Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әліппе, саған мың алғыс! -

Әліппе, саған мың алғыс!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1146 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс!
Ертеңгілік мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнінен алған
білімдерін тиянақтау , өз өнерлерін ортаға
салу. Эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу,
оқу-білім алуға , достық қарым-қатынас орнатуға . тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Әліппе деген –алтын жол», «Қош , сүйікті Әліппем!» сөздері жазылған плакат , шарлар, кеспе әріптер.
Мұғалім:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар бүгін сіздер 1«А» -сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілікке келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер!
Ата-ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығады,
Барлық маман мектептен аттанады.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын халге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!
1-жүргізуші:Армысыңдар , аналар!
Бармысыңдар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңдар!
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр- әніміз.
2-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!
1-жүргізуші: Ендеше, 1-ші сынып оқушыларын қарсы алайық.
2-жүргізуші: Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достаспақ ,
Әліппемен қоштаспақ ,
Өсті білім ,бойлары
Құтты болсын тойлары.

Мұғалім: Олай болса , бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Оқушылар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!


Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.

1-жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.

1.
Жақсылықты жаттайтын 10. Жасұлан деген мен бала
Жақсы оқысам сабақты
Бәрін біліп жаттайтын, Одан артық жоқ шара.

Бегасыл жігіт мен болам. 11. Толқын деген мен едім
2. Білім іздеп ,оқу оқып терлеген.
Ай мен күні анамның 12. Сүйкімді де ақылды
Ақылдысы атамның Салмақты да сабырлы
Мен Сымбатгул боламын Шынар боламын батылды.
3.
Аққу қызбын кең маңдай 13.Сенім арттар ұстазым
Әдемімін мен қандай. Сыныптың серкесі
Жұмсағанда баратын, Сері жігіт Иса мен боламын.
4.
Айтқан тілді алатын
Мен боламын Айым.
Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегені тым тәтті
5.
Сүйкімді Торғын мен болам.
Дарасы болар даланың
6.
Манас деген баламын.
Иіліп сіздерге сәлем берген.
7.
Мен боламын Балмақбаев
Арғын деген баламын
Есепті мен шағамын.
8.
Көп оқитын, көп тоқитын
Сері жігіт Тұран боламын.
9.
Бармағынан бал тамған
Балдай тәтті мен Рысгул.

14.Мың бұралып билейтін
Сүйкімді биші Даяна

15.Салмақты да, сабырлы
Шындықпен де жүретін
Бактыбаева Шынар мен боламын.

16.Сеніп қойған ата-анам
Менің атым Нұрсұлтан
17.Көркем жазам жазуды
Жансерік болам батылды.

18.Момынмын мен ақылды
Наурызбай деп қойған атымды.

19.Сенім артар ұстазым
Сыныптың серкесі де ,еркесі
Нұрбақыт деген мен боламын.

2-жүргізуші:
Білім деген қажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Хормен: Сәлем саған мектебім.
1-жүргізуші:
Әріп біткен шығыңдар,
Орындарыңа тұрыңдар.
Бастайық қане айтысты
Жібермейік намысты.
Әріптер айтысы:
А Ә
Арым таза ақ көңіл, Бас әріпке інімін,
Адалдыққа сенемін Дауыстынын бірімін.
Абыройлы ақ ниет, Ә деген «Әліппе»-
Адамдыққа сенемін. Бастауы бар білімнің.
Ғ Е
Ғарышкері ғаламның, Жайық Еділ-екі су,
Намысты ері даламның Дұшпан тізе бүккен жер!
Із басары боламын, Жер жаннаты Жеті су,
Тоқтар сынды ағаның. Елім туын тіккен жер!
З И
Зерделі де, керек те, Инабат пен ибада,
Зиялы да, керек те, Ол тұрады басында.
Шатастырып үштікпен Күллі адамзат сыйлаған
Тек сен жер етпе! Имандылық бар онда.

