------------ network

VІ. Қорытындылау:
Топтардың бағалау парағына қарай отырып, жеңімпазды анықтау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі.
VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік жел. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 380 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar