Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Литосфералық плиталар (тақталар) теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер рельефі (жер бедері) -

Литосфералық плиталар (тақталар) теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер рельефі (жер бедері)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2694 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Сабақтың тақырыбы : Литосфералық плиталар (тақталар) теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер рельефі (жер бедері)

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты:Оқушылардың литосфера қабаттары жайында толық ұғымын білуге., қорытынды жасауға дағдыландыру,топтық жұмыстағы ережелерді орындауға бейімдеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардыңлитосфер ұғымы жайында түсініп,топтық жұмысқа бейімделеді.

Түйінді идеясы: Географияның басты құралы карта.

Сабақтың әдіс-тәсілдер,жұмыс түрі:Мағынаны таны,Ойлан ,бірік,бөліс,топтық жұмыс

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы,карта т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,дескрипторлар арқылы бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп,литосфералық плиталар атауы бойынша топқа бөледі, бармақ арқылы көңіл-күйін біледі,коментарий алады.

2. Үй тапсырмасын Ол не деп сұрама? сөздертізбегі арқылы сұрайды

1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. Топтағы міндеттерін бөліседі.

2. Тақтадағы терминдерге,жаңа сөздерге жауап береді,бармақ арқылы бағалайды.

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын литосфера өлең жолы арқылы анықтайды  мен мағынасын оқушылармен бірге айқындайды.  

Мантия, ядро, жер қыртысынан құралдым

Өмір бойы керегіңе жете алдым

Литосфералық тақталардың картасы

Венегердің көрегендігімен ашылдым

Бөлініп тұрған үш түрге тау жынысын

Қыртысымда сен олармен кездесесің

Артық болмас қойным толы байлық десем

 Ғарыштағы ракетада, ұшақтан

Қолтаңбамды табасың сен іздесең.

Литосферамын – жердің қатты қабаты

жер бетінің минералды әр тасы

Сан құрылыстың мен сәулеті, негізі

Қаланады менен ғана ойланшы.

2 Мәтінмен таныстырып,сұрақтарға жауап береді

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өлеі жолдарының мағынасын талдайды, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады.

2 Оқушылар мәтінмен танысып,сұрақтар қояды.

 Негізгі    

 бөлім

 

"Ойлан,бірік,бөліс" жеке ойланады,топпен талқылайды,сыныпта бөліседі топтық жұмыс орындатады,мұғалім толықтырып отырады.

 

1 топ Кітаптағы 12-13 -14 суреттер бойынша түсіндірме жүргізеді.

2 топ .15-16 суреттер бойынша түсіндірме жүргізеді

3 топ 18-19-20-21 суреттер бойынша түсіндірме жүргізеді

Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

Бармақ арқылы топтардың өзара бағалауы.

Қорытынды

 Мұғалім сабақты қорытындылайды.

 Үйге тапсырма береді :Өтілген тақырыпты оқуға және қосымшадағы 4,5 кестені сипаттау сабаққа аз араласқан оқушыларға реферат немесе таныстырылым дайындауға тапсырма беріледі.

 

Оқушылар тапсырманы алады

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.