Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет. -

Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1953 | Размер: | Автор: гость
. 2-сынып
Тақырыбы: Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет.
Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- Сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: дәптер, оқулық, сөзжұмбақ, суреттер, үнтаспа, гүл, жүрекше.
Шаттық шеңбері.
Оқушылар шаттық шеңберін жасап, барлығы бірге, жамандықтан жиренуді ұғындыру және жақсылықтан үйрену мақсатында мына өлең жолды барлығы бірге айтады.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Оқушылар бір-біріне жылы тілектерін, лебіздерін білдірді. Оқушыларды екі топқа бөлдік.
Әңгімелесу.
Оқушыларға сұрақтар беріледі, өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым-қатынас жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіреді.
1. Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
2. Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
3. Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?

Мәтінмен жұмыс.
«Үш дос» М.Төрежанов.
Оушылар мәтінді кезекпен оқып шығып, түсініктерін айтып, сұрақтарға жауап береді. Әңгімені оқып, талдау барысында адамның әр ісінде, жүріс-тұрысын да сыйластық қажет екенін ұғындырады.

Ойын - жаттығу. «Құрмет – ізет».
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кішісі) суреті салынған плакат ілінеді. Қағаздан жасалған жапырақтар таратылып беріледі. Жапырақтың артқы бетіне құрмет, ізетті білдіретін сөздер жазылады.
Үлкен айтатын сөз болса – «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөз болса – «кіші ағашқа» іледі.
Ойын – жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижелерін қорытындылаймыз.
-Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді. Оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, оны «Ізет» ағашы деп атайық.

Сөзжұмбақ шешеміз.
1. Кешіріңіз.
2. Сыпайы бол.
3. Жол бер.
4. Отырыңыз.

Жаңа ақпарат.
«Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық, достыққа әкеледі».
Өмірде адамдар бір-бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіреді.

Суретпен жұмыс жүргізу. Оқушылар сурет бойынша, өз ойларын әңгімелеп айтып береді, бүгінгі өтілген тақырыпқа байланысты.

Сергіту сәті.
Үнтаспадан «Айгөлек» әнін барлығы бірге орындайды.

Дәптермен жұмыс.
Сабақта айтылған ойларды оқушылардың түсінгенін білу мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады.

Жүректен жүрекке.
Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі өлең жолдарын бірге айтады.
Құрметтеп ата – анамды,
Ардақтап әпке, ағамды.
Қамқор боп сіңлі – ініме,
Сыйлымын үлкен – кішіге.

Оқушылар бір-біріне жүрекше беру арқылы, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.