Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Л» дыбысы мен әрпі -

«Л» дыбысы мен әрпі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 9939 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО, Отырар ауданы
«Көкмардан» ауылы
«Көкмардан» жалпы орта мектебі
Даярлық топ тәрбиешісі:
Парменқұл Рая Досыбайқызы

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Л» дыбысы мен әрпі

Мақсаты: «Л» дыбысы мен әрпін таныстыру, сөз ішінде таба білуге үйрету, сұрақ-жауап өткізу арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, сауатты, әрі көркем жазуға үйрету.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын дамыта оқыту технологиясы.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, «Л» дыбысынан келетін суреттер, текше, ойыншықтар.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері Амандасу,ән ұран айту,түгелдеу.

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Күлімдеп күн келді
Жарқырап нұр берді.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн
Бізде қазір сауат ашу сабағы.

Өтілген сабақты пысықтау.


Қимыл қозғалыспен көрсетеді.
Ізденушілік «Ой ашар» кезеңі
-Балалар біз өткен сабақтарда дыбыс пен әріпті қалай ажыраттық?
-Дыбыс дегеніміз не?
-дыбыстар нешеге бөлінеді?
-әріп дегеніміз не?
-дауысты дыбыстар қалай айтылады?

Балалар мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Бұл түлкі, бүгін сендерден көмек сұрап келіп отыр.
-Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен.
-Үйіне барайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты.
-Балалар түлкіге көмектесеміз бе?
-Ия
Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмасын орындауларың қажет.
Аң патшасы арыстанның тапсырмасы:
Ойын: Әріптерді үйшікке орналастыру, ұяшыққа салу.
А Т П Н Ғ Р әріптерін хормен айту.

Қасқырдың тапсырмасы:
-Дауысты дыбыстарға сөз бен сөйлемдер құрау.
-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

Аюдың тапсырмасы:
-Дауыссыз дыбыстарға сөз ойлап, сөйлем құрастыр.
-Мына сөздерге сөйлем құрап жаз.
Ана, апа, нан, ата ара.

Естиміз, көрмейміз
Екіге бөлінеді

Түлкінің суреті

Дауысты, дауыссыз
Сергіту сәті

Жұмбақ

Суретпен жұмыс Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Қоянның тапсырмасы:
Тастан-тасқа секіреді
Қалқиып қос құлағы
Ойын болып көкірегі,
Алуа оның тұрағы

Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым!
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың
Бұл қай әріп?

Жұмбақтың шешуін тапқан соң, сұраққа жауап алу.
-Лақ деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?

-олай болса, бүгінгі Л дыбысымен және әрпімен танысамыз.
-Қане, бәріміз бірге айтайықшы
-Л дегенде не естіліп тұр?
-Дауыссыз, ұяң дыбыс

Л, л әрпінің баспа және жазбаша түрлерімен таныстыру.
Суретке балалардың назарын аудару.
Суреттегі заттардың аттарын атау.

Лимон, лай, леген, орамал

Л дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.

Лақ

«Л» әріпі

«Л» дыбысынан

Л Л Л

Хормен айтып, буынға бөледі
Дәптермен жұмыс:

Сергіту сәті:

Ойын: Л дыбысын ауада жазу
Жазып өшіретін тақтаға жазу
Л дыбысын көркем жазу

Бір, екі, үш
Бойға жинап күш.
Қолға
Қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз

«Ойлан тап!» ойыны
-Балалар, мен мына матаны ашамын, сендер оның астынан бірнеше суретті көресіңдер, суреттің атын атап буынға бөлесіңдер.
Ли-мон, гүл, түл-кі, ле-ген, а-лау.

Қорытынды:
-сонымен, балалар, бүгін біз қандай жаңа дыбыспен таныстық?
- Л дыбысы қандай дыбыс?

Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Л,л дыбысын және әрпін
Түсінуі: Л дыбысы дауыссыз
Көрсете білуі: Жазады, тани біледі. Суретке қарап сөйлем құрайды.

ОҚО,Отырар ауданы «Көкмардан» ауылы
«Көкмардан» жалпы орта метебі
Даярлық топ тәрбиешісі:
Парменқұл Рая Досыбайқызы
Білім беру саласы: Қатынас
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ыдыстар

Мақсаты: Ыдыстар туралы түсінік беру.
Оларды ажырата білуге үйрету.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Балалардың мәнерлеп айьу дағ, дыларын қалыптастыру,
тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.
Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ыдыс-аяқ суреттері, тыйым сөздер.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздік жұмыс, ойын.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-

Ұйымдастыру Сабақты хабарлау
Психологиялық дайындық
Өтті оқу, сан сабақ
Отыр міне көп қонақ
Кішіге де сіз, үлкенге де сіз
Бар адамға құрметпен
бас иеміз біз.


Қимыл қозғалыспен көрсетеді.
Ой қозғау Бүгін аптаның қай күні?
Ертең қандай мұсылман мерекесі?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі неше айдан тұрады?
Күз айында қандай жемістер піседі?
Өткенді қайталау
Жемістер, көкөністер қайда өседі?
Жеміс түрлерін ата, көрсет?
Көкөніс түрлерін топтап көрсет?
Жеміске, көкөніске байланысты тақпақтар айту. Дүйсенбі
Құрбан айт
Күз
3 ай
Алма, алмұрт, жүзім.

Балалардың жауабы.
Дидактикалық ойын

Ізденушілік

Мағынаны тану

Сюжетті-рөлді ойын

Сергіту сәті

Өзіндік жұмыс

Жетекші жөндеуші:

Ойын: «Дәмін тап»
Ойын шарты: тәрбиеші жемістер мен көкөністерді кесіп, алдын ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек.

Суретпен жұмыс
Балалар, мына суретте не бейнеленген?
Бір сөзбен қалай атаймыз?

Ыдыстар.
Ыдыс – аяқ күнделікті тамақты дайындап, ішіп-жеу барысында пайдаланылатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Ыдыс-аяқ қолданылуына қарай, тамақ дайындауға:
Каструль, қазан, ожоу, кәкпір.
Тамақ қабылдайтын: леген, тәрелке, қасық, шанышқы.

Шәйнек, кесе, қасық т.б.
Ыдыстар

Табаға
Қасықпен
Шәйнекке

Хормен айтады.

Суретпен жұмыс жасайды.

Тыйым сөз айтып жарысады

Тамақ сақтайтын ыдыстар: термостар.
Ыдыстың түрлері өте көп

→Ағаш ыдыс
→Шыны ыдыс
Ыдыс →Пластмасса
→Керамика
→Металл

Сөйлем құрау
Анам.............................нан пісірді,
Тамақты........................жеді.
Шайды...........................демдейміз.

«Дүкенші»
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді.
Бірінші топта сатушы, екінші топта алушы болады. Ойын осылай жалғасады.

Сылдыр-сылдыр, сылдыр су
Сылдыр суға бетіңді жу
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің маңдайың.

Суретпен жұмыс
Кесе, шәйнек суретінің штрихтарын қосып бояйды.

Біз бүгін немен таныстық?
Ыдыстың қандай түрлерін білесіңдер?
Бір сөзбен не дейміз?

Тыйым сөздер жарысы
Бағалау, мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Аспаздың еңбегін бағалау ОҚО,Отырар ауданы «Көкмардан» ауылы
Түсінуі: ыдыс-аяқты таза ұстау керек «Көкмардан» жалпы орта метебі
Қолдануы: сурет бойынша әңгіме құрайды Даярлық топ тәрбиешісі:
Парменқұл Рая Досыбайқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.