Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Лингвистикалық  олимпиада жеңімпазы -

Лингвистикалық олимпиада жеңімпазы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1780 | Размер: | Автор: гость
. Лингвистикалық олимпиада жеңімпазы
Мемлекет басқарудағы экономика, ғылым, мәдениет, өнер салаларында орын алатын қабілетті жастардың зерделілік әлеуетін дайындау – білім берудің ұлттық моделін құрудағы басым бағыттардың бірі. Міне, дәл осындай бағыттарды ұстана отырып, елімізде 1998 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қызметінің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, олардың потенциалдық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жағдай жасау.
Бірнеше шет тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу, жастардың тілді меңгеруге деген ынтасын арттыра түсіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету және Қазақстанның құрама командасына оқушыларды іріктеу мақсатында Қармақшы ауданында Қызылорда облыстық «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен аудандық білім бөлімі бірлесуімен республикалық лингвистикалық олимпиаданың І аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға филология және математика саласында жоғарғы жетістіктері бар мектептердің 9-11 класс оқушылары қатысып, нәтижесінде мектебіміздің 11" Ә" сынып оқушысы Ислам Нұржан I орынды иеленді. Білгірлігімен көзге түсіп, мектебіміздің мақтанышына айналған Нұржанның осындай маңызды білім додасының биік тұғырынан көрінуіне зор үлестерін қосқан - Кайнарова Мереке, Дуйсенбаева Сауле, Тенизбаева Бериккуль сынды ұстаздарының еңбегі екенін айта кетпеу мүмкін емес. Жүлдегерімізге лингвистикалық олимпиаданың алдағы күндері Қызылорда қаласында өтетін облыстық кезеңінен де сүрінбей өтіп, тағы да жеңіспен оралуына шын жүректен тілектеспіз.

Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы,
№272 орта мектептің ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.