Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Лексикадан өткенді қайталау -

Лексикадан өткенді қайталау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1169 | Размер: | Автор: Публикатор
. Арыс қаласы
С.Адамбеков атындағы мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әліп Күлзейнеп Әлібекқызы

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: бұрынғы өткен сабақтан алған
мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды
нақтылау, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте
берік қалдыру .
Дамытушылық: оқушылардың қазақ тілінен ойлау қабілетін
дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз
мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді қорыту және жүйелеу
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, тілдік талдау, жаттығу, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме парақша, интерактивті тақта, бағалау жетондары, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру;
II. Үй тапсырмасын сұрау
1)201-жаттығу
2) Термин сөздер туралы түсінік;
III. Жаңа сабақ
І. Сауаттылық сатысы
1.Лексика сөзі қандай ұғым береді?
2.Лексика дегеніміз не?
3.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
4.Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
5.Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не? Мысал келтір.
6.Омоним дегеніміз не? Мысал келтір
7.Синоним дегеніміз не? Мысал келтір
8.Антоним дегеніміз не? Мысал келтір
9.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
10.Көнерген сөздер дегеніміз не?
Қайталау – оқу анасы
І топ. 209-жаттығу
ІІ топ. 210-жаттығу
ІІІ топ. 211-жаттығу

Ізденген жетер мұратқа
1-тапсырма І топ
Мына сөздерге синонимдік сөздер табыңдар. Жазған сөздеріңнің басқы әріптерінен синоним деген сөз шықсын.
көркем с
жақсылық и
келбет н
епсіз о
сенім н
жасқану и
қоныс м

2-тапсырма ІІ топ
Антонимін тауып жазыңдар.
к е ң
а р а з
ж а қ с ы
а қ ы л д ы
е л г е з е к
с а л м а қ т ы

III топ. Берілген сөздерді қатыстырып омонимді сөйлемдер жазыңдар. Жаз. Арық. Түс. Жақ.
ІІІ. Білімдіден ақыл шығар
1. Мына мақал –мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар
1. Балапан ұяда не көрсе, ...........
2. Жүйелі сөз- жүйесін табар, .............
3. Ұлдың ұяты – әкеге, ............

2. Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын анықтаңдар.
р/с Тұрақты сөз тіркесі Мағынасы Сұрағы
1 Ит арқасы қиянда
2 Қас пен көздің арасында
3 Тепсе темір үзеді
4 Ас қайырды
5 Бармағын тістеді
3. Әр пәнге байланысты термин сөздерді жазыңдар
Әдебиет –
Математика-
Тарих-
География-
Қазақ тілі-
«Ой қозғау»
Сағат тілінің бағытымен
Мына дөңгелектің ішінде
әріп пен буындар жазылған
жиырма кішкене дөңгелек
орналасқан не жазылғанын
шешу үшін бірінші
дөңгелекті тауып алып,
сағат тілінің бағытымен әр
уақытта саны бірдей
дөңгелектерді тастай отырып
оқығанда, Абайдың атақты
қанатты сөзі шығады.
Сабақты қорытындылау
«Топтастыру» стратегиясы бойынша

Үй тапсырмасы
212-жаттығу
С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі

Ашық сабақ

Лексикадан өткенді қайталау
5 «Г» сынып

Пән мұғалімі: Әліп Күлзейнеп

2013-2014 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.