Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Әлем мойындаған  - Ұлт көшбасшысы» -

«Әлем мойындаған - Ұлт көшбасшысы»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1471 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. «Әлем мойындаған - Ұлт көшбасшысы»


Қазығұрт ауданы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің
тарих пәнінің мұғалімі
Тасболатова Гулима Адамбекқызы

«Мемлекетіміздің болашағы жастар, оларды білімді, Отанның патриоты етіп тәрбиелеу барлығымыздың міндетіміз».
Н.Ә.Назарбаев

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың жүргіззіп отырған саясаты бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» - десе, «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау - Президенттік те, перзенттік парызым» - деген болатын.
«Қазақ» деген сөзді естігенде, менің жүрегіме әлдебір ыстық сезім ұялап, күш-қайратым, ұлттық рухым көтерілгендей болады. Өткен ғасырлар мен тарих кезеңінде небір қиын да ауыр жағдайларды басынан өткерген. Сондай сәттерге талай рет кезіккен ол мойымады, берілмеді, қиыншылықтарға төзе білді. Қазақ халқының басынан небір ауыр шайқастар мен қантөгістер өтті. Халық аштықты да, әділетсіздікті де, сатқындықты да, өзгелердің қысымын да, талай шайқастар мен қантөгісті де көрді. Сол қиыншылықтардың арқасында төзімді де дана халыққа айналды. Міне, осы себепті мен қазақ болып туғаныма қатты қуанамын!
1 желтоқсан - Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн. Осы күні, яғни 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ шығар. Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстанның Президенті болып сайланды. Сайлауға жұрт бір кісідей қатысып, халықтың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді. Бұл жеңіс елдің Президентке деген ұлы сенімі мен жарқын болашаққа ұмтылған халықтың іс жүзіндегі нақты көрінісі еді.
Қазақстан жиырма үш жыл ішінде талай жетістіктерге жетіп қана қоймай, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруді де жоспарлап отыр. Бұл әрине, Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі. «Ел болам десең бесігіңді түзе» - дегендей Нұрсұлтан Әбішұлы өзіне үлкен жүк артып, ел тізгінін қолға алып, ел басқарды, бүгінгі күнде де халық сенімін абыроймен атқарып келеді.
Мемлекет басшысы ретінде қазақ халқының тағдыры шешілер алдында елдің басын біріктіріп, ерлік танытқан. Алайда, Нұрсұлтан Әбішұлы ел кірпішін қалауға атсалысатынын айтып, айтылған сөзді іспен дәлелдеп, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін, халықтың бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдай жасады.
Осы жылдар арасында көп жұмыс атқарылды. Ең басты жетістіктеріміздің бірі – Елбасымыздың Саммитке төрағалық етуі және біздің елімізде алғаш рет қысқы олимпиадалық ойындардың өткізілуі болды.
14 желтоқсан 2012 жылдың «Қазақстан – 2050» бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ қалыптасқан мемлекеттің жанында саяси бағытын Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдады.
Елбасымыз ұрпақтың саналы, білімді болып, болашақта өз еліне пайдасын тигізуі үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» ашты. «EXPO-2017» көрмесі де жастарды зерттеу жұмыстарына жұмылдырып, ғылым саласында еліміздің кеңінен қанат жаюына жақсы мүмкіндіктер ашады.
Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті. Сондықтан да, біз сапалы білім бере отырып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.
Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз «Тарих тоғысында» деген еңбегіңіздегі 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхаммедке берген сұхбатыңызда: «Мен Елбасы болсам да, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласына сыйынған елдің бір перзентімін», - деуіңізде де сіздің ұлылығыңыз мен көрегендігіңізді, кішіпейілділігіңізді айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің әліпбиі болып қалмақ. Мен де осы ізгілікті үйрене отырып, «Ел тәуелсіздігі» мен «ел Президентін» бөлек қарауға болмайтын ұғым екенін түсіндім. Жаңа ғасырда тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, дәуірлей берсін деген ақ тілегімді білдіремін. Мәңгі жаса, менің Қазақстаным! Мәңгі жаса, менің Елбасым!!!
Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған сізге ерекше ілтипатпен қараймын. Сіз туралы айта бергім келеді, толғай бергім келеді. Менің өмірімде сіздің орныңыз ерекше, әрі бөлек. Сіз менің пір тұтатын адамдардың бірісіз. Біздің елді басқарып тұрған сіз сияқты Елбасының бар екеніне мақтанамын. Осындай жігерлі, қайратты, дана Елбасымен мақтанғанның өзі – бақыт.
Сөзімді жинақтай келе өз болашағыма кәміл сенемін, өйткені осындай Елбасымыз дәулетті еліміз, сәулетті жеріміз бар деп ауыз толтыра айта аламын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.