Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Квадраттық функцияның анықтамасы және  у=ах2+n,  у=а(х-m)2  функциялары. Есептер шығару -

Квадраттық функцияның анықтамасы және у=ах2+n, у=а(х-m)2 функциялары. Есептер шығару

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1738 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Төменарық ауылы
№53 А.Д.Романов атындағы орта
мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Кенжебекова Күміскүл Сәдуқызы

Пәні: Алгебра Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функцияның анықтамасы және у=ах2+n, у=а(х-m)2 функциялары.Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Квадраттық функция және жалпы функция туралы білімдерін пысықтау теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету;
2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, шапшаң, тез есептеуге үйрету;
3. Жауапкершілік, табандылық, тәртіптілік және тағы басқа тұлғалық қасиеттерін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын ояту.
Құрал жабдықтары:
-интерактивті тақта;
Сабақ барысы
Ұйымдастыру сәті. Бүгінгі сабақтың тәртібі:
Мұғалімді тыңдаймыз,
Бір-бірімізді сыйлаймыз,
Саспай, асықпай,
Әр сұраққа, қателеспей,
Шуылдамай, қол көтере отырып,
Жауап беруге тырысамыз-деп, мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады және көңіл-күйлерін бір ортаға тоғыстырады.
Сабақтың құрылымы таныстырылады.
Сергіту сәті
1-парақ. «Функция-математикалық маңызды ұғымдардың бірі!»
Математиканың бір айнымалы шаманың өзге бір шамаға
тәуелділігін өрнектейтін ұғымдардың бірі. [Функция].
Тәуелсіз айнымалы. [Аргумент].
Абсцисасы-аргументтің мәндеріне, ал ординатасы функцияның
сәйкес мәндеріне тең координаталық жазықтықтың барлық нүктелер жиыны. [График].
Квадраттық функцияның графигі. [парабола].
у=к/х функциясының графигі. [Гипербола].
Функцияның берілу тәсілдерінің бірі. [Формула].
Тәуелсіз айнымалыны белгілейтін латын әрпі. [Икс].
у=кх функциясының атауында кездесетін сөз.[Пропорционалдық].
9. Функция ұғымында көп кездесетін латын әрпі. [Игрек].
10. у=ах2+вх+с түрінде берілген функцияның атауы. [Квадраттық функция].
1 тапсырма 1-топ: Тегім у=-2х2 функциясы, өзім төмендегі қасиетке иемін.
а) Ох осінің бойымен 2 бірлікке оңға;
б) Оу осінің бойымен 5 бірлікке жоғары жылжыту арқылы алынған.
2-топ: Тегім у=5х2 функциясы, өзім төмендегі қасиетке иемін.
а) Ох осінің бойымен 1 бірлікке солға;
б) Оу осінің бойымен 3 бірлікке төмен жылжыту арқылы алынған.
3-топ: Тегім у=-1/2х2 функциясы, өзім төмендегі қасиетке иемін.
а) Ох осінің бойымен 4 бірлікке оңға;
б) Оу осінің бойымен 4 бірлікке төмен жылжыту арқылы алынған.
4-топ: Тегім у=1/5х2 функциясы, өзім төмендегі қасиетке иемін.
а) Ох осінің бойымен 5 бірлікке солға;
б) Оу осінің бойымен 3 бірлікке жоғары жылжыту арқылы алынған.
Мен сонда қандаймын:
Жауаптары: а)
2-тапсырма Параболаның төбесінің координаттарын тап:
І.т. 1.У=2(х-4)² 2.У = -х²+12
ІІ.т.1.У=-6(х+1)² 2.У= х²-4
ІІІ.т.1.У= (х+7)² 2.У=6 х²
ІV.т. 1.У=(х-3)² 2.У= -3х²
3-тапсырма
1-ші топ: у= 1/2х2, у= ½(х-2)2,
2-ші топ: у= 2х2 , у= 2х2 -1,
3-ші топ: у= -х2 , у= -х2 +1
4-ші топ: у= -1/2х2 , у= -1/2(х+2)2
а-ның таңбасын анықта, параболаның төбесінің координаталарын тап, кесте арқылы функциялардың графигін сызыңдар;
4 тапсырма Сәйкестік
Үйге тапсырма: №256 және 5-10 тест құрау.
Сабақты қорытындылау, бағалау.
Кері байланыс
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.