Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Квадрат теңдеулер тақырыбын қорытындылау -

Квадрат теңдеулер тақырыбын қорытындылау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1358 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер тақырыбын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу;
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру. Сабаққа қызығушылықты қалыптастыру, ұзақ есте сақтауына көмектесу;
3. Тәрбиелік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, оқулық, үлестірме карточкалар.

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: Топтық сайыс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, топтарға бөлу.
ІІ. Өткен тақырыптар бойынша қайталау блиц сұрақтары.( Әрбір сұрақтың жауабы оқушы жауабынан кейін ашылып тексеріліп отырады)
1.Квадрат теңдеудің жалпы түрі? /ах2+вх+с=0 (a≠0) түріндегі теңдеу/
2.Квадрат теңдеудегі а, в, с сандары қалай аталады?
а - бірінші коэффициенті в - екінші коэффициенті, с - босмүше
3.Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
Егер а=1 онда квадрат теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.
4.Қандай теңдеуді толымсыз квадрат теңдеу деп атайды?Толымсыз квадрат теңдеудің неше түрі бар?
аx2+bx=0, c=0 ax2+c=0, b=0 ax2=0, b=0, c=0 толымсыз квадрат теңдеулер болып табылады.
1. ax2+bx=0, c=0 2. аx2+c=0, b=0 3.аx2=0, b=0, c=0
x(ax+b)=0 ax2 =-c х1=x2=0
x=0 ax+b=0 x2= -с/а
ax=-b -с/а>0 /2 түбір болады/
x=-в/а -c/a<0 /түбірі жоқ/
5.
Сұрақ: теңдеудің түрін және коэфициенттерін ата
Жауап

1
3х2-8х-3=0
Толымды, a=3, b=-8, c=-3

2
x2+2x-9=0
Келтірілген

3
2x2+6x=0
Толымсыз, c=0

4
7x2=0
Толымсыз, b=0, c=0

5
x2-16=0
Толымсыз, b=0

ІІІ.Есептер шығару:№238,240(1,3)

IV.Тапсырмалар:
1)а)Берілген коэффициенттері мен босмүшесі бойынша квадрат теңдеу құрастыру керек.
б) Құрастырған толымсыз теңдеулерін шешу керек.Есептерін шығарып болған соң әр оқушы мұғалімнің берген дұрыс жауабы бойынша өз көршісінің есебін тексереді.
1) а=2,в=5,с=-6 1) а=3,в=-4,с=7
2) а=-12,в=-10,с=0,6 2) а=9,в=0,с=-81
3) а=2,в=0,с=-50 3) а=-11,в=-17,с=-1,3
4) а=1,в=-3,с=12 4) а=4,в=-20,с=0
5) а=7,в=-14,с=0 5) а=1,в=-7,с=12

І топқа: II топқа:

1.2х2-50=0 (-5;5) 1.9x2-81=0 (-3;3)
2.7x2-14x=0 (0;2) 2.4x2-20x=0 (0;5)
2) «Ғажайыптар алаңы» ойыны

Кестедегі жасырылған квадрат теңдеулермен байланысты сөздерді табу.
Квадрат теңдеулер Жауаптары

1) 2а2-98=0 -7;7

2) 1,2х2+х=0 0;-5/6

3) у2-2,25=0 -1,5;1,5

4) (2x^2+3)/7=3 -3;3

5) 1,4с2-7с=0 0;5

6) (1,3а-8)(1,3а+8)=0,68а2 -8;8

7) 5/8 у^2+3,75=43/8 -1;1
І топқа
И В О Н В Л А
-3;3 -1,5;1,5 -8;8 -1;1 -7;7 0;5 0;-5/6

Жауабы:
5 7 2 1 6 3 4


ІІ топқа
Р И Х З М О Е
-1,5;1,5 -1;1 -7;7 0;5 -8;8 О;-5/6 -3;3

Жауабы:
3 6 1 7 4 5 2


Фрагмент: «Квадраттық теңдеулер және оларды шешу тәсілдері ерте заманнан белгілі . Мыс біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын өлшеу есептері вавилондықтарды квадраттық теңдеуді шешуге алып келгенАл алгебраның атасы әл-Хорезми бұл теңдеулерді екі тәсілмен шешкен.Ол кезде бүгінгідей шешудің жалпы формуласы келтірілмегендіктен оны шешудің 6 түрін көрсеткен.»
Әл-Хорезмидің жазуы Қазіргі жазылуы
1) Квадраттар түбірлерге тең х2=вх
2) Квадраттар санға тең х2=с
3) Квадраттар мен сан түбірлерге тең х2+с=вх
4) Түбірлер санға тең вх=с
5) Квадраттар мен түбірлер санға тең х2+вх=с
6) Түбірлер мен сан квадраттарға тең вх+с=х2

Тест есептері.
1) Квадрат теңдеудің коэффициенттерін атаңдар: х2+6х-7=0
А) а =1, в=6, с=7 В) а =1, в=0, с=-7 С) а =1, в=6, с=-7
2) Теңдеуді ах2+вх+с=0 түрінде жазыңдар. х(2х-3) = 5-4х
А) 2х2-7х-5=0 В) 2х2-2х+5=0 С) 2х2+х-5=0
3) Теңдеуді шешіңдер: 7х2-21х=0
А) 0;3 В) 0; 21 С) 0;7
4) Теңдеуді шешіңдер: 4х2-9=0
А) 0;1,5 В)-1,5; 0 С) -1,5;-1,5
5) Теңдеуді шешіңдер: 5х2+6х=0
А) 0;1,2 В)-1,2; 0 С) -1,2; 0
6) Теңдеуді шешіңдер: 2х2=0
А) 2 В)-2; 0 С) 0
V.Сабақты қорытындылау /Венн диаграммасы арқылы, квадрат теңдеу мен толымсыз квадрат теңдеудің айырмашылығы мен ұқсастығы/
VІ.Бағалау /көрсетілген критерий бойынша/
VІІ.Үйге №239,240 (2,4)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.