Меню
Назад » » »
Ләззат
загрузка...

загрузка...
Паташова Гүлжахан Темірханқызы,
Жамбыл атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы: Ләззат

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға Тәуелсіздік жолындағы күресушілер мен
желтоқсан оқиғасы жөнінде мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Ләззаттың ерлік істерімен таныстыру. Әңгіменің
мазмұнын түсіндіріп, өздігінен айта білуге тәрбиелеу.
б) Тәрбиелік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сөзжұмбақ, тірек сызба.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңін өз дәрежесінде өткеру.
Үй тапсырмасын сұрау және бағалау.
Жұмбақ.
Күміс қанат сұңқары
Көкке еркін сүңгиді
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді? (Ғарышкер)
Үй тапсырмасы: «Тұңғыш қазақ ғарышкері».
Оқушыларға оқытып, бір-екі сұрақтар қойып, бағалау.
Ойын арқылы үй тапсырманы қорыту.
1. Тоқтардың еңбегі қалай бағаланды?
- «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Төрт түлікті ата?
- Сиыр, түйе, жылқы, қой.
2. Көктем айларын ата?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
- Тоқтар Әубәкіров.
3. «Түн ұйқысын төрт бөліп» - деген жолдар кім туралы айтылған?
- Ана.
Адамға ең қажетті жағдайлар?
- Ауа, су, жарық, жылу, тағам.
Балалар, мына сөзжұмбақты шешіп табайық.
Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
1. Түйе арқасында не бар?
2. Төрт түліктің бірін ата?
3. Жырды айтушы адам қалай аталады?
4 Бота енесін не дейміз?
5. Қыста түрін өзгертпейтін қандай ағаш?
6. Мектептегі ең жоғары қандай баға?
7. Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды?
8. Биыл қандай жыл?
9. Қандай жануар кісінейді?
10. Қойдың төлін ата?
Сөзжұмбақтан «Ержүрекқыз» деген сөз шықты. Жаңа сабақ «Ләззат».
Ө Р К Е Ш
С И Ы Р
Ж Ы Р Ш Ы
Т Ү Й Е
Ш Ы Р Ш А
Б Е С
К Е Р Е Г Е
Қ О Й
Ж Ы Л Қ Ы
Қ О З Ы

Ел тәуелсіздігі оңайлықпен келген жоқ. Бұған 1986 жылғы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасы себеп болды. Қазақ ұлтының намысын қорғап алаңға шыққан жастардың көбі «ұлтшылдық көрінісі» деген желеу сөзбен жазықсыз жазаланып Қайрат, Ләззаттар құрбан болған. «Желтоқсан жаңғырығынан» қуат алған еліміз 1991 жылы өзінің Тәуелсіздігін алды. 2006 жылы күзде Алматыда Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен «желтоқсан таңы» ескерткіші ашылды. Онда еліміздің әнұранында айтылған:
«Ұрпаққа жол ашқан
Кең байтақ жерім бар
Бірлігі жарасқан
Тәуелсіз елім бар,...» - деген қасиетті сөздер жазылған. Бұл сөздер біздің жүрегімізде тұратын сөздер.
Туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы қазақ жастары көтерілген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.
Ләззат туралы толық түсіндіріп, суреттерін көрсету.
Ләззат туралы шыққан әндерді жаттап алу.
Желтоқсан оқиғасында болғандар туралы айтып өту.
Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Спатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.
Ербол, Қайрат, Ләззат, Сәбира сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске аламыз.
Ерлігімен аты шыққан адамдар есімін топтап жазу

Ләззат Ербол

Қайрат Сабира

«Ерлік» сөзіне мәндес сөздерді айту. (қаһарман, ержүрек, батыр).
Жаңа сабақты толық оқып беріп, түсіндіру. Сұрақтарға жауап беру. «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» өлеңін сұрау.
Тізбектей оқыту.
Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
«Батыр», «Ер» сөздерін қатыстырып мақал-мәтелдер құрау.
1. Ердің екі сөйлегені өлгені.
2. Батыр бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
3. Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Батыр туса – ел ырысы.
4. Ер шекіспей бекіспейді.
5. Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
Қорытынды.
Үйге тапсырма.
Өлеңді, мәтінді оқып келу, сұрақтарға жауап беру, Ләззат жайлы мәліметтер жинастырып келу. Сабақты «Желтоқсан желі» әнімен аяқтау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ләззат можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 273 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar