Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Lesson Study-ді қолдану.Lesson Study тәсілі дегеніміз не? -

Lesson Study-ді қолдану.Lesson Study тәсілі дегеніміз не?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2473 | Размер: | Автор: гость
. Утепкалиева Маншук Жаксыгалиевна
География пәнінін мұғалімі
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Коучинг сабақ жоспары

Тақырыбы: " Lesson Study-ді қолдану.Lesson Study тәсілі дегеніміз не?
Мақсаты:
1. Lesson Study-дің мәні оқушылардың назарын оқуға шоғырландыру арқылы оқытуды дамыту және жетілдіруге арналған құрал екендігін түсіне алады.
2.Мұғалімдерге мектепті дамытуға ықпал ететін, оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study –ді ұсыну.
3.Мұғалімдер топтарының арасында тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Study–ді қалай пайдалануға болатынын ұғына алады.
Оқу нәтижесі:
Lesson Study үдерісінің маңыздылығын түсінді.
Оқуды, оқытуды және мұғалімдердің тәжірибесін дамыту мен жетілдіруге арналған құрал ретінде әріптестермен өзара ықпалдасу әдісін үйренеді.
Lesson Studyкезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінеді.
Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен танысады.

«Lesson study» әдісін өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алады.
Негізгіидеялар:

Lesson studyсыныптыты зерттеу нысандарының бірі болып табылады.

Lesson studyмұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды.

Lesson studyмұғалімдердің білімін қалыптастыру және оұыту мен оқуды жетілдіру тәсілі.
МАН. 96-бет. Үлестірмелі материалдар. Үшінші апта.
Материалдар мен құрал-жабдықтар: үлестірмеліматериалдар, бейнежазбалар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивтітақта

Өткізу барысы:
Этап Тапсырма Уақыт Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1. Коучинг ұйымдастыру. 1мин Құрметті мұғалімдер " Lesson Study-ді қолдану.Lesson Study тәсілі дегеніміз не? атты тақырыпта жүргізілетін коучингке қош келдіңіздер! Мұғалімдер қолдайды.
Сергіту сәті Қорапша ішіндегі суретке сипаттама беру. 5мин Қорапша ұсынады. Сипаттап береді.
Топқа бөлу Суреттер арқылы. 5мин Мұғалім үстеліндегі сурет пен партадағы сурет сәйкес келуі керек.
І.Коучинг барысы Таныстырылым:
Жеке жұмыс.
"Түйінді он сөз" 5мин Таныстырылым Lesson Studу . Мұғалімдер тақырып аясында ой түйеді.Әр мұғалім таныстырылымнан есте сақтаған түйінді ойды білдіретін 10 сөз жазады.
Ой қозғау Бейнесюжет. "Сила Iesson Stady".
Осы суретте нені көріп тұрсыздар?
Нені байқадыңыз? 5мин Бейнесюжет ұсынады. Бейнесюжет бойынша өз ойларымен бөліседі.
Топтарға тапсырма. 1-тапсырма:Берілген сабақ жоспарының үлгісін пайдалана отырып бөлімдерін орындаңыз?
2-тапсырма:Топтық пікірталас. Мектебіңізге қатысты төмендегі мәселелерді талқылау:
 І топ.Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар;
 ІІ топ.Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер;
Топтық тапсырма.
Lesson Study бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз? «Lesson Study бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесін» жасау.
Рефлексия .Топ мүшелеріне сұрақтар қойылып, жауап алынады?
1.Коучинг –сессия басталғанда біз қандай әрекет орындадық?
2.Осы әрекетті сыныпта қолдануғабола ма? Неге?
3. Біз қандай тәсілмен таныстық?
4.Сіз өз мектебіңізде «LessonStudy» тәсілін жүргізерме едіңіз? Неге?
5. Бірлесіп зерттеу жұмысын жүргізер әріптес бар деп ойлайсыз ба?
Кері байланыс «Плюс-Минус-Қызық»
Маған не ұнады?
Мен не үйрендім?
Не түсініксіз болды?

Өз ұсыныстарыңызды білдірсеңіздер?

10мин

5 мин

8 мин

5 мин

2 мин Lesson study-ді жоспарлау үшін арнайы сабақ жоспарының үлгісін береді.

Топ мүшелері бірлесіп сабақ шаблонын толтырып өз ойыларын айтады.
Тапсырманы топпен талқылайды.

Топтық талқылау жасап,
топтар «Lesson Study бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесін» жасайды.
Ереже постер түрінде қорғалады.

Дереккөздер Lesson study нұсқаулығы МАН, Голосарий, интернет материалдары
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.