Н Ф
Н дегенің- нағашым Футбол деген ойынға
Бұған болмас таласың. Барлық бала құмар-ақ.
Келгенде үйге нағашым, Бірақ жолдың бойында
Қуанады анашым. Доп тепеңдер қуалап.
Т П
Мен тиынмын,тиынмын Ата-анаңмен барып сен,
Қысқа жылы киіндім. «Пілді» көрдің парктен.
Қоймам толы жаңғаққа Осы атауларға, зер салшы,
Іші жылы үйімнің. Басталады қай әріптен.
Ү О
Үлкен - десе бірінші Оспан да өлең жаттады,
Бүйрек- десе екінші Олжас та өлең жаттады
Бұл қайсы әріп екенің Қай әріптен басталған
Біреу айтып берсінші. Екеуінің аттары ?
Д Ы
Добым, добым домалақ Кесе шыны пияла
Тоқтамайсын домалап Оларсыз шай құяма ?
Үстел үстін бүлдірдің Қасықсыз тамақ жемейміз
Тәрелкені сындырдың. Бәрінің атын не дейміз?
Г Я
Егіз десек- екінші Ақ қоян-ау, ақ –қоян,
Сегіз десек- үшінші Үркек қоян, сақ қоян.
Бұл қайсы әріп екенің Дыбыс шықса қашасың,
Өзің қарап түсінші. Белден бір-ақ асасың.
Ж
Жанбота деген мен бала
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара. Қ. Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні
Ш . Әрпін айтсақ жасырмай Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі.
Үш аша айыр басында.

1-жүргізуші: Сырлы әріптер сыр түйіп
Сабырмен саған қарайды
Сырларын білсең бас иіп
Керегіңе жарайды.
2-жүргізуші:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Хор: Әліппе.

1-жүргізуші :Балалар, айтыңдаршы, сендер тағы қандай пәндермен доссыңдар?
1. Дүниетану – табиғат ортасы. 2. Еңбек - бәрін жеңбек.
3. Шіркін сурет сабағы. 4. Шынықтырады денені
Ауылды еске салады. Дене шынықтыру сабағы.
5. Ән айтамыз көңілді 6. Өзін-өзі тану
Ұзартамыз өмірді. Ұлттық тәрбие алу.
7. Математика –ғылым анасы.
Барлық пәндер бізге керек
Бестік баға алу керек.
1-10 сандар қатары шығып санамақтар айтылады.

2-жүргізуші:

Әліппе даңғыл жол ашты
Жанадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Хор: Мұғалім ол біздің.

1-жүргізуші: Иә ,бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұнғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
Оқушылар : хормен
«Әліппе, саған мың алғыс»

2- жүргізуші:
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелерміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз.

Ойын жүргізу: сөз құрастыру ( ата- аналардан екі адам қатысады.)

1- жүргізуші:
Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсын
Бименен кешті жалғасын деп Қыздардың орындауында «Шөжелерім» биі

Әліппе – Ал достар ,бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жатғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.
Хормен : Ана тілі, ана тілі, ана тілі
Ана тілі келеді.
Ана тілі
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім- ұраным
Ана тілім- құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Хормен : Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық.
Әліппе: Балалар сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.( Күй )

1-жүргізуші:
«Ертегілер » қойылымын көрейік
Балғындарға көңіл бөлейік
Өнерге баға берейік
Бәріміз тамашалап көрейік..
Ертегі қойылымы: «Шалқан»

2-жүргізуші:
Қанаттанды мектептен ,
Әкең менен анаңда
Ғылым үшін тер төккен
Ағаң менен анаңда.
«Отан» ұлдар тобы ән орындайды.

1-жүргізуші:
Оқу білім ордасы
Білім нәрін беретін
Кең сарайдай мектебім
Сол мектепті сүйемін. деп « Қаражорға» биі мектеп ұжымдарына арналады.

Сөз кезегі мектеп басшыларына,ата-аналарға беріледі.
Мұғалім:Құрметті оқушылар! Бұл сендердің алғашқы бағаларың.Бұл бағалардың ішіндегі 4 және 5 деген бағалармен дос болып , жақсы оқып, үлгілі оқушылар болуларыңа тілектеспіз.



Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет сіздерге, ата- аналар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.