Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әліппемен қоштасу -

Әліппемен қоштасу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1311 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда қаласы №138 Абай атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамаева Мадина Тулегеновна

1. «10 санының құрамы» Математика. 1 сынып.
2. «7 санын қосу және азайту» 1 сынып.
3. «Әліппемен қоштасу» 1 сынып.

Тақырыбы: «Әліппемен қоштасу»
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Ана тілінің ғажайып, әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, өз тілін оқып-үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын – Әліппе оқулығы. Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік. Екі тоқсан бойы оқыған әліппемен қоштасатын сәт те келіп қалды. Алдарыңызда 1- сынып оқушылары әліппеден алған білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақшы. Ендеше ортаға 1-сынып оқушыларын қол соғып қарсы алайық.
( әуенмен, оқушылар кіреді.)
Мейрамбек пен Аяулым
Оқушылар зейінді
Тыңғылықты тұрақты
Дана болар білімді

Ержігіт пен Назира
Ұшқыр ойлы елгезек
Қол ұшын берер үнемі
Ойыңды ұғар, керемет

Мирас пенен Жұлдызым
Ақылды ерек ұл қызың
Жүздеріне үнемі
Күлкі үйіріліп жүреді.

Дилназ бенен Аслан
Салмақты да сабырлы
Қажет кезде әрдайым
Қасымнан менің табылды

Тұрсынай, Асылханның
Қиялында көп арман
Орындалсын бәрі
Алған беттен тайман

Асу, Дарын, Рамазан
Алғыр әрі тез шапшаң
Зерек туған балғындар
Ерек туған батырлар.

Мұғалім:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!

Жұлдыз
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достастық
Әліппемен қоштастық
Өсті міне ойымыз
Құтты болсын тойымыз

Аяулым
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ болып бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз ұстаздар ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға
-Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр, ең алғаш мектеп келіп, 42 әріпті түгел танып, оқу, жазудыүйрендікдер? Бұның бәрін сендер қандай кітаптан үйрендіңдер?
-Әліппе
Дұрыс, балалар ендеше ортаға Әліппе оқулығымызды шқырайық.
(Әліппе келеді)
-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Әліппе: Қазақ тілінде қанша әріп бар?
Барлығы: 42 әріп бар.
Әліппе: Ал әріптер қайдасыңдар, сапқа тұрыңдар!
- Дауыстылар!
- Мұндамыз!
- Дауыссыздар!
- Мұндамыз!

( оқушылар әріптерге байланысты тақпақтарын айтады. )
-Онда әріптеріміз не туралы айтады екен тыңдалық!
Жұлдыз, Аяудым, Назира

Ержігіт «Т»
Торғай, торғай, торғайсың.
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.

Рамазан «Н»
Намыс төрге көтерер,
Намыс өрге жетелер...
Намыс- қару найзадай,
Намыс- жалын, найзағай...
Асу «П»
П дегенде парасат
Жақсылардан шарапат
Еңбекқор бол перзентім
Несібеңді адал тап

Мейрамбек «с»
С дегенім спорт
Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс.


Аслан «Р»
Рахым жасап, сырласқан,
Рақымшыл ақ бар адам:
Рақым етіп, сыйласаң,
Разы болар әр адам.

Асылхан «Ш»
Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз
Шаршы топ алдында
Шығарып мақтаймыз.

Дилназ «У»
Уақыт қарап тұрмайды,
Уайым ойды ұрлайды:
Уақшыл болмай, іс қылсаң,
Уақыт бірге зырлайды.
Дарын «О»
Отан-жерім, Отан-суым
Отан-қуат, нәр береді
Отан-ұран, Отан-туым
Отан-мәңгі гүлденеді

Мирас «И»
Е дегенде ертегі
Бізге сырын шертеді
Еңбек, есті, ерлікті
Үлгі қылып ертеді,

Тұрсынай
Іл-іл імешек
Ірі шарды үрлесек
Ренжиді інілер
І дыбысын білмесек

Барлығы: Әріптердің сыры бар,
Алфавитті біліп ал!
Әліппе: Жарайсыңдар, балалар! Қазақ тілі -өте бай тіл. Ата-бабадан балаларға жеткен баға жетпес байлық, асыл қазына.Мені оқығанда оны түсінген шығарсыңдар?
(музыкамен залға екі пират кіреді )
1-пират: Естідің бе, мына кітапта қазына, байлық бар екен!
2-пират: Тезірек алып қашайық! Іші толған алтын, ақша шығар! Бұл нағыз байлық!
(екеуі залды айналып ,Әліппені қоршап алады. Қолындағы сандығын ашады)
1-пират: Мынау не? Әріптер, суреттер?! Байлық қайда?
2-пират: Қазынаны қайда тықтың?
Әліппе ( басын шайқап): Сендер ақшаны, алтынды байлық деп санайсыңдар. Ол дұрыс емес. Нағыз байлық, қазына – ол кітап, оның ішіндегі мақал-мәтелдер, нақыл, дана сөздер, ертегі, аңыздар. Егер сендер мына оқушыларды тыңдасаңдар бәрін де өздерің түсінесіңдер.
Кәне, балалар, менен қандай мақалдарды үйрендіңдер?
1 – оқушы: Оқу-инемен құдық қазғандай.
2 – оқушы: Өнерлі бала сүйкімді.
4 – оқушы: Ана тіліңді ұмытқаның,
Өз тіліңді құртқаның.
5 – оқушы: Ана тілің – қазынаң.
6 – оқушы: Отан – алтын бесік.

Әліппе: Қандай санамақ білесіңдер?
Жұлдыз, Ержігіт
Пираттар: Балалар, біз бәрін түсіндік! Біз де кітап оқып, көп нәрсені білгіміз келеді. Сонда біз өте бай боламыз.Тезірек кітапханаға барайық! Балалар сендердің кітапханаларың қайда?(шығып кетеді )

Мұғалім: “Әліппеден” біз көп нәрсені оқып, білдік, үйрендік.Әліппе, балалар саған ризашылығын өлең шумақтарымен жеткізем дейді. Ендеше құрметті Әліппе келесі өлең шумақтары өзіңе арналады.

Енді біз оқи аламыз
Әріпті қосып әріпке
Риза болып саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе

әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет
Мынау менің әліппем
Көгілдір тудың түсіндей
Ақылшы жақын досымдай
Қымбатты маған анамдай

Ол не деген сұраққа
Бұл не деген сұраққа
Жауап табу үшін мен
Үйрендім сенен әліппем

Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдай алтыннан
Әліппе білім бесігі

Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе

Үйретті бізді әліппе
42 әріпке
Сөз сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық әріпке

қош бол құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің

Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

Құрметті Әліппе сізге арнап Назираның орындауындағы «Мектебім» әінін қабыл алыңыз.
Әліппе қоштасады, Қош бол, құтты Әліппе!

Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
-Рахмет, ұстаз алғашқы!

Әліппемен қош айтыссақ, оның білімін жалғастыратын Ана тілі кітабын қарсы алайық!
Барлығы: Қош келдің Ана тілі!
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме балалар
туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Балалар енді бұдан былай мені оқып, менен білім аласыңдар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер!
Оқушылар: Бар әлемде анаға,
Басымызды иеміз.
Бабалардың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін, ана тілін, ана тілін сүйеміз!

-Ал, балалар, тұрмайық ары қарай ертеңгілігімізді жалғастырайық. Ортаға өнерлі балаларды шақырайық. Қара жорға биі қарсы алыңыздар!

Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып
Сипадың да басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді

Дәнекер боп дамыл таппай арада
Әліппені ұялатқан санаға
Ұстазымыз сізге алғыс айтамыз
Үйретуден жалықпаған балаға
Аяулым
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің, мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да
Оқытты ұстаз анамыз
Өсті білім санамыз
Білімді болып өсетін
Біз бақытты баламыз

Бойымызда бұла күш
Еркін өскен ұланбыз
Оқу білім үйреткен
Ұстаздарға мың алғыс

Әріп танытып, оқу-білімнің терең сырына жетелеген ұстаздар қауымы, сіздерге шәкірттер өз алғыстарын білдіреді. Ендеше Назираның орындауында «Домбыраның күмбірі» атты әнді қабыл алыңыздар!

Асу анама
Дилназ «Мен ауылға барамын»

Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі жазып оқитын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын!
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын! дей келе бүгінгі ертеңгілімізді аяқтаймыз! Сөз кезегін мектебіміздің директоры Гүлмира мұғалімге береміз. Ата-анаға сөз бер

Ана тілі: Рахмет, балалар.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтай келе, оқушыларға айтарым:
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар!

Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: 7 санын қосу және азайту тәсілдері бойынша түсінік беру. Оқушының логикалық ойын дамытуға мүмкіндік жасау, қосу, азайту дағдыларын жетілдіру. Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Типі: аралас
Түрі: жаңа
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын,жұмбақ
Көрнекілігі: «Бәйге» ойыны, кестелер, суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау
«Бәйге» ойыны. Магнитті тақтадан жылжымалы аттарды қоямын.
Үш қатарға үш атты белгілеп, жарысқа түсіремін.Қай қатардың оқушылары алғырлық көрсетсе, сол аттары ерге жылжып отырады да «Бәйге» ойынының жеңімпазы болады.
1-қатар 2-қатар 3-қатар
5+2= 10-3= 1+6=
9-2= 4+3= 8-1=

3.Жаңа сабақ
-Балалар, не байқадыңдар? Қосынды мен айырманың мәндері 7-ге тең
Олай болса, бүгін біз санға 7-ні қосу және сонан 7-ні азайту тәсілдерін өтеміз.
Балалар, біздің сыныпқа цирк келіпті.Циркке билет алуымыз керек. Енді циркті тамашалайық.
Циркте жұрт самсаған
Мәз болса деп жар салам
Ду күлдірсем оларды
Қуанамын мен соған,-деп әліппе оқулығында тақпақтаған кім еді? (Сайқымазақ)
Осы кезде цирк аренасына балалардың күлдіргі кейіпкерлерін ортаға шақыру.

1.Сайқымазақтың тапсырмасы:
Санға 7-ні қосу және азайту тәсілдерін балаларға үйретіңіз деп маған тапсырманы беріпті.
+7= -7= 7+ =
+7= -7= 7+ =
+7= -7= 7+ =
-Балалар, кестеге назар аударайық.
-Ненің мәнін таптық?(қосындының)
-Мәндерін ата-8,9,10
-Қанша өрнек құруға болады?(3 өрнек)
2,7 санын көркемдеп жазу.Кестені жазу.

Сергіту сәті.
1,2,3,4,5,6,7 орныңнан тұр
7,6,5,4,3,2,1 орныңа отыр

Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан (Піл)
2.Пілдің тапсырмасы:
«Кім тапқыр?»ойыны.
1.Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз,
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
Қолыңмен тиме,
Үсті толған ине.(Кірпі)

3.Кірпінің тапсырмасы:
Тәрелкеде-2
Сауытта-?
Ш:6-2=4
Жауабы:4 кәмпит бар

4.Қоянның тапсырмасы:
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады(қоян)
3+7= 9-9= 5-0=
10-0= 2+7= 9-8=
3+6= 9-7= 2+7=
10-5= 8+0= 1+6=
Қоян саққұлақ болңандықтан, сендердің жауптарыңды естіп, қуанып қалды.Міне,біз, бүгін 7 санын қосу мен азайтуды үйрендік, 7-нің қасиетті сан екенін де білеміз.Жеті күн, жеті ата, жеті қазына.

-Жеті күнді кім атап бере алады?(Дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)
-Жеті күнді былай да бөлуге болады:бүгін,ертең, бүрсігүні,арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына.
-Жеті атаны кім атап береді?(ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене)
-Жеті қазынаны кім атап береді?
1.Ер жігіт
2.Сұлу әйел
3.Ақыл,білім
4.Жүйрік ат
5.Қыран бүркіт
6.Берен мылтық
7.Жүйрік тазы
Адамға серік,
Күзетке берік(Ит)

5.Иттің тапсырмасы:
Неше
Мысықта -3 дөңгелек
-8үшбұрыш
-6сәуле
Балапанда -3 дөңгелек
-6үшбұрыш
-0сәуле

4.Сабақты қорыту.
Ойын «Жауабын тап»
1+7 9 10-7 2
2+7 10 9-7 3
3+7 8 8-7 1
5.Бағалау. Фишкалармен бағаланады.

5 4 3

6.Үйге тапсырма
7санын қосу, азайту кестесін жаттау.

Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: а) 10 санының құрамымен оқушыларды таныстыру.
Мәні 10-ға тең қосындылармен және 10 санынан
басқа сандарды азайтумен айырмалар құру біліміне
машықтандыру
ә) Математика пәніне деген сүйіспеншілік сезімдерін
ояту, зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Оқушыларды ұқыптылыққа, тез ойлауға,
достарына қайырымды болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

1. Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге.

2. Өткен сабақты пысықтау
І топ Тура санау (1-10)
ІІ топ Кері санау (10-1)
ІІІ топ Арифметикалық таңбаларды қайталау (+,-,=, >,<)

3. Кеше біз қандай санмен таныстық? (10)
(тақпақтарын айтқызу)

4. а) сандарды көрсетіп тұрып 8-ден кейін тікелей қандай сан келеді? 9-дан, 5-тен кейін
ә) 4 және 5 сандарының арасында қандай сан тұр?
б) 9,8,7 сандарының құрамын ажырату.

5. Ой қозғау
а) балалар көзімізді жұмайықшы.
ә) енді көз алдымызға ғарышты елестетіп көрейік.
б) не көрдіңдер, көз алдарыңа не елестеді, ойларыңа не келді?
в) әрине, аспан, ғарыш кемесі, жұлдыздар көз алдымызға келетіні белгілі.

6. Жаңа сабақ.
- Балалар бүгін біз «ғарышқа саяхатқа барамыз». Онда бізді әр түрлі қызықты істер күтіп тұр. Сендер мысалдар орындайсыңдар және 10 санының құрамымен танысатын боламыз. Тапсырмаларды орындай алмасақ, біз бүгінгі алға қойған мақсатымызға жете алмаймыз. Ғарыштан өз тобымызға берілген қорапшаларымызды жұлдызшаларға толтырып қайтуымыз керек. Сондықтан мен сендерді тапсырмаларды орындай алатын, ақылды балалар, білімді болады деп сенемін.

7. Саяхатқа бару үшін бізге зымыран керек. Олай болса әр топ өзінің «зымыранын» құрастыру крек. Ал қазір дайын тұрған геометриялық пішіндерден «зымыран» құрастырайық.

8. Балалар «зымыран» құрастырады.
Бірінші болған топқа жұлдызша беріледі.

9. «Зымыран» дайын болса ғарышқа ұшу үшін бірінші тапсырманы орындауымыз керек. (Жаңа сабақ)
- Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
- Құстардың көбі жылы жаққа ұшып кетті. Кейбір қыстап қалған құстар бар. Олар: қарға, сауысқан, суық торғай.
- Қандай торғайларды көбірек көресіңдер? (суық торғай)
- Оларға қыста тамақ тауып жеу қиын, сондықтан жемшашар жасаймыз.
- Алдарыңдағы 9 жемшашарда неше суық торғай қонып отыр?
- Неше суық торғай ұшып келе жатыр?
- Барлығы неше торғай болды? (10)
- Оны қалай шығарып алдыңдар? (9+1) қостық
- Енді өздерің ойлаңдар, 10 санын тағы қандай сандардың көмегімен шығарып алуға болады? (8+2, 9+1, 6+4, 7+3, 5+5)
- Әр топ жауап береді.

10. Оқулықпен жұмыс
- Ғарыш әлеміне қону үшін оқулықтағы тапсырмаларды орындаймыз.
- №1 тапсырма.
- Ойыншықтарды екі қорапқа салудың әр түрлі әдістерін көрсету. Бос әйнекшелерге сандар қою.

11. Сонымен біз ғарышқа қондық.

12. Сергіту сәті.
1,2,3 қарлығаш боп ұш.
4,5,6 қарлығаш боп қалқы.
7,8,9,10 қарлығаш боп қон.

13. Дәптермен жұмыс.
№1, №2

14. Жерге қонуға дайындаламыз (жапсыру).
- Қызыл жұлдызшаны ақ қағаздың дәл ортасына жапсыру.
- Жасыл үшбұрышты оң жағына орналастыру
- Көк үшбұрышты сол жағына жапсыру.
- Астыңғы оң бұрышқа сары төртбұрышты жапсыру.
- Қызыл жұлдызшаның үстіне сары дөңгелекті жапсыру.

15. Көзімізді жұмып жерге қонуға дайындаламыз.

16. Алған жұлдыздарымызды санаймыз.

17. Ең жақсы экипажды анықтаймыз.
Сабақты бекіту,қорытынды.

Сонымен:
1 дегенім – Қазақстан халықтарының бірлігі.
2 дегенім – Желтоқсан құрбандарының ерлігі.
3 дегенім – Ауылым туған жерім – Ұштаған.
4 дегенім – Батырлар алып берген кеңе далам.
5 дегенім – Жарқылдап ойнап күлген балалар.
6 дегенім – Адал да мейірімді аналар.
7 дегенім – Атырау, Алматыдай бай қалам.
8 дегенім – Президент, халқымыз қолдап сайлаған.
9 дегенім – Елтаңба, Әнұран мен Туымыз
10 дегенім – Оң болсын бейбітшілік жолымыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.