Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әлеуметтік сақтандыру нарығы» және «Бухгалтерлік баланс пен айналым тізімдемесін құрастыру -

Әлеуметтік сақтандыру нарығы» және «Бухгалтерлік баланс пен айналым тізімдемесін құрастыру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1536 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы
Көлік жіне коммуникация колледжі» МКҚК
Арнайы пәндер оқытушысы Бекмуратова Ж.С.
Оқу-әдістемелік жоспары.

Топ: 2У-214
Күні: 15.11.15
Пән: «Бухгалтерлік есеп негіздері» және «Ақша, қаржы және несие».
Сабақтың тақырыбы: «Әлеуметтік сақтандыру нарығы» және «Бухгалтерлік баланс пен айналым тізімдемесін құрастыру»
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
- «Бухгалтерлік есеп негіздері» және «Ақша, қаржы және несие»
пәндері бойынша өтілген тақырыптарды жүйелеу.
- Студенттердің логикалық ойлау белсенділігін, ой ұшқырлығын, интеллектуалдық қабілеттерін жетілдіру.
- Студенттерді белгілі бір мақсатқа жетуге, іскерлікке, ойлауға, нақты шешім қабылдауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: «Қаржы және несие», «Ақша, қаржы және несие», «Экономика негіздері».

Көрнекілік құралдары:
1. Интерактивті тақта.
2. Айналым тізімдемесі.
3. Бухгалтерлік баланс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, жаңа сабаққа бейімдеу, назарларын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Студенттердің алдыңғы сабақтарда алған білімдерін технологиялық ұяшықтар арқылы тексеру. Ұяшықтарда 5 және 4 бағалық сұрақтар бар.
Сұрақтар тізімі:
1. Шот дегеніміз не?
2. Активті шоттың қалдығы қалай анықталады?
3. Пассивті шоттың қалдығы қалай анықталады?
4. Баланс бөлімдерін атаңыз.
5. Бухгалтерлік баланс дегеніміз не?
6. Баланста болатын өзгерістер.
7. Сақтандыру дегеніміз не?
8. Сақтандыру түрлері.
9. Сақтандырушы мен сақтанушының міндеті.
10. Сақтандырушы мен сақтанушының құқықтары.
11. Қаржы дегеніміз не?
12. Қаржылық механизм.
ІІI. Бөлімді нығайту.
Студенттерді екі командаға бөлеміз. 1 –ші команда: «Бухгалтерлер»,
2 –ші команда : «Аудиторлар».
Екі командаға бірдей 4 тапсырма беріледі.
1 тапсырма: Берілген тапсырмада анықтамалардың дәлдігін табу.
Бағалау –бухгалтерлік есеп объектілерін ақшалай түрде көрсету тәсілі.
Екі жақты жазу-шаруашылық операцияларын есепке алу тәсілі.
Сақтандыру – екі жақ негізінде міндетті төлем көлемінде, ақшалай төлем төленіп келісім шарт негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтандырушы-ҚР-ның сақтандыру заңына сәйкес сақтандыру іс-әрекеттерін жүзеге асыратын субъект.
2 тапсырма: Балансты теңестіру.
Кәсіпорында 2012 жылдың 1 қазанның құралдар мен олардың көздерінің тізімі:
1.Ғимарат-1376235 тг
2. Ғимараттың тозуы-347548 тг
3. Машиналар мен жабдықтар- 788349 тг
4. Машиналар мен жабдықтардың тозуы- 113476 тг
5.Көлік құралдары-347668 тг
6. Көлік құралдарының тозуы-89028 тг
7. Қосалқы бөлшектер-1349898 тг
8. Тауарлар-439347 тг
9. Есеп беретін сома-301028 тг
10. Кассадағы ақша қаражаты-21048 тг
11.Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты-189076 тг
12.Жабдықтаушылардың алдындағы қарыздар-346018 тг
13.Бөлінбеген табыс-331504 тг
14.Қысқа мерзімді несие-496936 тг
15. Еңбекақы бойынша қарыз-232487 тг
16.Дебиторлық қарыздар-89078 тг
17. Жарғылық капитал-3120816 тг
18. Аяқталмаған өндіріс-176086 тг
3 тапсырма: Астана қаласында «Казахинстрах» сақтандыру компаниясында 6 айға сақтандырылған Ауди 100 С4 көлігі 13 қараша 2012 жылы жол көлік апатына ұшырады. Көлік иесі қандай іс –әрекет жасауы керек.



IV. Сабақты бекіту.
4 тапсырма. Әр командадан 1 студент шығып екі пән бойынша меңгерген материалдарды қорытындылайды.

V. Үй тапсырмасы:
«Бухгалтерлік есеп негіздері» А.Ныйқанбаева, Л.Қуанышева 17-22 бет.
«Қаржы» С.Құлпыбаев 122-126 бет.

VI. Бағалау.


Бағалау кестесі

Бағалау кестесінде әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Раундтар «Бухгалтерлар» командасы «Аудиторлар» командасы
І раунд
ІІ раунд
ІІІ раунд
IV раунд
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.