Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Квадрат теңдеулер тарауын қорытындылау. -

Квадрат теңдеулер тарауын қорытындылау.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1246 | Размер: | Автор: гость
. Телходжаева М.Б.
«Болашақ» жалпы орта мектебінің математика мұғалімі.
Мақтарал ауданы.
Тақырыбы:Квадрат теңдеулер

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер тарауын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Квадрат теңдеулер анықтамасын, квадрат теңдеулер түрлерін және оларды шешу формулаларын меңгеріп, есептер шығаруда дұрыс қолдана білуге үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға ізденуге тәрбиелеу, топпен жұмыс істеуге, шапшаң есептеуге үйрету. Адамгершілікке, көпшіл болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Теориялық білімін практикада ұштастыра отырып, ойлау қабілеттерін, танымын пәнге қызығушылығын дамыту. Оқушылардың ой – өрісін кеңейту.
Сабақтың түрі: Қорытындылау, қайталау сабағы. Сайыс сабақ.
Сабақтың оқыту әдістері: Сұрақ – жауап, есептер шығару, дидактикалық материялдарды
ірілендіру, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Формулалар, қима қағаздар, буклеттер, бағалау шкаласы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру : а) Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
ә) Оқушыларды үш топқа бөлу.
б) Сабақтың мақсаты, жоспарымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Өз ойыңды ашық айт – «Не білеміз?»
2. Математикалық лото – « Сен формуланы білесіңбе ?»
3. Деңгейлі тапсырмалар – « Біліміңді шыңдай түс»
4. Оқулықпен жұмыс – « Кім жылдам?»
ІІІ. Сабақты бекіту: «Көзі өткір, ойы озық - Тапқырбек»
ІV. Қорытынды: а) Оқушыларды бағалау.
б) Үйге тапсырма беру.
Сынып үш топқа бөлінеді. Онда әр деңгейдің оқушылары араласып отырады.
І топ: «Білімділер тобы»
ІІ топ: « Жас математиктер»
ІІІ топ: «Талапкерлер»
1. Өз ойыңды ашық айт – бұл тапсырмада әр топқа бір – бір сұрақ беріледі.
а) Толымыз квадрат теңдеу;
ә) Келтірілген квадрат теңдеу;
б) Квадрат теңдеу;
Осы теңдеулерге анықтама беру, оларды шешу формулаларын, қолдану жолдарын түсіндіреді.
2. «Сен формула білесің бе?» - математикалық лото сайысы. Бұл сайыста әр топқа алдын ала
дайындалған формулалардың жартысы жазылған карточкаларды алып, сәйкес карточка қасына
жапсыру керек.
1. Д > 0 екі түбірі болады.
2. Д = 0 бір түбірі болады.
3. Д < 0 түбір жоқ
4. ах2 + вх + с = 0 квадрат теңдеу
5. х2 + вх + с = 0 келтірілген квадрат теңдеу
6. ах2 + вх = 0 толымсыз квадрат теңдеу
7. а,в,с коэффициенттер,бос мүше
8. х1,х2 айнымалылар
9. ах4+вх2+с= 0 биквадрат теңдеу
10.х1+х2= -p х1*х2=q Виет теоремасы
3. «Біліміңді шыңдай түс» - деңгейлі тапсырмалар орындау. Мұнда топтың әрбір оқушысына
деңгейіне қарай жеке – жеке тапсырмалар беріледі.
А деңгейі.
№1
а).2х 2+ 3х + 17 = 0 а = ? ; в = ? ; с = ?
ә). -5х – 7х2 = 0 қандай теңдеу?
б). а = 0,5; в = -1; с = 3 бойынша квадрат теңдеу құру.
№2.
а). -3х2 – х + 7 = 0; а = ?; в = ?; с = ?
ә). 0,7х 2– 5 = 0; қандай теңдеу.
б). а = -1; в = 0; с = 3 бойынша теңдеу құр.
В деңгейі.
№1
а). а = 0,1; в = 0,1; с = 0 квадрат теңдеу құр.
ә). 3х – х(х + 2) = (5 – 2х)(4 – 3х) квадрат теңдеуге келтір.
б).0,1х2 + 2х – 4 = 0 теңдеуінің неше түбірі бар?
№2
а). а = -2; в = -2; с = -2 квадрат теңдеу құр.
ә). х2 – (х – 2)* 7х = (х – 5)(3х + 5) квадрат теңдеуге келтір.
б). -0,3х2 – 0,5х + 5 = 0 теңдеуінің неше түбірі бар?
С деңгейі.
№1
а). (2х – 1)(2х + 1) = х(2х + 3) теңдеуді ах2 + вх +с = 0 түріне келтір
ә).-0,1х 2+ 10 = 0 теңдеуді шешу.
б). 5у2 – 6у + 1 = 0 теңдеуді шешу.
№2
а). (3х + 2) 2= (х + 2)(х – 3) теңдеуді ах2 + вх + с = 0 түріне келтіру.
а). -5х2 + 6х = 0 түбірін табу.
б). 2у 2– 9у + 10 = 0 теңдеуді шешу.
4. «Кім жылдам?» -оқулықпен жұмыс. Жеке дара оқушыларға кітаптан есептер беріледі.
№ 180 (2) Ұлпан №193(4) Расул
№180 (4) Ақерке №194(2) Аида
№179 (1) Ұлжан № 194 (4) Гүлнұр
№199 (3) Гүлзағира № 194 (3) Әсия
№199 (4) Гүлзада №193(3) Мұқан
№196 (4) Жәңгірбай Диана №193(1) қалған оқушыларға
ІІІ. Сабақты бекіту: «Көзі өткір, ойы озық – Тапқырбек». Мұнда бірнеше формулалар мен
ережелер жазылған карточкаларды өздеріне тиісті ұяшықтарға салынуы керек.
1). Дискриминанты есептеу формуласы.
Д = в2 – 4ас
2). Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласы
х1/2=(-в + VД)/ 2а
3). Келтірілген квадрат теңдеуді көрсет.
х2 + рх + q = 0
4). Виет теоремасы. х1+х2= -p
х1*х2 =q

5). Толымсыз квадрат теңдеу формуласы.
ах2+вх+с=0


6). Биквадрат теңдеу формуласы.
ах4+вх2+с=0
7). Қысқаша көбейту формуласы.
(а + в)2= а2 + 2ав+в2
8). Квадрат теңдеуді шешу әдістері еңбектерінде кездесетін ежелгі грек математигі.
Евклид.
9). Квадрат теңдеуді шешу әдістерін өз еңбектерінде толық жазған Орта Азия математигі.
Әл-Хорезми.
10) Әріпті өрнекті XVI ғасырда математикаға енгізген ғалым.
Виет
11) Радикал таңбасы.
V
12) Бөлшек рационал теңдеу.
(х+1)/х-3 = (2х+5)/(х-7)
13). в- екінші коэффициенті жұп сан. Д= ?
Д=n2-ас
14). а-санының арифметикалық квадрат түбірі.

15). Графигі парабола болатын функция
у =х2 +4х+3
ІV. Қорытындылау.
А). Оқушыларды бағалау шкаласындағы бағаларына қарап қорытып, тиісті бағаларын қою.
Ә). Үйге тапсырма: Тарау бойынша жалпы қайталау.
№ Мұғалімнің аты жөні пәні Сабақтың өтілуі туралы пікірі
1

2

3

4

5

6

7
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.