Меню
Назад » » »
Құлагер -Ақан трагедиясы
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы : «Құлагер -Ақан трагедиясы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақан сері Қорамсаұлы шығармашылығына талдау жасай отырып, Ақан бейнесін ашу,құдіреттілігіне көз жеткізу
Дамытушылық :оқушылардың танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу
Тәрбиелік : қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі.: сын тұрғысынан ойлау сабағы
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: слайд,суреттер
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру /Сыныпты түгендеу,оқушы назарын сабаққа аудару/
II Сабақтың мақсатымен таныстыру
Жанып бір алсақ жарқылдар нағыз алмастар,
Алмас бар жерде алтынның оғы болмас пар,
Бұл өмірде аққудың аздығы секілді,
Ақаңдар аз ғой әнімен бізге жол бастар- деген шумақтармен сабағымызды бастайық.
Сыныпты үш топқа бөлу
1топ Өнер тобы «Өнерлі өрге жүзер» Ақанның өмірі,лирикалық өлеңдері
2-топ Әншілер тобы «Әнді сүйсең менше сүй» Ақан сері әндері туралы
3-топ Тұлпар тобы «Құлагер -Ақан трагедиясы»
Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша білімдерін,шығармашылық жұмыстарын көрсетеді

III Өнер тобы
1. Ақанның махаббат туралы өлеңдері-лирикаға толы,сезімтал,шыншыл өлеңдер.Ол жастық,бозбалалық сезімді қызықтады,адал достықты,махаббатты ардақтады.Оның маххаббат туралы лирикалық өлеңдеріндегі кейіпкерлері махаббатты шын құрметтеген қазақтың сұлу қыздары еді
2. Әйелді төмен етекті санаған заманда оларды осынша дәріптеген Ақанның махаббат тақырыбы туралы өлеңдерін оқу арқылы көз жеткіземіз.
Мысалы : Етегін ақ көйлектің алтындаған
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған.
Сексен қыз серуенге шықса дағы
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған- бұл өлеңнен сұлу қыздың әдемі ажарын ғана емес, жаны сұлу екенін көреміз.Айтар сөзінен тартынбайтын батылдық та бар.
3. Жайықтың ақ түлкісі аралдағы
Алдымнан сен бір қашқан маралдағы.
Формыңа төңкеріліп жайдым қанат,
Шарықта ақиықша Оралдағы.
4.Ақанның махаббат тақырыбындағы қай өлеңін алсақ та мінезіне көркі сай сұлу қыздар өз теңін тапса екен деген арман жатыр.Осы өлеңдері арқылы Ақан өз заманындағы қыздардың қиын тағдырын,заман ағымын бейнелеген.
Әншілер тобы : 1.Ақан жас кезінен ұғымтал,өте сергек болып өседі.Жасынан-ақ ән –жырға әуес болып, 16-17 жасында-ақ қолына домбырасын алып,ән салып,өлең шығара бастайды.
2.Ақан сері-сегіз қырлы,бір сырлы,ұлы талант иесі.Ақанның шығармашылық өнері-тазалықтың,әсемдіктің көрінісі.Ол жай ғана ақын емес,әнші –ақын,,өзі шығарған өлеңін өзі әнге салып,домбырада ойнап,өзі орнаған.Бұндай өнер иелері қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында біздің ұлттық өнеріміздің мақтанышы болған,сондықтан /Біржан, Ақан, Мұхит, Ыбырай, Жаяу Мұса,Естай т.б./ бұлар ақындық пен композиторлықтың жолын бастаушылары еді.
2 Ақанның әсем сазды әндері «Сырымбет», «Үш тоты», «Мақпал», «Балқадиша» қай-қайсысы болса да сұлулықты сүйген,соған табынған жанның өмірдегі бейнесі еді.
3. «Балқадиша» әнін орындау

Тұлпар тобы Құлагер -Ақан трагедиясы
1.Ақан әні кең даланы күңірентіп,сексен көлді толқытып, Есіл-Көкше аймағына тарай бастағанда Құлагерді кездестіріп,мал да борлса ,адамдай достасып кетеді.Құлагерді Көбей-Қарауыл шөкетай жылқысынан шықты деп,аузымен құс тістеген жүйріктігін айтушылар аз емес.Құлагердің туған жері Қансақты өзеніннің кең даласындағы «Қамал шоғы» деген ат жалындай ақ қайыңдар түбі екен.
2. «Құлагер ,құлыныңнан керім едің,нағашым сұрағанда беріп едің»

4. Ауылым Сырымбеттің жел жағында,
Кездесті ауыр қайғы дер шағымда.
Жер шалғай,атсыз бар деп қақсап еді-ау,
Не дермін Құлагерсіз ел алдында?... дегенін Халық алдындағы жүйріктің өліміне деген өз күйігін,өз кінәсымен қоса мойындап отыр. Құлагерді өлтірткен Батыраш,Қотыраштардың зомбылықтарынан іші қыж-қыж қайнағанда туған Ақанның «Құлагер» атты өлеңі бүкіл қазақ даласының трагедиясы
5. Ерейменнің бауыры –у да шу.Көкөзектің ар жағынан жіптіктей көтерілген жалғыз шаң жоқ болып кетеді.Жұрт жалғыз келе жатқан құлагерді іздеп даурығады. Артына 4 ат таласа-тармаса Көкөзекке түседі.Ақан бір сұмдықтың болғанын сезеді.
6. Құлагер топтан озған жүйрігім-ай
Жарасар келте жібек құйрығың –ай
Түбіне Ерейменнің айдап келіп,
Құдайдың қарай қойшы бұйрығын-ай

IY Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақ бойынша әр топ бір зат есім,бір сын есім,бір етістік ,бір түйінді сөз жазамыз
Мысалы: Тұлпар Сері
Жүйрік ,қасиетті,сезімтал Өнерлі,қайғылы
Шабады,озады,өледі Әндетеді,қуанады,қайғырады.
Құлагер-атаң тұлпар, Ер жігіт өнерімен көрікті
Шешең –сұңқар
Өнер
Сұлу, сезімтал
Өрлейді,шыңдалады,
Өнерліге өріс кең
Y.Ортаға тілшілер шақырылады Тілшілер дайындап келген сұрақтарын оқушыларға қояды. Ұтқыр жауап берген оқушы марапатталады.

YI. Үйге тапсырма : Ойтолғау жазу «Құлагер трагедиясы» «Ақан сері» романын оқу
Білімдерін бағалау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Құлагер -Ақан трагедиясы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 324 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar