Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек»  –мәңгілік  махаббат  жыры  (қорытынды  сабақ) -

Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» –мәңгілік махаббат жыры (қорытынды сабақ)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1578 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы 9-сынып. Қазақ әдебиеті.
Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» –мәңгілік махаббат жыры (қорытынды сабақ)
Мақсаты 1.Тақырыпты терең талдау, идеясын жан – жақты айқындау.
2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортағ а салуға, талдай білу дағдыларын қалыптастыру. 3. Әдептілікті, әсемдікті, махаббат, достық сезімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Жалпы мақсат 1. Жыр кейіпкерлерінің жақсы қасиеттерінен үлгі ала отырып ұлттық рухты бойларына сіңіру, салт – дәстүрлерді қастерлей білуге баулу.
2. Сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже -Оқушылар жыр кейіпкерлері, оның ішінде Жібек, Төлеген бейнелері арқылы адамгершілікті, достық пен махаббатты, салт-дәстүрлерімізді, туған жерді сүюді үйренеді.
-Өзіндік пікірлерін ортаға салуға дағдыланады, талдай білу дағдылары қалыптасады.
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Миға шабуыл,» Ассоциация, Кім шапшаң, Миға шабуыл, ой толғау, Блум таксаномиясы т.б.
Ресурстар Флипчарт, маркерлер, тақырыптық суреттер, интерактивті тақта, стикерлер, ноутбук, аудиожазба т.б.

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг
2 минут «Өзін-өзі сендіру формуласы» тренингін өткізу: - Мен толығымен өзімді бақылаймын. Мен өз жолымдағы қиындықтарды көріп тұрмын және мен оларды жеке өсуімнің мүмкіндіктері деп қабылдаймын; - Менің өзіме деген сенімділігім күн сайын артуда; - Менің өз мақсаттарыма қол жеткізуге жағдайым бар және мен қол жеткіземін; - Мен өзімді бақытты, дені сау және сәтті оқушы ретінде елестетемін; - Мен өзімді қалай елестетсем, сондай боламын; - Мен сабырлымын және өзіме өзім сенімдімін.

2.Төрт топқа суыру арқылы «Мәңгі махаббат», «Ақ тілек», «Түпкі ниет», «Ізгі көмек» деген аттар қойылады. -Түрлі түсті қағаздарды алып сол бойынша топ құрып орындарына отырады.
-Сыныптағы сабаққа ынтасы төмен, белсенді қатыспайтын оқушылардың бірі бүгінгі сабақта ұпай сандарын есептеп отыру, топ жауаптарының дұрыс-бұрыстығын жариялап отыру үшін сарапшы болып сайланады.
-Әр топқа осы сабақтағы бағалау ерекшеліктері туралы түсінік беріледі.
-Әр топқа қызыл, жасыл, сары түсті кеспе қағаздар таратылады.
-Оқушылар әр кезеңдегі тапсырмаларды орындап болған соң, өздеріне тиісті бағаларын алып отырады.
-Топ басшыларына бағалау кестесі беріледі, ол әр кезең сайын өз тобын-дағы оқушыларды бағалап отырады.
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Ой қозғау
Жаңа тақырыпқа бастау Топ аттарының неліктен олай қойылғандығына назар аудартады. Топтар жыр мазмұнына байланысты өз топтарының аттарына түсінік береді.
Білім
«Миға шабуыл»
«Жыр туралы білгенім» Жыр мазмұны бойынша әр топқа
3 сұрақтан қойылады. Әр топ жеке- жеке жауап береді, әр дұрыс жауап мадақтау смайликтерімен бір ұпай болып бағаланады.
Түсіну

-Жыр неге «Қыз Жібек» деп аталған,өзге лиро –эпостық жырлар сияқты қос ғашық неге қатар аталмайды? 1.Топта талқылайды,талдайды, қорғайды, жауап береді.
2.Қыз Жібектің сипатын топ болып хормен жатқа оқиды.
Қолдану

Төрт топқа жыр ішінен өз топтарының аттарына сәйкес келетін кейіпкерлерді тауып жазу тапсырылады.
«Біз кейіпкерлерден не үйрендік?» Әр топ постерде өз кейіпкерлерінің бойынан үлгі ретінде алған немесе жиренген қасиеттерді атап жазады.
Талдау

Жұптық
жұмыс

Сұрақ-жауап арқылы әр жұпты диалогқа түсіру.
Әр жұпқа жеке талдау сұрақтары беріледі.
-Қалай ойлайсыңдар, Төлегеннің неге жолы болмады, Қыз Жібектің алғашқы махаббаты неге сәтсіз болды?
-Төлегеннің әкесін тыңдамай кетуі
дұрыс па?
-Батаның адам өміріне әсері бар ма?
- Жібектің Сансызбайға қосылуы дұрыс па?

Әр жұп сыни тұрғыдан өз ойларын ортаға сала отырып, нақты дәлелдермен жауап береді.

Жинақтау
Тақырыпты жинақтау Постермен тақырыпты жинақтау, қорғау
Халық әні «Әгугай» жіберіледі. Ән аяқталғанша
«Қыз Жібек» -мәңгілік махаббат жыры» тақырыбында тақырыпты жинақтау.
Постер арқылы тақырыптарын қорғату. Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады, бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды.
Рефлексия
«Махаббат мәңгілік болу үшін бізде қандай қасиеттер болуы қажет?» сұрағы бойынша қорытынды тапсырмаға түсінік беріледі. Тақтада ілінген үлкен жүрекке оқушылар өздері қажет деп тапқан қасиеттерді стикерге жазып апарып іледі.
Бағалау Өзін-өзі бағалау Топтар жинаған смайликтерінің санына қарай бағаланады.
Үйге тапсырма «Өмір махаббаттан құралған»
ойтолғау жазу. Бір –біріне қол соғып қошемет көрсету.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.