Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлпа қарлары (Сан мен санау) -

Ұлпа қарлары (Сан мен санау)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2434 | Размер: | Автор: гость
. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 25.11.2015ж
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Ұлпа қарлары (Сан мен санау)
Мақсаты:
• 4 саны және таңбасымен таныстыру; заттарды өзара көлеміне қарай сәйкестендіруге және сөйлем құрылымында үлкен, кішірек,кішкентай сөздерін пайдалануға үйрету; қыс мезгілінің белгісін ажыратуға, сабақ мақсатын түсінуге және тапсырмаларды дербес орындауға үйрету;
• әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу;
• математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: қыс мезгілінің, аққалалардың суреті, ыдысқа салынған қар.
Билингвалды компонент: қыс – зима, аққала – снеговик, қар – снег.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Жұмбақ шешеміз
Мені өсірген жоқ,
Мүсіндеді қардан.
Көздерім менің көмірден,
Қолдарым менің бұтақтан.
(Аққала)
Аққаланың өздеріне қонаққа келгенін айтады.
Не әкелгенін табу үшін жұмбақ жасырады.

Жұмбақ шешеміз
Аппақ, суық, үлпілдек,
Жалт-жұлт етеді.
Ұстасаң еріп кетеді,
Ол не?
(Ұлпа қарлар)
Аққаланың әртүрлі ұлпа қарлар әкелгенін, бірақ оның уақыт мезгілін айыра алмайтынын айтып, көмектесуді ұсынады.

Ойланып, жұмбақты шешеді.

Аққаланы қызықтайды.

Жұмбақты шешеді.


Ұйымдастыру- іздестіру Жаңа тақырып
Балаларға сұрақтар қояды:
-Кеше не істедіңдер?
-Ал бүгін не істедіңдер?
-Ертең не істейсіңдер?

Суретпен жұмыс
Балаларға сурет көрсетіп, әңгімелейді:
«Кеше көп қар түсті, ал бүгін балалар үлкен сырғанақ құрастырды және су құйды. Ертең сырғанақ қатады, балалар шанамен сырғанайды

«Не болды, не өзгерді?» дидактикалық ойыны
Сурет бойынша сұрақтар қояды:
-Қар қашан түседі?
-Балалар қашан шанамен сырғанайды? т.б.

Сұрақтарға жауап береді.

Суретке қарап, тәрбие-шінің әңгімесін тыңдайды.

Тәрбиешіні тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру- іздестіру
«Аққаланың шелегін тап» ойыны
Заттарды өзара көлеміне қарай сәйкестендіруді және «үлкен, кішірек, кішкентай» сөздерін пай-даланып, сөйлемдер айтуды ұсынады. Сұрақтар қояды.
-Неше шелек? Неше аққала? т.б.

«Санды тап» дидактикалық ойыны
4 санының таңбасымен таныстырады. Өлең оқып, қимылдармен көрсетеді.
4 саны қызықтырады,
Бүгілген шынтағын.
Ешқашан жазбайды.

Үш пен бірің төрт екен,
Төртеу санның көркі екен.
Төрт аяқты жануар,
Үстел, төсек тағы бар.
Төрт аяқпен нық тұрар,
Төрт бірлікті ұқтырар.

Дәптермен жұмыс
Суретке қарап, 4 санының таңбасын нүктелер арқылы сыздырады, үлгі бойынша жаздырады.

«Ойлан, жаз» дидактикалық ойыны
Балаларға оң жақта қандай сан жазылып тұр-са, әр тіктөртбұрыштың ішіне сонша ұлпа қар-ларды салу керектігін түсіндіреді. Сұрақтар қояды:
-Қанша ұлпа қар салдыңдар?
-Неге төрт болды?
Аппақ қылып өңірді,
Қар жауды! Қар жауды!
Көңілді балалар,
Қызығып секірді.

«Кім зейінді?» дидактикалық ойыны
Ұқсас аққалалардың айырмашылығын табуға, қанша айырмашылық тапса, сонша дөңгелек бояуға тапсырма береді.

Аққалалар мен оның шелек-терін санайды, сәйкестенді-реді.

Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды:
алақандарын ашады;
қолдарын сермейді;
қолдарын шапалақтайды;
орындарында тұрып секіре-ді.



4 санының таңбасын нүкте-лер арқылы сызып, жазады.

Табиғатқа сәйкес сурет са-лады.

Айырмашылығын табады.

Рефлексивті- түзетушілік Қорыту
Балаларға «Сен өзіңді не үшін мақтайсың?» сұ-рағын қойып, жауаптарын тыңдайды.
Сабақта нені жақсы жаса-ғандарын айтады.
Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек 4 санын және таңбасын танып, дұрыс санауды.
Нені игереді қыс мезгілінің белгісін ажыратуды.
Нені біледі сөйлеу барысында «үлкен, кішірек, кішкентай» сөздерін пайдалануды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.