Меню
Назад » » »
Косьян туралы ертегі
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: «Косьян туралы ертегі».
Мақсаты: Шеңбермен және оның қасиеттерімен таныстыру.
Балалардың сөздік қорын кеңейту заттардың негізгі бөліктерін, олардың пішінін, түсін, ерекшеліктерін атай білуге үйрету, «үлкен» және «кіші» ұғымдарын қалыптастыру; ұсақ қол моторикасын, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру; өз-өзіне қызмет ету дағдыларын және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап , сергіту сәті, «Үлкен және кіші» дидактикалық ойыны.
Құрал-жабдықтар: ретінде суреттер ,ойышықтар , үлестірмелі материалдар пайданылады
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
Ерте, ерте, ертеде Косьян деген атты қоян өмір сүріпті.Бір күні ол орманға серуенге шығып жолынан адасып қалады.Адасып-адасып, біздің сабағымызға қонаққа келіпті
-Саламатсыздарма, балалар!
Саламатсыз ба!
Қоян адасып қалған жолында көптеген дөңгелектер тауып аллыпты. Қоян ойлана бастайды.Қоянның әдемі үйі болыпты.Дөңгелектерді үйге қалай алып кетуге болады деп, ойланады. Оларды орнынан көтеріп барлығын алып кете алмайды.Не істеуге болады? Ал олай болса, біз қоянға дөңгелектерін апаруға көмектесеміз бе? Бірінші дөңгелекті жинап салу үшін біздер тапсырма орындауымыз қажет.
1-ші тапсырма. « Түстерді ажырат».
Қоянның үйіне сәйкес түстерді көрсет.Алдына төрт түсті доп қойылады( көк, қызыл, сары, жасыл).
-Доптың пішіні қандай? (домалақ)
-Осы доптың түсі қандай?
Міне бірінші дөңгелегімізді салдық. Ал енді екінші дөңгелегімізді салу үшін де, тапсырма орындауымыз қажет.
2-ші тапсырма. « Суретті аяқта» .
Суретші мына суретте нені ұмытып кеткен? (дөңгелекті) Суретшінің аяқталмаған суретін аяқтап салайық.
3-ші тапсырма. Үлестірме материалдармен жұмыс. Балалардың үстелінде әртүрлі қызыл түсті және мөлшерлі екі түрлі шеңберлер жатыр. Педагог оларға әр аюдың өз «дөңгелектерін» дөңгелетуді ұсынады. Үлкен және кіші дөңгелектерді жинау.
Жарайсың енді келесі тапсырманы орындайық.
4-ші тапсырма. «Ілгек таққызу».
-Тапсырманы орындадық. Олай болса келесі тапсырманы орындайық. Қане орынымыздан тұрып орындайықшы.
« Ең бірінші, ең соңғы»
- Балалар, үстелдің үстіндегі суреттерменмен жұмыс жасаймыз.
5-ші тапсырма: « Пішіндерді топтастыр».
-Жарайсың !Қоян саған өз ризашылығын білдіріп отыр. Ал енді келесі дөңгелекті салып, сол дөңгелектің тапсырмасын орындайық.
6-ші тапсырма: «Аққала жасау».
-Аққалының түсі қандай? Қалпағының түсі қандай?(сары) Қалпақтың түсі дөңгелектің түсімен сәйкес пе?(Ия) Ал енді келесі дөңгелегімізді салып, тапсырмамызды орындайық.
7-ші тапсырма: Сергіту сәті «Доп»
Доппен жаттығулар жасау.
8-ші тапсырма: «Сиқырлы қорап».
Қораптан заттарды алып,оларды санау, көлемін, түстерін атау.
Ал енді келесі дөңгелекті салып, сол дөңгелектің тапсырмасын орындайық.
9-шы тапсырма: «Шеңберді тап».
Бұл дөңгелектің түсі қандай? Дөңгелек үлкен бе, әлде кіші ме? Енді келесі дөңгелегімізді салып, тапсырмамызды орындайық. 10-шы тапсырма: Лото «Шеңбер»
Ақ бетте шеңбер және 6 бос торкөздер салынған.Бала үстелдегі әртүрлі заттар бейнесі салынған суреттер қарап. Суреттің ішінен шеңбері бар, шеңберге ұқсас бейнелерді таңдап алуы керек. Тексеру кезінде суырып алған суретті дауыстап айту керек.
Жарайсың!Қоян тауып алған дөңгелектерді жинастырғанда бізде не болып шықты? (Мұнара)Сен маған барлық дөңгелектерімді жинауға көмектестің.Енді мен дөңгелектерімді алып үйіме қайтайын.Оларды қандай түстермен алдық, көлемдері, пішіні қандай болды. Жарайсыңдар балалар, сіздерге сабақ ұнадыма.
Олай болса сабағымыз аяқталды.
Сау болыңыз! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Косьян туралы ертегі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 274 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar