Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару -

Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1331 | Размер: | Автор: гость
. Тастыбай Майя Айтбекқызы,
Қ. Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебінде мұғалімі.
Бәйдібек ауданы
Сабақ тақырыбы: Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару

Алгебра . 11 сынып
Сабақ тақырыбы Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару

Жалпы мақсат Логарифмдік теңдеулерді есептер шығарту арқылы меңгерту.

Сілтеме 11 сыныпқа арналған алгебра оқулығы

Оқушылар үшін оқу нәтижелері Топтық жұмыста шапшаңдыққа үйренуі, ынтымақтаса жұмыс жасау, оқу үдерісінен оқушылардың қалыс қалмауы
Сабақта қолданылатын материалдар Үлестірме қағаздар,стикерлер, плакаттар
Оқыту әдістері 1.«БЖӘ»бастама-жауап-кейінгі әрекет
2.АКТ
3.Жеке, жұптық, топтық жұмыс
4.СТО
5.Блум

Дерек көздері 1.Оқулық
2.Математика оқыту әдістемесі
Тапсырмалар Адасқан формула
Жеке тапсырмалар
Жұптық,топтық тапсырмалар
Оқулықпен жұмыс № 274, 278, 279



Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Іс-әрекет түрлері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Окушыларға психологиялық ахуал туғызу
(2мин) Оқушыларға базарлық етіп конфеттер тарату(2 түрлі), конфет түрлері арқылы 2 топқа бөлу Конфеттерді алады, көңілдері көтеріліп, содан соң 2 топқа бөлінеді
Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
(3мин) Сұрақ қою.БЖӘ.

№ 273 тексеру Сұрақтарға жауап беру

№ 273 тексертеді

Сабақтың барысы
(36 мин)

1.Білу(2мин)

2.Түсіну(3мин)

3.Қолдану(15мин)

4.Сергіту(1мин)
5.Талдау(10мин)

6.Жинақтау(5мин)

Сабағымды «Балалық шақтан болашаққа саяхат» жасау арқылы өткіземін.Сабақ жоспары:


1. Ата-ана тәрбиесі(адасқан формула)
2. Мектептен тәрбие, білім алу(жеке, жұптық жұмыс)
3. ҰБТ(оқулықпен жұмыс)
4. Сергіту(тілек жазу)
5. Таңдаған маман иесі атану(топтық жұмыс,постер)
6. Қорытынды


1.Формулалардың орындары ауысып кеткен,әр топтан оқушылар шығып қатесін жөндейді.
2.Таратпаларға теңдеулер жазылған әр оқушы тапсырмаларын орындайды, болған соң жұптасып бір-бірінің есептерін тексереді.
3.Оқулықтағы №274;278;279есептерді шығару
4.Тілек жазып, оқып береді
5.Тақырыпқа байланысты постер жасайды(оқушылар лог.теңдеуді үй құрылысы-
на теңеу арқылы жасады )
6.Постер тапсырмасын қорғайды

Оқулықпен жұмыс жасау

№ 274, 278, 279 есептер № 274, 278, 279 есептерді шығарады

3.Үйге тапсырма
(1мин Сыныпта шығарған есептердің екеуін үйге беру
Үй тапсырмасын алады

4.Рефлексия, кері байланыс
(1мин)
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, білімдерін,ұсыныстарын жазғызу Сабақтан алған әсерлерін,ұсыныстарын жазады
5.Бағалау
(2мин)

1.Алтын,күміс,қола деп жазып қойып оқушыларға бүгінгі сабақтан өздерінің алған білімдерін осы металдың біреуімен бағалату(сын тұрғысынан ойлау)
2.Топты әрбір тапсырманы дұрыс орындағандарына қарай стикерлер беру

Өздерін бағалайды.(құндылығына немесе өткізгіштігіне байланысты)



Нәтиже
1.Психологиялық тренинг арқылы жағымды көңіл-күй қалыптасты

2.Сын тұрғысынан ойлау арқылы топқа бөлінуді үйренді

3.Өзара бағалауды, рефлексия жасауды үйренді
4.Топта әр адамның пікірі құнды принципімен жұмыс жасады, топтық жұмыстың артықшылығын білді.
5.Логарифмдік теңдеуді шешуді меңгерді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.