Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Квадрат теңдеулерді қайталауға байланысты  есептер шығару. -

Квадрат теңдеулерді қайталауға байланысты есептер шығару.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1331 | Размер: | Автор: гость
. Қысқа мерзімді жоспар №2
Пәні:Алгебра
Сыныбы: 8- сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді қайталауға байланысты есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:: а) Білімділік : Квадрат теңдеудің түрлерін білу . Квадрат теңдеудің түбірлерін табу, формуласын пайдаланып квадрат теңдеудің түбірін есептей білу. Есеп шығаруға машықтану.
Дамытушылық : Оқушылардың ой -өрісін кеңейту алгебраға деген қызығушылығын арттыру .
Тәрбиелік : Тез ойлап ,тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.
Сабақтың нәтижесі:Кез-келген квадрат теңдеуді шеше алады, формуланы қолдана біледі, квадрат теңдеудің түрлерін ажырата біледі.
Сабақта қолданылатын әдістер:«Сыйқырлы тұқымша» әдісі,«Ой толғау» әдісі, «Кім жылдам», «Аукцион» әдісі
Сабақтың барысы:
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтижесі Қолданылған
Ресурстар

Кіріспе
5мин

І Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың арасындажағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнатамын. Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
2мин Оқушыларды сандар арқылы
1,2,3 сандар арқылы топқа бөлінеді. сандар
6мин Үй тапсырмасын сыныптың 3-4 оқушысынан сұраймын. Оқушылар үй тапсырмаларының жауаптарын айтады. Оқушылардың өз бетінше есеп шығару қабілеті дамиды.
6мин Өткен сабақтардан алған білімдерін «Сиқырлы жұмыртқа» әдісі арқылы пысықтаймын.
Сұрақ –жауап .
1) Толық квадрат теңдеу дегеніміз не ?
2)Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не ?
3)Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не ?
4) ( а ≠ 0 ; а ≠ 1 ) толық квадрат теңдеуінен
келтірілген квадрат теңдеуді қалай алуға болады ?
5 ) Квадрат теңдеудің дискриминанты деген не ?
6) Квадрат теңдеудің қанша түбірі
болатынын қалай анықтауға болады ?
7) Толық квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын жаз ?
8) Келтірілген квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын жаз?
9) Келтірілген квадрат теңдеу үшін қандай теорема бар ?
10) Виет теоремасына кері теореманы айтып бер . Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар өз қабілеттеріне қарай сыни тұрғыда ойлана алады. Жұмыртқалар
5мин Деңгейлік тапсырмалар.
І-деңгей
А) 2х2-18=0
Б) 3х2-12x=0
В) 7x2=0






Оқушылар теңдеудің түбірлерін табады Оқушылар бір-бірінің тапсырмаларын салыстыра отырып бағалай алады.
7мин ІІ-деңгей
Белгілі түбірлері бойынша квадраттық теңдеу құрыңдар.
1) Х1=6 x2=3

3)х1= -0.8 x2= -0.2

Теңдеңдеудің түбірлерін табыңдар.

В) 2х2+5х-12=0

Оқушыларвиет теоремасын, дискриминант қолданып есептерді шығарады
Оқушылар ойлау қабілеттері дамиды
5мин Сергіту сәті:


6мин «Аукцион» әдісі ІІІ деңгей.
Теңдеулерді шешу.
А) 87х2+100х=500-313x2
Б) 3х(х-2)-1=х-0,5(8+х)
Оқушылар жұптық жұмыс ретінде орындайды, «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

5мин IV- бөлім :
Үйге тапсырма беру.
II тарау. Квадрат теңдеулер .Қайталау.
Орындалмаған деңгейлік тапсырмаларды шығару

V-бөлім : Қорытындылау. Толықтыру тесті .

Кез –келген толық квадрат теңдеуді келтірілген
квадрат теңдеу ретінде жазуға болады ,ол үшін
------------------- коэфициентке бөлу керек
Оқушылар жұптық жұмыс ретінде орындайды, «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
3мин «Даналық ағашы» арқылы кері байланыс жүргіземін. Оқушылар өздерінің түсінгендері бойынша айтады. Оқушылар өздерінің түсінгендері бойынша
2мин
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.